1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну; 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.3.3.1* мәтіннің жанрын (жұмбақ) ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:түстерді қайталайды, мұғалімнің көмегімен қоян туралы жұмбақты айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, қоян туралы жұмбақты айта алады.
Кейбір оқушылар:тақырып бойынша лексикалық қорды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексереді, амандасады. «Күлкі сыйла» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушыларды жаңа сөздер қатарымен таныстырады, «Кластер құру» әдісі бойынша жаңа сөздер жаттықтырылады.
1-тапсырмадағы сөйлесу үлгісі бойынша жаңа сөздердің қолданысын түсіндіреді. Оқушылар қоянды сипаттауды үйренеді. Осыған дейін үйренген кішкентай, әдемісөздерін қайталай отырып, қоянға қатысты қорқақ сөзін қолдана білуге
1-тапсырма бойынша қорқақ сөзімен танысады.
Осыған дейін үйренген кішкентай, әдемі, қорқақ сөздерімен қоянды сипаттау үлгісін үйренеді.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылардың назарын сұр түске аударады.
2-тапсырмада оқушылардың сұраққа тірек суреттер бойынша жауап бере алу дағдыларын қалыптастырады. Лексикалық қор «Сиқырлы сандық»» әдісі бойынша қайталанады. Оқушылар тапсырмадағы аң атауларын және сол аңдарға сәйкес келетін ақ, сұр, қоңыр, қызыл түстерді қайталайды.
3-тапсырмада оқушыларды жұмбақпен таныстырады. Ең алдымен оқушылар жұмбақ сөзін, жұмбақта кездесетін жаңа сөздер қатарының мағынасын түсіндіреді. Содан кейін оқушыларды қоян туралы «Түсі аппақ, өзі қорқақ» деген жұмбақпен таныстырады.
4-тапсырмада оқушыларды жұмбақ туралы сөйлесу үлгісімен таныстырады. Оқушылар диалогті аудиодискіден тыңдап, рөлге бөліп оқиды. Берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
5-тапсырмада оқушылардың назарын жұмбақ, тақпақ сөздеріне аударады. Мәтіннің жанрын ажырату бойынша жұмыс жүргізіледі. Тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар осыған дейін өткен материал негізінде өздерінің қандай жұмбақ, тақпақ білетіндерін айтады.
«Есте сақта!» айдары бойынша түстерді қайталайды, сұр түсті үйренеді.
2-тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді, аң атауларын және
ақ, сұр, қоңыр, қызыл деген түстерді қайталайды, сөйлем құрайды.
Мысалы:
Мынау – қоян. Оның түсі сұр. 3-тапсырмада жұмбақ сөзімен танысады, қоян туралы жұмбақты оқиды.
«Түсі аппақ, өзі қорқақ». 4-тапсырмада үлгі бойынша жұмбақ туралы өзара сөйлеседі.
5-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар жұмбақ, осыған дейін үйренген тақпақ сөздерін қайталайды.
Өздерінің тақпақ, жұмбақ білетіндерін айта алады.
Қандай? деген сұраққа жауап беру
Оқушылардың жұмысы «Жұптық сұрақжауап» әдісі бойынша бағаланады.
Осыған дейін үйренген жұмбақ, тақпақтарды еске түсіреді.