Оқушылар оқулықта берілген «Ана тілі дегенді қалай түсінесің?» сұрағына өздері сияқты балалардың берген жауаптарын оқып, қай жауап көбірек ұнағанын анықтау үшін топтық жұмыс ұйымдастырылады.
Топта талқылап, себебін дəлелдеп түсіндіреді.
Оқулық
3 минут
(Ө; Ж; Қ) Сұхбатқа қосылып, өз жауабын жазбаша білдіру. Жіберілген қателерді мұғалімніңкөмегімен тауып,түзету.
«Ана тілі дегенді қалай түсінесің?» сұрағына берген өз жауабын дəптерге жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
№1 дəптермен жұмыс
2 минут
Ой сергек!
(Ө; Ұ) Ойын шартымен танысу. Бес түсті затты ретімен тез айтып шығу.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері əртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: алма (қызыл), күн (сары), ту (көк), шырша (жасыл), күрте (қоңыр).
Кімде-кім түске сəйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады.
3 минут
21-жаттығу. (Т; Қ) Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы топта оқып, талқылап, өз ойын білдіреді. Сөйлеу барысында өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеулеріне басшылық жасалады.
Оқулық
1 минут
(МК; Ж) Парталасымен диалогке түсу.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Парталасымен
диалогке түседі. Құраған диалогтерін топта жариялайды.
2 минут
(МК; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысына өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.Сыныптастарының тапсырманы орындау деңгейін
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша бағалайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушының іздену жұмысы бойынша тапқан ақпаратына өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
5 минут
22-жаттығу. (МК; Ө; Ж; Қ) Өлеңді оқып, жатқа жазу.
Мұғалім оқушыларға өлеңді жаттатып, жатқа жазғызады.
Өлеңді жатқа жазу қадамдары: Тақтаға/флипчартқа өлеңді жазып қою.
Өлеңді оқу үлгісін көрсету.
Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.
Өлеңді жаттау (3–4 минут).
Жазған өлеңді тексеру.
Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзету жұмыстарын жүргізе алу білігі бағаланады.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
2 минут
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Мархабат, рақмет сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(Ж; Ұ; Қ) Өлең түріндегі жолдарды парталасымен рөлге бөліп оқу. Қай жұп мəнерлеп оқығанын анықтау.
Өлеңді парталасымен рөлге бөліп оқиды. Басқа оқушылармен жарысқа түсіп, қай жұп мəнерлі оқығанын анықтайды.
Оқулық
1 минут
(Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін
«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.
Смайликтер
2 минут
23-жаттығу. (Т; Ұ; Қ) Топта талқылау жасау. Пікір
Оқулық
білдіру. Өз ойымен бөлісу.
Шығармашылық үзіліс.
Оқулықта берілген дұрыс сөйлеу көрсеткішіне сүйеніп, «оқушылардың дұрыс, əсерлі сөйлеуі туралы не айта аласың? Оларға қандай кеңес берер едің?» сұрақтарын топта талқылап, өз ойларымен бөліседі.
1 минут
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.
Диаграмма сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Оқулық Орфогра- фиялық сөздік
2 минут
24-жаттығу. (Ө; Қ) Өз сөйлеу деңгейлерін бағалау.
Оқушылар өз сөйлеу деңгейлерін оқулықта берілген
«Сөйлеу картасы» арқылы бағалайды. Нəтижесін оқулықта берілген жауаптан оқып, парталасымен ой бөліседі.
Оқулық
1 минут
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.
Алдын ала сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.