Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Сүттің санитарлық-микробиологиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет45/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Сүттің санитарлық-микробиологиялық сипаттамасы. Сау малдан алынған сүт 
пастерленгеннен кейін тұтынуға жіберіледі. Оның құрамында туберкулез, бруцеллез, 
колибактериоз және басқа да індеттердің қоздырғыштары болмауы керек. Сүттің 
құрамындағы сүт қышқылды және басқа да патогенді емес микроорганизмдер 
қышқылдықты арттырып, кейін қыздырусыз тұнбаға шөгетін протеинді-минералдық 
кешенді бұзады. Антибиотиктердің, пестицидтердің, радиоактивтік заттардың қалдықтық 
мөлшері сүттің сапасын төмендетіп, кейде тіпті оны азыққа пайдалануға жарамсыз етеді. 
Осы және басқа да ластанулар өнімнің санитарлық сипаттамасын төмендетеді. Сапасы 
жақсы сүт алу үшін малдың денсаулығын, әсіресе сүт бездерін үнемі бақылауда ұстау 
қажет. Желінсау малдың сүтінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан басқа көптеген 
мөлшерде стрептококтар, стафилококтар және басқа да микроорганизмдер кездеседі. Олар 
қосымша факторлармен біріге отырып әртүрлі аурулардың себепшісі болады.
Микробиологиялық және физикалық-химиялық көрсеткіштеріне байланысты сүтті 2 
сортқа бөледі. 1-ші сортты сүттің қышқылдығы 16-18°Т және редуктазалық сынама 
бойынша микробтың мөлшері 1-ші кластан төмен емес болуы шарт. 2-ші сортты сүттің 
қышқылдығы 16-20°Т, микробтың мөлшері 2-ші кластан төмен болмауы тиіс. Ауру және 
сау сиырлардың сүттерін араластыруға болмайды. 
Сүт өнеркәсібі зауыттарында шығарылған өнімді микробтардың жалпы мөлшері және 
коли-титр бойынша екі топқа бөледі: А және Б (7-кесте).
А тобына жататын сүтті қайнатпастан пайдалануға болса, Б тобына жататын өнімді 
тамаққа пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату қажет.
Ветеринарияда антибиотиктерді бақылаусыз қолданған жағдайда көптеген микробтар, 
соның ішінде сапрофиттермен қатар паразиттер де антибиотикке үйреніп, олардың әсеріне 
төзімді түрге айналады. Сүттің құрамындағы антибиотиктердің сүтқышқылды 
микробтардың әрекетін тежеуі нәтижесінде сүт қышқылды өнімдердің технологиясы 
бұзылады. 
7-кесте. Микробтардың жалпы мөлшері және коли-титр бойынша сүттің сапасы 
Сүттің атауы 
1 л сүттегі микробтардың жалпы 
саны (артық емес) 
Ішек 
таяқша-
сының титрі 
А тобы 
Бөтелкедегі 
және 
пакеттегі 
пастерленген сүт 
75 000 
3 мл 
Б тобы 
Құтыдағы және цистерна-дағы 
пастерленген сүт 
300 000 
0,3 мл 
О.А. Симецкий сиырларға антибиотиктерді егуден соң сүтті жарамсыздыққа 
шығарудың төмендегідей мерзімін ұсынады (8-кесте). 
8-кесте. Сиырлардың бұлшық ет ішіне антибиотик енгізгеннен кейін сүтті 
жарамсыздыққа шығару уақыты 
Антибиотиктер 
Мөлшері, мың ӘБ 
Соңғы екпеден соң жарамсыздыққа 
шығару уақыты, сағ. 
Бензилпенициллин 
250 
500 
2 000 
10 000 


12 
12 
Бициллин 3 
1 500 
30 
Экмоновоциллин 
4 000 
30 
Стрептомицин 
2 000 
30 


15 000 
48 
Сүттің сапасына радиоактивтік заттар, пестицидтер және инсектицидтер әсерлерін 
тигізеді. Мал және өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттардың, антибиотиктердің 
қалдықтық мөлшері табылған сүт жарамсыз деп танылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет