Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


E-learning (Electronic Learning – ағылшын сөзі) –



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48

E-learning (Electronic Learning – ағылшын сөзі) – электрондық оқыту жүйесі, 
Электрондық  оқыту,  аралықтан  оқыту,  компьютерлік  оқыту,  тармақтық  оқыту, 
виртуал оқыту, хабар және электрон технологияларын қолдап оқыту. 
Бұл мазмұны жағынан көп мағынаны білдіруі мүмкін, соның ішінде: 

 
жеке компьютер, мобил телефон, DVD, аудио-видео-радио-телевизорлардан 

 
пайдаланып, электрондық материалдармен еркін жұмыс жасау; 

 
алыстағы мұғалімнен сабақ алу, қашықтықтан сөйлесу мүмкіндігі; 

 
электрондық оқу материалдарын өз уақытында жеткізу; 

 
инновациялық  педагогикалық  технологияларды  игеру  және  тарқату,  оларды 
оқушыларға беру; 

 
оқу веб-беттерін дамыту мүмкіндігі; 

 
дүниенің  кез  келген  жерінде  тұрып  кез  келген  уақытта  кез  келген  жерде 
заманауибілім алу; 

 
психофизикалық  дамуында  (мүгедек)  өзгеше  ақаулықтары,  қәбілеттері  бар 
болған адамдарға  жоғары дәрежелі білім алу мүмкіндігі. 
Қашықтықтан оқыту төмендегіше үш: 
-  дәстүрлі  (жүйенің  локал  және  глобал  тармағынан  пайдаланушылар  үшін  ақпарат 
беретін); 
-  техникалық  (ақпарат жүйесіне  жалғанған  және  сырттағы  ашық  ақпарат  деректеріне 
бірігу үшін Интернетке шығу мүмкіндігіне ие болған локал компьютер тармағынан); 
-ақпарат  (оқу  курстары  бойынша  кең  мәліметті  ақпараттар,  курс  мәліметтері, 
мазмұны,  электрондық  лекция  мәтіндері,  лабораториялық  жұмыстар,  оқушы-мұғалім 
арасында  сөйлесу,  электрон  пошта,  бақылау  тесттері,  мониторингтер  блогы,  виртуал 
кітапханаларға және түрлі материалдарға сұраныс беру тізімі, Интернет жүйесінен курстар); 
Қашықтықтан  оқытудың  негізгі  технологияларын  төмендегіше  екі  топқа  бөлуге 
болады:  
ИНТЕРАКТИВ технологиялар: 
Интернет қашықтықтан оқыту порталы. 
Видео және аудио конференциялар. 
Элекрон пошта арқылы білім. 
Интернет арқылы еркін білім алу. 
Қашықтықтан басқару жүйелері. 
Онлайн стимулятор және оқу дәстүрлері. 
Тест тапсыру жүйелері. 
НТЕРАКТИВ болмаған технологиялар: 
Видео, аудио және ва баспадан шығарылған материалдар. 

136 
 
Телевизиялық және радио көрсетілімдер. 
Дисктерде орналасқан программалар. 
Видео және  аудио конференциялар  – бұл  Интернет және басқа телекомуникациялық 
байланыс  жәрдемінде  екі,  қашықтықтағы  аудиторияларды  телекоммуникациялық 
технологиялар  арқылы  бір-бірімен  байланыстырып,  білім  беруді  жолға  қою  жолы.  Бірақ,  
видео  және  аудио  конференциялар  үшін  өте  үлкен  көлемдегі  арнайы  техника,  жоғары 
жылдамжыққы ие болған байланыс каналы және оқытуды ұйымдастыру үшін қызмет етуші 
арнайы  мамандар  керек  болады.  Интернет  арқылы  еркін  білім  алу-  бұл  бірқанша  Интернет 
сайттарында жайласқан үлкен көлемдегі мәліметтер бойынша еркін түрде жұмыс жасау және 
жаңа білімдер алу жолы. 
Электрон  пошта  арқылы  білім  болса  ең  кең  таралған  Интернет  қызметтерінен 
пайдаланып, оқушы  мен мұғалім арасында хат арқылы байланыс орнатып, білім алу жолы. 
Оның  жәрдемінде  әртүрлі  тест,  тапсырма,  сұрақ-жауап,  визуалдық  көрсетілімдер  (текст, 
графика, мультимедия) жіберіп және қабыл етуіміз мүмкін.  
Білім  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық  технологияларды  оқып,  үйреніп, 
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: 
–  білім  алушылардың  білім,  білік  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық 
технология  түрлері  сан  алуан,  оларды  таңдау  жэне  одан  шығатын  нәтиже  оқытушының 
кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; 
–  жаңа  инновациялык  технологияларды  енгізу  жүйелі  әрі  мақсатты  түрде 
жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; 
–  жаңа  инновациялық  оқыту  технологияларын  енгізу  барысында  әрбір  оқу  орнының 
материалдық-техникалық  базасының  бүгінгі  талапқа  сай  еместігі,  әрі  жетіспеуі,  кадрлық 
әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды. 
Қазіргі  жас  ұрпақтың  саналы  да  сапалы  білім  алуының  бірден-біршарты  –  оқу 
орындарындағы  білім беру  процесіне  жаңа  инновациялық  технологияларды  енгізу  екендігі  
сөзсіз  түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа  педагогикалық 
инновацияларды  дер  кезінде  қабылдап,  өңдеп,  нәтижелі  пайдалана  білу  –  әрбір   ұстаздың   
негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару 
жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. 
Қорыта  келгенде,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияның  негізгі,  басты 
міндеттері мынадай: 
–  әрбір  білім  алушының  білім   алу,  даму,  басқа  да  іс-әрекеттерін  мақсатты  түрде 
ұйымдастыра білу; 
–  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; 
–  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; 
–  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 
2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 20 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

137 
 
ӘОК 541. 124 
 
ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ  ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ 
 
Каирова Ж.М. 
«Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия мемлекеттік коммуналдық мекемесі», Қапшағай қ. 
kapchgimn2@mail.ru 
 
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет" 
 Шоқан   Уәлиханов 
 
Бүгінгі  еңсемізді  көтеріп  өзгемен  терезесі  тең  ұлт  өкілі  болған  заманда  еліміздің 
болашағы  тек  білімді  жастар  болып  табылады.  «Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды 
жығады»    деп  халық  даналығында  айтылғандай,    өскелең  өмір  талабына  сай  жан  –  жақты, 
білімді,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу  —  қоғам  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі  болып 
отыр. Сапалы білім беру – бұл  қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық,  мәдени 
дамуының  жоғары  деңгейін    қамтамасыз  етуге  бағытталған  тәрбие  беру  мен  оқытудың  
үздіксіз процесі болып табылады. Сондықтан да мектеп ұстаздары оқыту мен тәрбие үрдісін 
жаңаша тұрғыда пайымдап, білімді, ұшқыр ойлы, ізденімпаз шәкірттер тәрбиелеп шығаруда 
тынбай еңбек етуде. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесі халқымыздың    салт-дәстүріне, 
мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асуда. 
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім беру  жүйесінде де жаңа  асулар, алар биіктер 
де бой көтере бастады. Қазақстанның  білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандарттарына 
сәйкестенуде.    Бұл  білім  беру  жүйесі  мен  оқу  –  тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге 
байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, 
жаңа  көзқарас,  озық  идеялар,  жаңашыл  ұстаздар    пайда  болды.  Осыған  орай,  әр  ұстаздың 
алдында  бәсекеге  қабілетті,  бүгінгі  заман  талабына  төтеп  бере  алатын  білімді  шәкірттер 
тәрбиелеп  шығару  мақсаты  қойылған.    «Елу  жылда  ел  жаңа»  дегендей  өз  пәніне  деген 
оқушылардың  қызығушылығын,  біліктілігін    арттыруда    жаңа  ізденістерді  талап  етуде.  Әр 
ұстаз  сабақ  барысында  заманауи  талаптарға  сәйкес  озық  инновациялық  технологияларды  
мүмкіндігінше    пайдалануға  тырысады  «Мектеп  оқушылары    келешекте  қай  мамандыққа 
барам десе де, ең алдымен  тілді, сол халықтың  әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп 
табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл 
қасиетіндей  сақтауы  керек[1.78]»,-    деп    Мұхтар  Әуезов  атап  көрсеткендей,  мектеп 
табалдырығынан  оқушылардың  бойына  мемлекеттік  тілге,  қазақ  халқының  ұлттық 
құндылықтарына деген шынайы, ізгі сезімді қалыптастыру жауапкершілігі  мемлекеттік тілді 
меңгертіп жүрген ұстаздарға   жүктелген. Әсіресе, орыс сыныптарында  қазақ тілін оқытудың 
басты мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлеуге үйрету, өз ойын басқаға түсіндіре алатындай 
дәрежеге жеткізу.  
Мектеп бітіруші түлектер  жоғарғы оқу орнына түскенде, кейін еңбекке араласқанда 
мемлекеттік тілде сөйлей білуіне мүмкіндік жасау – ұстаздың абыройлы міндеті. Қазақ тілін 
үйретуде  тек  қана  грамматикалық  қалыптасқан  қағидаларға  сүйену  кімді  де,    болса  да 
жалықтырып  жібереді.  Сондықтан  пәнді  мазмұнды  қызықты  өткізу  үшін  сабақта 
инновациялық технологияларды мейлінше тиімді пайдалана білген жөн. Сол арқылы оларға 
қазақ халқының қонақжайлығы мен меймандостығын, қайырымдылығы мен еңбекқорлығын,  
даналығы  мен  шеберлігін,  имандылығын  дәріптеудің  зор  әсері  болады.  Сабақ  барысында 
қазақ халқының  салт – дәстүрлерін,  үлгі  – өнегелерін, қазақи ырымдар мен тыйымдарды, 
әдет  – ғұрпын кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау еткен жөн. 
Қазақ тілін оқытуда,  сапасын арттыруда кең  ауқымды келелі  мәселелердің бірі  – тіл 
дамыту  мәселесі.    Тіл  дамыту  мақсатында  жүргізілетін  жаттығулар    әдістеме  ғылымында  
түрліше қарастырылып жүр. Тіл дамыту жаттығулары – оқушылардың теориялық  білімдерін 

138 
 
бекіте  отырып,  олардың    логикалық  ойлауы  мен  тілдік  шеберлігінің  қалыптасуына    негіз 
болады.  
Қазақ тілін оқытуда  тіл дамыту жаттығуларының маңыздылығына ерекше тоқталып,  
оқыту  процесіндегі    тіл  дамытудың  негізгі    тәсілдерінің    бірі  ретінде  қарастырып  жүрген  
Н.Оралбаева,  Р.Әміров,  С.Рахметова,  Н.Құрманова,  З.Саламатова  сынды    әдіскер  – 
ғалымдырды  атауға  болады.  Әдіскер  –  ғалым  Н.Құрманова:  «Тіл  дамыту  жаттығулары 
оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  оятып,  ойлауын  дамытуға,  өз  ойын  білдіруде 
нақтылық  пен    анықтық  қасиетінің  қалыптасуына  ықпал  етеді»,  –  дей  келе,  тіл    дамыту  
жаттығуларын  аналитикалық,    синтетикалық,    аналитика  –  синтетикалық  (шығармашылық) 
түрлеріне топтап, бөліп көрсетеді. [2.97] 
Енді  мен  өзімнің    іс  –  тәжірибем  барысында  осы  тіл  дамыту  жаттығуларын    қалай 
тиімді пайдаланып жүргеніме тоқталайын.   
Аналитикалық  жаттығулар  –  оқыту  кезінде  лексика  –  семантикалық,  логика  – 
семантикалық  жаттығулар  сипатында  келіп,  оқушылардың  алған  білімдерін  бекіте  отырып, 
тілін дамытудың  негізгі құралы болып  саналады. Оқушыларға кез келген сөз беріледі, олар 
сол  сөзден  жаңа  лексикалық  мағынадағы  сөздер    жасап,  өзінің  сөздік  қорын  толықтырады. 
Мысалы, лексика – семантикалық жаттығу түрлері:  бала – балалы – балалық немесе аспаз – 
аспазшы – аспазшылық, яғни әр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Ал 
логика – семантикалық жаттығуларға төмендегі үлгілер мысал бола алады.    
Ас                  асық                                       Су            суық  
 
 
 
                    
аспан   
                                           сулы    
                    астық                                                       сусыз 
                     асқазан   
 
 
 
            судай 
                      асқабақ  
 
 
 
            сумақай 
                    асқар 
 
 
 
 
 
 сушы 
 
Бұл мысалдарда «ас» және «су» түбірлері арқылы жаңа  сөздер жасайды.   
Синтетикалық жаттығулар тіл дамыту мүмкіндіктерін жан – жақты  жүзеге асыратын саласы. 
Бұл  жаттығулардың    табиғатының  өзі    тіл  байлығын  арттырып,  сөйлеу  шеберлігін  
дамытатын  жаттығулар болып табылады. Мысалы: 
 
 
білім                білімді  
 
білімділік 
Біл  
 
 
 
 білімсіз 
 
білімсіздік 
 
 
 
 білімпаз 
 
білімпаздық 
 
 
 
 білімқұмар      
білімқұмарлық 
 
 
                       білік   
білікті  
 
біліктілік 
 
 
білгір   
білгірлік  
немесе: 
Шаш                желке шаш                                                 Көз       бұлақтың көзі 
 
   самай шаш                                                              білімнің көзі 
 
   төбе шаш                                                                адамның көзі 
Аналитикалық  –  синтетикалық  жаттығу  түрлері  оқушылардың    тілдік  дағдыларын 
қалыптастырып,  сөйлеу  шеберлігі  мен  ойлау  қабілетінің  дамуына  әсер  етеді. 
Шығармашылық  жаттығу  түрлері  лексика  –  семантикалық  жаттығуларды  негізге  ала 
отырып,  мәтіннің  мағынасын  талқылау,  тақырыбын  ашу,  өзектілігін  айқындау,  мәтін 
құрамындағы сөздердің қолданылу аясын аңғару, көркемдік – мағыналық ерекшелігіне қарай 
қолдану,  ауызша  және  жазбаша  сөйлеудегі  стильдік  қателер  болса,  тауып  түзету,  жаңа 
сөздерді  жазба    жұмыстарында  (шығарма,  мазмұндама),  түрлі  стильдік  жарнамаларда  (хат, 
мақала,  әңгіме,  баяндама,  эссе  т.б)  орынды  қолдана  білу,  білім,  білік  дағдыларды 
оқушыларға шығармашылықпен игертуге зор ықпал етеді. Мысалы:  

139 
 
 Атасы  бес жасар Ержанға ойыншық автомат сапыт әперді. Кеш батып, шам жаққан 
кезде  Ержан ойынға кірісіп кетті.  Ол бір кезде орындықта отырған атасына келіп: 
- Ата, мен батырмын! Міне, автоматым бар. Ештеңеден қорықпаймын!  – деді.  
Атасы оның басынан сипап: 
–Иә, батырсың, балам. Ештеңеден қорықпайсың, – деді.  
Ержан автоматын атып, басқа бөлмеге жүгіріп кетті. Сол сәтте жарық сөніп, үйдің іші 
қараңғы бола қалды [3.17]..... 
Тапсырмалар: 
1.  «Автор орындығы». Оқушылар өзін автор орнына қойып, өз қиялдарымен мәтінді 
аяқтайды.  
Кахирова Луиза: сол кезде Ержан: 
– Ата,мен қорқамын  – деп айғай салды. 
– Неден қорқасың, сен «батыр» емессің бе? – деді атасы. 
–Ата, мен күндіз немесе свет (шам) жанып тұрғанда ғана батырмын, –деп Ержан бәрін 
бір күлдірді. 
2. Төмендегі үлгі бойынша мәтіннің мағынасын ашу. 
Мәтіннің тақырыбы 
Мәтінге байланысты 
менің пікірім 
Мәтін мазмұнына сәйкес мақал – мәтелдер  
 
 
 
Кахирова Луиза: 
Мәтіннің 
тақырыбы 
Мәтінге байланысты менің 
пікірім 
Мәтін мазмұнына сәйкес мақал – 
мәтелдер  
Күтпеген жағдай  
Бұл мәтінде немеренің 
аңғалдығы, атасының 
немересіне деген ыстық 
ықыласы баяндалады. 
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 
 
3. Мәтіндегі оқиға желісіне байланысты сурет салу. 
 
Сабақта тіл  дамыту жаттығуларының  мұндай түрлерін ұтымды ұйымдастыра білу  – 
оқушылардың сөз мағынасын терең түсініп, сөйлеу, сөйлесу барысында меңгерген сөздерін  
шеберлікпен жұмсауға, айтайын деген ойын  тыңдаушыға  мағынасы дәл, айқын  сөздермен 
жеткізе  білуге дағдыландырады.  
Қорыта келе, қазақ  тілін оқытудың бір мақсаты – білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі 
шебер  жеткізе  білетін,  мәдениетті    жастарды  даярлау.  Жас  жеткіншектерге  тіліміздің 
байлығын, оның көркемдігі мен өрнегін, ойды анық та айқын жеткізе білу тәсілдерін үйрету 
қазіргі заман талабы болып отыр.  
Осы  жұмыс  барысында  тіл  дамыту  жаттығуларының  маңыздылығы  оқушылардың 
ауызша  және  жазбаша  тілін  дамыту  мен  тіл  мәдениетіне  айрықша  көңіл  бөлуге  ден  қойып 
отыр.  Оқушылардың  тіл  мәдениетін  арттыру  мәселесіне  айрықша  талап  қойылып,  олардың 
ауызша  жауаптары  мен  жазбаша  жұмыстары  орфографиялық,  лексикалық  және 
грамматикалық    жағынан  дұрыс  болуына  ерекше  назар  аударылуда.  Себебі,  тәуелсіз  Қазақ 
елінің  өсіп  –  өркендеуі  мен  гүлденуін  тікелей  жастармен  байланыстыратын  Елбасы:  «Мен 
жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын әрқашан атап көрсетіп келдім және атап көрсете 
беремін.  Мемлекет  әрбір  жас  адамның  өз  еліне  міндетті  түрде  қажет  болуы  үшін  бәрін  де 
жасайды [4.3]»,- дей келе,  әсіресе, жастарды жаңа қөзқарас, жаңа басымдықтар тұрғысында 
инновациялық    экономика  жағдайында  өмір  сүруге  тәрбиелеудің  мән  –  мағынасын 
айшықтаудан жалыққан  емес. Техника құлағында шебер ойнайтын қазіргі ұрпақ тиімділікке, 
жаңалыққа,  инновацияға  иек  артқанды  ұнатады,  сондықтан  заманауи  талаптарға  сәйкес 
егемен еліміздің жастары мемлекеттік тілді де еркін  меңгерсе, өз ойын еркін жеткізе білсе, 
нұр үстіне нұр болар еді. Елдің ертеңі – жастар. Ендеше мына қоғам, тәуелсіз Қазақстанның 
жастарына  айрықша  үміт  артады.  Сондықтан  болар  мектеп  ұстаздарына  үлкен 
жауапкершілік жүктелген.  

140 
 
Асқақ арманға адал еңбекпен жетуге ұмтылайық... 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Әуезов М. Шығармалар жинағы, ІІІ том. Алматы, 1972. 
2.
 
Құрманова Н. Сын есімді оқыту барысында  тіл  дамыту. Ақтөбе, 1999. 
3.
 
Артықова М.Т., Қыстаубаева Ж.Н., Бисенова Л.З., Сагирова Ж.Н. Қазақ тілі  
     5 – сынып. Алматы, 2010. 
4.
 
«Дала мен Қала» №5, 30 қаңтар  2012. 
 
 
ӘОК 541.  124   
 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Қанапина Ж.  А.   
«Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия мектепке шағын орталығымен» мемлекеттік 
коммуналдық мекемесі  Қапшағай қ., Zhanar.  kanapina mail ru 
 
Оқушылардың  сапалы  білім  алуы  мұғалімдердің  білімділік  және  кәсіби  шеберілігін 
қажет  етеді..  Үлгілі  ұстаз  ғана  қабілетті,  жан  -  жақты  шәкірт  тәрбиелей  алады.  Шәкіртті 
қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына 
шығармашылықпен  қарап,  жаңа  заман  талабына  сай,  осы  бағдарлама  мазмұнына  сай, 
сабақты  түрлендіру  мақсатында  оқытудың  түрлі  әдістерін  пайдаланса,  игі  нәтижеге  жетері 
сөзсіз.   
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан-2050» жолдауында «Бізге экономикалық және 
қоғамдық  жаңару  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  қажет»  деп 
көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда 
халық  ағарту  саласының  қызметкерлеріне  түсер  салмақтың  жеңіл  болмасы  да  анық.  Заман 
талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.   
Бүгінгі  заманда  техниканың  дамуы,оның  ішінде  өзім  қызмет  етіп  жатқан  ұстаздық 
қызметімде  күнделікті  өзгеріс  әкелуде.  Ғаламтордың  алдына  қызығушылықпен  барған 
бала,уақытын  босқа  өткізіп  отырғанын  білмей,  өзін-өзі  басқара  алмай  отырғанында,  терең 
салмақ жатыр.  Ал, ұстаздың міндеті әлеуметтік желіге қызығып отырған баланың назарын 
оқуға  аудару.  Иә,  өте  ауыр  да,  күрделі  міндет.  Ұстаз  қай  заманда  да  төзімділік 
танытып,қиындықты  жеңе  білген.  «Шәкірт  тәрбиелесең,  болашағың  танық»  деген  сөз  бар 
халықта..  Баланың  өзіне  басқартып,  шешімін  таптырудың  қаншалықты  нәтижелі    жұмыс 
екендігіне  көзім  жетті.    Әр  сабағымның  балаға  тиімді  жағына  көңіл  аудардым.  Қазіргі 
алдымызда  отырған  шәкірт    компьютерді  жақсы  меңгеріп,бағдарлама  мен  ойындардың 
мыңдаған  түрлерін  жетік  біледі.  Оларды  оңайшылықпен  оқытамыз  деген  әрекетіміз 
бекершілік  екендігіне сабақ өткізген сайын көзім жете түскендей.  Шешімді, қорытындыны 
баланың  өзіне  қалдырғанда,олардың  ойларын  тыңдап,таңқаласың!  Таңқаласың,  бірақ  сол 
таңданыс  саған  күш-қуат  береді,  жігерлендіріп,  шәкірттің  талабына  сай  жұмыс  жасау 
қажеттігін  түсініп,  өзіңнен-өзің  жаңа  жолдар  іздеуге  талпынасың.  Шәкірттеріммен  достық 
қарым-қатынастың  ұлғайып  бара  жатқанына  іштей  қуанамын.    Орыс  сыныптарында  қазақ 
тілінде сөйлету оңай емес екенін бәріміз де білеміз.  Енді олар өз ойын қазақ тілінде  жеткізу 
үшін,  барлық  мүмкіншілікті  пайдаланып  ата-ананың,досының,  аға-әпкесінің,  сөздіктің\ 
дайындалып  келетін  болды.  Демек  балаға  міндет  етпей,  мүмкіндік  беру  керек.    Ал  оның 
кішкентай  еңбегі  сыныптағы  оқушыларға  әсер  ететіні  айдан  анық.  Сыныптасының  ойын 
дәлелдемекке тағы 2-3 оқушы қосылады. Топтағы 2-3 оқушы касындағы үлгере алмай жатқан 
оқушыға  көмектеседі.  Өзіне  сенімді  оқушы  жақсы  баға  алуға  еңбек  етеді.  Мысалы, 
интерактивті тақтаға жазу арқылы, түрлі–түсті қағаздарды таратып, оған түсінік беруі немесе 
бағалау парағын қолдана алуы топ алдында сөйлеп үйренуге жетелейтіні  

141 
 
Бағалау түрлерін енгізу - оқушылардың өзіне деген сенімділігін, өзгеге деген шынайы 
көзқарасын  қалыптастырады.  Оқу  үрдісінде  бағалау  түрлерін  қолдану,  білім  сапасы,  таным 
мен оқу үдерісінің дамуына ықпал етеді.. Оқушылар бағалау кезінде өздерінің қате жіберіп 
қоюлары  мүмкін  екенін  түсінеді  және  мұндай  жағдай  ұят  емес,  керісінше  одан  сабақ  алу 
керек  деп  қарастырады.  Бағалау  түрлері  үнемі  іске  асқан  жағдайда,  оқушы  табысқа  қол 
жеткізуге  ұмтылады,  өзгенің  пікірін  қабылдауды  үйренеді,  менсінбеушілікті  тастап, 
керісінше  өзгенің  пікірін  құрметтеуді  үйренеді.  Оқушы  өзін-өзі  бағалау  кезінде  оқыту 
дәлелдемелерін  жинайды,  олардың  мағыналарын  өзінше  түсіндіреді.  Өз  жұмыстарын 
салыстырады  және  талдайды.  Топтағы  өз  жұмыстарына  ынтымақтаса  отырып,  түзетулер 
енгізеді, жаңа мақсаттар қояды. Өзін-өзі бағалау кезінде ағаттықтарды жоюға, мақсатқа қол 
жеткізуге  тырысады.  Жұмыс  барысында  өз  ойын,  өз  пікірін  білдіреді.  Мұғалімдер  бағалау 
түрлерін оқыту тәжірибесінде күнделікті қолданады.. Ал оқушының өз-өзіне, басқаға, топқа 
баға  беруі  өте  маңызды,  себебі  оқыту  тәсілдерін  жақсартуды  емес,  оқушыларды  өзінің 
оқуына  анағұрлым  тиімді  тартылуына  мүмкіндік  береді,  дамытады.  Біз  осы  уақытқа  дейін 
мұғалімнің  жауап  алу  әдістерін  жақсарту  жолдарымен  қоятын  бағасына  басты  назар 
аудардық..  Егер  де  біз  балаларды  өзінің  оқуына  тартқымыз  келсе,  біз  ең  алдымен  баланың 
өзіндік ойын айтуға, өзіндік пікірін қалыптастыруға көп көңіл бөлуіміз қажет.   
Қазіргі  уақытқа  дейін  балалар  бағалау  түрлерін  қалай  үйренді  деген  сауалға  жауап 
беретін  болсақ,  оқушы  әрбір  сабақта  бағалау  қажетті  екенін  дағдыға  айналдыра  отырып, 
өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.   
№  2  гимназия  мұғалімдері  оқушылардың  бірқатар  көрсеткіщтер  бойынша  алға 
жылжуын бағалау үшін, сабақтарда бағалау түрлерін қолданды. Мұғалімдер бағалау түрлерін 
сабақ  үрдісінде  пайдалануда  қандай  қиындықтар,  қандай  нәтиже  бергендігін  апта  сайын 
кездесіп, талқылап отырды.   
«Бағалау  түрлерін  сабақта  пайдалану  және  оның  тиімділігі»  тақырыбында  қала 
мұғалімдеріне коучинг ұйымдастырды және  қала көлемінде апта бойы ашық есік күндерін 
ұйымдастырып,  сабақта  бағалаудың  қолданылуын,  маңыздылығын  көрсетті..  Басқа 
мектептен келген, курстан өтпеген ұстаздар қызығушылық танытып, олар да өз сабақтарында 
қолданатындықтарын,  оның  нәтижесі  мол  екендігіне  көз  жеткізді..  Мектебімізде  әкімшілік 
тарапынан  арнайы  топ  құрылып,  топ  мүшелері  әр  мұғалімнің  бағалау  түрлерін  қалай,  қай 
дәрежеде  қолданып  жатқанына  сараптама  жасады  және  маңыздылығына  тоқталды.. 
Сараптама  барысында  бағалау  критерийлерін  құруда  және  түсіндіруде  әлі  де 
қиыншылықтардың кездесіп жатқаны туралы айтылды. Оқушы табысқа қол жеткізу үшін, әлі 
де уақыттың аздығы қол байлау болуда.   
Топ  мүшелері  мұғалімдердің  жеткен  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  анықтап,  қалай 
жақсартуға болатындығын қарастырды.   
Мектеп  әкімшілігі,  мектеп  мұғалімдері  сабақ  үрдісінде  бағалау  түрлерін  пайдалану, 
оқушыны  табысқа  жетелейтінін  түсінді.  Әрбір  өзгеріс  мектеп  назарын  болашаққа 
шоғырландырды, кәсіби дамуға бет бұрғызды.   
Егер  біз  бағалау  түрлерін  үнемі  пайдаланбасақ,  назар  аудармасақ,  дұрыс 
ұйымдастырмасақ,  ынталандырмасақ,  қолдау  көрсетпесек,  жүйелі  жүргізбесек,  нәтижесін 
көре  алмаймыз.  Сондықтан  алған  теориялық  білімімізді  тәжірибеде,  мектеп  өмірінде 
жалықпай, жалқауланбай пайдаланайық дегім келеді.    
Ғұлама ғалым әл - Фараби «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді және 
адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез  - құлыққа байланысты» деп ой 
түйген  екен.  Ғалымның  бұл  пікірі  оқушы  мен  мұғалімге  тікелей  қатысты  деуге  болады. 
Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді.. Мұғалім оны 
оқыту  үрдісінде,  қолданған  әдіс  тәсілдерінің  барысында  және  іс  әрекетінің  нәтижесінде 
байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді.. Егер оқушыда жақсы мінез - 
құлық  болса,  ол  онда  өзінің  оқудағы  жетістігін  тұрақты  ұстап  тұра  алады  және  өзін  -  өзі 
жетілдіреді. Бағалай отырып,өзіне сын көзқарас қалыптасады деген сөз. Яғни, нәтижелі оқу 
жақсы  мінез  -  құлыққа  тікелей  байланысты.  Әр  сабақты  өткізу  барысында  мақсат  қоя 

142 
 
отырып,оқушы тарапынан қандай жетістікке жетіп,нені нақты білу керек деген ұғымды өте 
терең  пайымдап  алу  керек.  Бала  терең  ойламауы  да  мүмкін,мұны  естен  шығармаған  жөн.  
Сонда ғана өздігінен бағалау парағының критерийлері  шығады.  Атап  айтқанда, 5-сыныпта 
«Түбір және қосымша» тақырыбын өткенде оқушыдан сұралатын нәтиже  болмақ:  
 1.  Ереже , түбір дегеніміз не? Қосымшаның түрлерін ата 
 2.  Мәтіннен түбір мен қосымшасы бар сөздерге талдау жаса.   
 3. 2-тапсырмадағы бос орынға жұрнақты орналастыр.   
4.  Жаңа сөздерді қатыстырып сөз құра  
5.  Мәтінді  өзің  құрастырған  жоспар  аясында  баянда..  Міне,сол  сабақтағы  топ 
басшысы  қатарындағы  бес  оқушыға  баға  ғана  қоймай,  талдау  жасап,  түсінік  бере  алады. 
Сабақтың мақсатымен таныстырғанда, күтілетін нәтижені тақтаға іліп қойса, ықпалы жоғары 
болар еді, себебі оқушы өз алдына да мақсат қойып үйренеді. Оқушылар өз жолдастарының 
бағалауларына  наразылық  білдірмей  жатады.    Мұның  өзі  өзара  түсіністіктің  бар  екендігіне 
көз  жеткізуге  болады.  Пікір  айтып  үйренген  бала,сөздік  қорын  молайтады,жеке  көзқарасы 
пайда болады.   
Еліміздің  білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дамыту  тұжырымдамасында:  «Жылдам 
өзгеріп  отыратын  заманда  алынған  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай 
білетін,  өзін  -  өзі  іске  асыруға,  өзін  -  өзі  дамытуға  және  өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік 
тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру»  деп 
нақты  көрсетілген.  Осы  мақсаттың  жүзеге  асырыла  бастауының  бірден  бір  себебі  -  осы 
сындарлы оқыту теориясы деуге болады.. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада 
қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор. 
Мысалы,топқа бөлуде алға қойылатын мақсаттар: 
Сыныбы. . 

Тақырыбы 
Топқа бөлу 
Қайталау  
Есіне сақтайды 
 
Дыбыстар 
Дауыссыз дыбыстар 
нешеге бөлінеді? 
Дауысты ,дауыссыз 
дыбыстар 
1 Дыбыстар 
классификациясын 
2 Өз есімі қай 
дыбыстан 
басталады,не 
аяқталады 
3 Сыныптастарының 
есіміне не тегіне мән 
береді 
 7-сынып 
Тамақтану 
Ұлттық 
тағамдар\сурет 
арқылы,кесіндіні 
үйлестіру 
арқылы,атаулардың 
орысша баламасын 
табу арқылы.  т. б.   
 Қолдану тәсілі,күнделікті 
айтылып,дағдыланатын 
сөздер 
 Ұлттық ас 
атауларын,тамаққа 
деген құрмет.  ас ішу 
мәдениеті 
8-сынып 
Қалалар 
Қала атауларындағы 
буынға көңіл 
аудару,біріккен сөзді  
 Әр қаланың өзіндік 
ерекшелігіне мән беру 
Мысалы ескі атауы 
Ақмешіт, Қазақстаннның  
2-астанасы, Билікті жақсы 
көретін адамдардың түсі 
мен оларды біріктіретін 
орын 
Облыс орталығының 
саны, 
Біріккен сөз,қос сөз, 
Тарих, хронологиялық 
дата, орналасуы 
9-сынып 
Мұражай-
лар 
Сан есім,Мұражай 
атаулары,қажеттілігі 
Әр мұражайдың өзіндік 
ерекшелігіне мән беру 
Мысалы ескі атауы 
Ақмешіт, Қазақстаннның  
2-астанасы, Билікті жақсы 
Мұражайдың аты,ұлы 
тұлғалардың есімдері, 
олардың еңбектері 

143 
 
көретін адамдардың түсі 
мен оларды біріктіретін 
орын 
 
Қорыта айтқанда,соққан жел егінді тербейді,тербелген егін елді тойдырады, тоқ халық 
дүниеге  ақылды,мықты  адамды  дүниге  әкеледі,  саналы  бала  білім  алуға  тырысады,  жақсы 
білім беретін адам,ол-жаңашыл ұстаз.. Ұстаз мерейін асыру, бұл қажырлы еңбектің нәтижесі 
деп білемін.   
Сабаққа  ыждаһаттылықпен  дайындалатын  оқушы  өз  пікірін  жеткізуге  талпыныс 
жасайды .   
Сабақта  қалыптастырушы  бағалауды  жүйелі  өткізу  –  жиынтық  бағалаудың 
нәтижелі,сапалы  болуының  баспалдағы.  Жиынтық  бағалау  тоқсан  соңындағы  оқушы 
білімінің  жетістігін  саралайтын  жұмыс,  ендеше  осы  жұмыстың  бастауы  негізі 
қалыптастырушы  бағалауда  қаланады.  Бүгінгі  таңда  оқушы  білімін  критериалды  жүйе 
бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.   
Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі.. Әлеуметтік 
топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және 
әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру  – заман талабы. Олай 
болса,  білім  алушының  тіл  құзыреттілігін  жетілдіруге  критериалды  бағалау  жүйесінің 
ықпалы өте зор.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1
 
 Н. А.  Назарбаев «Қазақстан-2050» Жолдау.  - Егемен Қазақстан, №5, 30 қаңтар.  -2-
бет 
2
 
Бешімбаева Қ.  Е.. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды 
бағалау жүйесі. Әдістемелік нұсқау, 12-бет.   
3
 
Красноборова А.  А.. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие 
4
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», 55-бет, 
107-бет 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет