Қарсылықты салалс құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой, екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салалстың түрі.
Қарсылықты салалс құрмаластың құрмындағы жай сөйлемдер жалғаулықпен де, жалғаулықсыз да салаласып, екіге бөлінеді.
Мысалы: Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп. Әрі түртінектеді, бері түртініктеді, түк таппады. Жалғаулықсыз қарсылықты салалс құрмалстағы жай сөйлемдердің араына үтір және сызықша қойылады.
Жалғаулықтар: бірақ , сонда да, дегенмен , алайда , әйтсе де , сөйткенмен.
Себеп – салдар салалалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі.
Себеп –салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.
Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тідін жақсы біледі.
Іліктес салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдерінің алдыңғысы жалпы мәнді білдіріп, соңғысы оны аша түсетін, түсінік беретіндей қарым – қатынасты білдіретін саластың түрі.
Мұндағы жай сөйлемдер іргелес орналасып, интонация арқылы байланысады. Мағыналық қарым – қатынасты білдіретін сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай сияқты сілтеу есіңмдіктері көбіне бірінші жай сөйлемнің баяндаушы қызметін атқарады.
Мысалы: Ашуланғаны сонша - өңінде ызаның ұшқындары шаршып тұрды.
Талғаулы салалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс- әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін саластың түрі.
Талғаулы саластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен әдетте не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, өйтпесе, әлде шылаулары арқылы құрмаласады. Бұлардың ішінде не, немесе, я, яки , әлде шылаулары бір – ақ рет қолданылып та, қайталанып та жұмсалады.
Кейде талғаулы салас үш жай сөйлемнен құралады да, олардың алғашқы екеуі – ма, - ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы жай сөйлем алғашқыларында болжам, тұспал жасалған ойдың , іс әрекеттің қорытындысын, түсінік білдіреді.
Мысалы: Сіз менің жалақымды беренің , әйтпесе біз қамтамасыз.
Достарыңызбен бөлісу: |