Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді.
«Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушыларды нешінші сыныпта оқитынын сұрау және сол сұраққа жауап беру үлгісімен таныстырады. Осы диалог арқылы оқушыларға реттік сан есімдерді үйретеді. Оқушылардың назарын оқимын, оқисың сөздеріне аударады, жіктік жалғауын құрылым түрінде түсіндіреді.
«Есте сақта!» айдарыбойынша мұғалім неше? нешінші? сұрақтарын салыстыра отырып сұрақтар
Оқушылар 1-тапсырмада
«Сен нешінші сыныпта оқисың?» деген сұрақпен және оның жауап үлгісімен танысады. жауап үлгісін есте сақтауға тырысады.
Мысалы:
айырмашылығын түсіндіреді. Оқушылар неше?сұрағына бір, екі, үш, төрт, бес т.с.с. деп, ал нешінші? сұрағына бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші т.с.с. жауап беруге жаттығады.
2-тапсырманы орындағанда оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, олар бір – бірінші, екі – екінші, үш – үшінші, төрт – төртінші т.с.с. деп қатар айтуға жаттығады.
3-тапсырма оқушылардың берілген үлгі бойынша сөйлесу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы үйренген сөйлеу үлгілерін еске түсіріп, оны жаңа сабақта үйренген сұрақтарымен толықтырады. Мұғалім оқушылардың «Сен неше жастасың?», «Сен нешінші сыныпта оқисың?» деген сұрақтарға жауап бергенде, есептік және реттік сан есімдерді дұрыс қолдануларына назар аударады. Мысалы:
Мен жеті жастамын. Мен бірінші сыныпта оқимын. Жұптық жұмысты мұғалім