Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет80/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Алмаағашы» әдісі


Сабақтың тақырыбы: Аулада

Бөлімі: 4

Бізді қоршаған әлем

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Аулада

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну; 1.2.2.1* сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем);
1.5.1.2* мұғалімнің қолдауымен жіктік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: аулада не істей алатынын айта алады, тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады.
Кейбір оқушылар: аулада не істейтіні туралы толық айтады, сабақта үйренген білімін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.






ететін көңіл күй қалыптастырады.










Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суреттерге және сөйлесу үлгісіне аударады. Оқушылармен сөйлемдерді, сұрақты тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы сұрақ-жауап үлгілері негізінде өзінің аулада не істейтінін айтуға жаттығады.
2-тапсырмада оқушылардың сұраққа жауап беру, толықтырып айту дағдыларын қалыптастырады.
Берілген сөздерді (футбол, сурет, велосипед) тағы бір қайталайды, ойнаймын, тебемін, саламын етістіктерін пысықтайды. Тапсырма «Доп лақтыру» ойыны бойынша түрлендіріледі. Мұғалім оқушыларды шеңбер құрып тұрғызады. Содан кейін ойынды өзі бстап береді. «Сен не істейсің?» деген сұрақпен допты бір оқушыға лақтырады. Допты ұстап алған оқушы сұраққа өз қалауы бойынша жауап береді. Содан кейін «Сен не істейсің?» сұрағымен допты басқа бір оқушыға лақтырады. Осылай ойын жалғасады.
Осыдан кейін оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады.
Яғни етістіктердің болымсыз түрін

1-тапсырмада тыңдау арқылы «Сен аулада не істейсің?» деген сұрақ үлгісімен және жауаптарымен (Мен футбол ойнаймын. Мен сурет саламын. Мен велосипед тебемін) танысады.
Берілген үлгі бойынша өзінің аулада не істейтінін айтады.
2-тапсырмада «Сен аулада не істейсің?» деген сұраққа сөйлемдерді толықтырып айту арқылы жауап береді.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.
Доп лақтыру арқылы бір-біріне «Сен не істейсің?» деген сұрақты қоюға, сұраққа жауап бере алуға жаттығады.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық
Аудиодиск:
4.3.1; 4.3.4




қалай айту керек екенін үйретеді.
Оқушылардың назарын мына белгілерге ,  аударады, бұл белгілер басқа да сабақтардың тапсырмаларында кездеседі. Бірі болымды, екіншісі болымсыз етістікті білдіреді, яғни бір нәрсені істейтінін немесе істемейтінін көрсетеді.
3-тапсырмада мұғалім оқушылардың белгілер (,  ) бойынша жұмыс істей алуларына көңіл бөледі.
Тапсырмада берілген белгі бойынша етістіктердің болымды/болымсыз түрін жаттықтырады.
4-тапсырмада оқушылар сұрақ қоя білу, жауап бере алу алу дағдыларын жетілдіруге жұмыс істейді.
Тапсырмада берілген үлгіні алдыңғы сабақтарда үйренген сұрақтармен толықтыруға болады. Яғни балалар бір-бірімен амандасады, атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, аулада не істейтінін сұрайды.
Жұптық жұмысты мұғалім «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша ұйымдастырады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың суреттер бойынша велосипед тебу, сурет салу, футбол ойнау етістіктерін

футбол ойнаймын/футбол ойнамаймын, велосипед тебемін/велосипед теппеймін, сурет саламын/сурет салмаймын деп айтып жаттығады.
3-тапсырмада сөйлемдерді белгілер бойынша толықтырып айтады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен велосипед тебемін.
Мен сурет салмаймын.
Мен футбол ойнаймын.
4-тапсырма сөйлесу үлгісін аудиодискіден тыңдайды.
Сол үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады.
Әр жұп тақырып бойынша сөйлеседі. Содан кейін мұғалімнің белгісімен ішкі шеңбердегі оқушылар бір қатарға жылжиды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды. 1-тапсырмада оқушылар тірек суреттер бойынша өзінің не істейтініністемейтінін айтады.
Өз жауабына сәйкес шартты белгілерді

Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет