Дыбыс табиѓаты



бет37/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

Салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады.
Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.

  1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.

  2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.

    1. Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.

    2. Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.

    3. Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;

    4. Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.

    5. Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.

  1. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :

  1. Ыңғайлас салалас.

  2. Қарсылықты салалс.

  3. Себеп – салдар салалас.

  4. Ілектес салалас.

  5. Талғаулы салалас.

  6. Кезектес салалас.

Ыңғайлас салалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас , ыңғайлас мәнде, қарым – қатынаста айтылған салаластың түрі.
Ыңғайлас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғайлық , жалғаулықсыз да байланыса береді.
Мысалы: Басшы жұмысты тексерді де, ойдағы жоспардың орындалуын бағылады. Және, да, де, әрі – жалғаулықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет