Дәріс № 3 Дәріс тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі Дәріс жоспары:
1. Шетел экономикасын мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері.
2. Нарықтық экономикасы дамыған әртүрлі елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі.
Шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттілігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін түйістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік –экономикалық прцестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды: көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау мен жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. «Ұлы дағдарыс жылдары» жылдары алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік экономикалық өмірге мемлекеттің араласуымен жүзеге асатынын түсінді.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды.Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы халықаралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті аймақтық Комиссияныә міндетті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұшл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық дау және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасунының ұзақ мерзімдік мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде. Шаруашылық жүргізуде мыналарға назар аудару керек:
Біріншіден, бұл жерде тиімді макроэкономикалық саясатты дұрыс негіздеу және қолдау болып отыр. Оны жүзеге асыру бағаларды ырықсыздандыру және сыртқы сауда үшін негіз дайындау мақсатында реструктивті вариантын (өндіріс пен экспортты тежеу) тұрмысқа жүргізуден басталды.
Екіншіден, ұлттық капиталмен салыстырғанда шетел капиталын тартуға артықшылық берілмеуге тиіс. Мұның себептері мынадай:
а) шетел капиталы ақыр аяғывнда белгілі бір ел үшін екі есе қымбатқа түседі;
ә) шетел көмегі көбіне екі ұшты мағынаға ие.
Үшіншіден, “қалған дүниеден көмек емес, сауда мен айырбас керек” деген қағиданы басшылыққа ала отырып, шетелдік нарықты ашып, дамыту қажет.
Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР-да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты “нарыққа бағыт ұстанған микродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру” болып табылатыны көрстеледі.
Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда, шетелдік өндіріс сфераларын жеңідікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекттің бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесін қолданған жөн.