Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет34/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Морфологиясы. 
Сапрофитті 
және 
патогенді 
стрептококкалар 
грам-оң, 
жылжымайтын, диаметрі 0,8-1,0 мкм болатын, дөңгелек пішінді бактерия. Олар бөлінуі 
кезінде қысқа және ұзын тізбектерді құрайды (39-сурет). Стрептококкалар споралар мен 
капсулаларды түзбейді. 
Өсінділік қасиеттері. Стрептококкалар ЕПС-да өскен жағдайда шыны түтіктердің 
түбінде ұсақ үлпектер мен түйіршіктер пайда болады. ЕПА беткейінде диаметрі 1 мм-ге 
дейін жететін сұрғылт-ақ түсті, жарқыраған, жылтыр, кейде бұлыңғыр колонияларды түзіп 
өседі (40-сурет).
Антигендік құрылымы. Барлық стрептококкалар алфавит бойынша латын әрпімен 
белгіленген 17 серологиялық топтарға бөлінеді. Олардың ішінен практикалық маңызы 
барлары А, В, С, D, E, F серологиялық топтары. А тобы – адамдарда болатын 
инфекциялардың қоздырғышы; В – сиыр желінсауын қоздырады; С, D, E, F – түрлі 
жануарларда инфекциялық ауруларды қоздырады.  
Токсин түзуі. Стрептококкалар сұйық қоректік орталарда бірнеше экзотоксин түзеді: 
гемолизин (гемотоксин) – эритроциттерді гемолизге
ұшыратады; лейкоцидин – лейкоциттерді талқандайды және олардың фагоцитарлық 
белсенділігін басады; некротоксин – ұлпа некрозын тудырады; летальды токсин – жануарда 
өлімге ұшыратады; эритрогенді токсин – терінің қабынуы мен бөртпелердің пайда болуына 
әкеледі.
Стрептококкаларда экзотоксиндермен қатар эндотоксиндердің болатындығы да 
анықталған. Олар экзотоксиндермен бірлесе отыра, қоздырғыштың патогендік қасиетін 
күшейтеді.


Стрептококкалар токсикалық әсерді күшейтуге қатынасатын фибринолизин, 
гиалуронидаза, протеиназа, рибонуклеаза және липаза ферменттерін синтездейді.
Төзімділігі. Стрептококкалар біршама төзімді микроорганизмдер қатарына жатады. 
Құрғақ күйіндегі іріңде, қақырықта және адамдар мен жануарлардың басқа да 
бөлінділерінде стрептококкалар 4-6 айға дейін сақталуы мүмкін. Тікелей түскен күн 
сәулесінің әсерінен 2-3 сағатта, 70-75°С-де 1 сағаттан кейін, қайнатқан жағдайда бірнеше 
секунд аралығында жойылады. Фенолдың 3-5%-ды, формалиннің 2%-ды және сулеманың 
1:1000 сұйылтымындағы ерітінділерінде стрептококтар 15 минуттан соң залалсызданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет