Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет154/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Жұптық сұрақжауап» әдісі қолданылады.
Жұмыс дәптері:
1-тапсырманың дескрипторы:
- суреттегі заттарды атайды; - сөзді қатесіз жазады.

№2 жұмыс
дәптері




Сүт, нан, алма, шие сөздерін сурет арқылы атайды. Оқушылар сөздерді қайталайды, әр сөзде қандай дыбыстар бар екенін айтады. Сонан соң мұғалім тапсырмадағы бір сөзді тақтаға жазады. Ары қарай оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Тапсырманы өз бетінше жаздырту арқылы мұғалім оқушылардың сөздік қорды еске сақтау, қаламды дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада етістіктерді қайталайды, ішемін, ішпеймін, жеймін, жемеймін етістіктерін еске түсіреді. Оқушылар сөздерді хормен және жеке айтады. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырманы оқып шығады. Сөйлемнің басын оқиды, сонан соң белгіге қарайды, белгіге сәйкес келетін етістікті таңдайды, сөйлемді толық оқиды. Қалған сөйлемдерді де осы тәртіппен орындатып шығады.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен мағынасын түсінгендеріне назар аударады. Оқушылардың бір-біріне кедергі келтірмей жұмыс істеуіне назар аударылады. Мұғалім оқушыларға дәптерлерін қасындағы сыныптасына беріп, бір-бірінің тапсырманы қалай орындағандарын тексертеді. Соңында оқушылар тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жауаптарын салыстырады.

Берілген сөздердегі қазақ тіліне тән әріптерді қатесіз жазады.
2-тапсырмада оқушылар етістіктерді оқиды, түсінеді.
Белгіге қарап, сөйлемнің мазмұнына сәйкес келетін етістіктермен толықтырады.
Сөйлемдерді толық оқиды, жазады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен су ішемін.
Мен алмұрт жемеймін.
Мен ботқа жеймін.
Мен шай ішпеймін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет