Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ



бет173/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   305
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
5-бөлім: ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары


САБАҚ: Қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ: 65-сабақ. Морфология əлеміне саяхат

МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.4.2.6 – сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Сөз таптарын еске түсіре алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; тірек сөздердің көмегімен мəтіннің мазмұнын айта алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Сөз таптарын ажырата алады.

Зат есімнің, етістіктің, сын есім мен сан есімнің сұрақтарын біледі.



ТІЛДІК МАҚСАТ:

Морфология ұғымын түсіне отырып, сөздің түрленуі мен бөлшектенуі туралы айтып бере алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Математика, денешынықтыру.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Сөз таптары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

  1. минут



  1. минут

(Ұ) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар шеңбер құрып, «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады. Бұл ойын арқылы оқушылардың айтылым дағдылары дами түседі.
(Ұ) «Кім жылдам?» ойыны. Топқа бірігу.

Оқушылар алдымен туған айлары бойынша тізбек құрып тұрады. Əрі қарай жыл мезгілдеріне байланысты топтарға бірігеді. Топқа ат қойып, топ ережесін құрастырады.



Көңілді əуен қосып қою

Сабақтың ортасы

4 минут



(Ұ) «Микрофон» əдісі арқылы Əли мен Мерейдің диалогін оқи отырып, «Морфология» сөзінің грек тілінен аударғанда

«түр, тұлға», «сөз, ілім» деген мағына екендігін түсінеді. Фонетика мен синтаксис туралы білімдерін еске түсіру.



Микрофон

3 минут

1-жаттығу. (Ұ) Мəтінді мұқият тыңдап, негізгі тұстарын түсініп алу.

Ертегіні мұқият тыңдап, түсініп оқу. Ертегінің басты идеясын түсіну арқылы сөз таптарының санын анықтау. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар сөз таптарын еске түсіреді. Қарамен жазылған сөйлемдерді басшылыққа ала отырып, сөздердің сөз таптарына топталу себебін жазбаша түсіндіріп, ойларымен бөліседі.



Оқулықпен жұмыс

№ 3 дəптермен жұмыс



5 минут

(МК; Ұ) Оқулықта берілген ребусты шешу барысында жаңа сөз таптарының аттарын анықтау. Ребустың жауаптары: Есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу.

Оқулықпен жұмыс

3 минут

2-жаттығу. (МК; Ө; Қ) Сөз таптары туралы білетіндерін еске түсіру.

Оқулықта берілген тірек сөздерді парақшаларға жазып,

«Алтын сандық» ойыны арқылы мағыналарына қарай топтап, оларға сұрақ қою ұсынылады.

Оқулықта берілген əр топтағы сөздерге қойылатын сұрақтарды талдай отырып, сұрақтарға жауап беруде тілдік нормаларды сақтау.



Сандық


3 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет