Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет119/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Гончаровтардың өзге адамдары, ауылдағылар айтқандай, қазақшаға келгенде «таза 
мылқау» еді. Өйткені олар бізбен Василий және Тишко арқылы немесе ымдап қимылмен 
түсінісетін.Василий екеуміз шалғынға бауырымызды төсеп жатырмыз. Әрі бітік, әрі биік 
шөп бізді бүркемелеп, күн көзінен қорғанғысы келгендей қайта-қайта жапырыла 
тербеледі. 
Көліктер ұзаққа сілтемей, маңайлап жайылып жүр. Біздің кісілер әлі шөп шабуда. Оқта- 
текте қайраққа жаныған қысқа дыбыс естіледі. 
Василий екеуміз қатар жатып, дүниедегі бар білгенімізді айтып тауыса алар емеспіз. 
Кенет ол әлдене ойына түскендей, оқыс аунап түсті де, жанқалтасын қармана берді. 
— Мә! — деп бір уыс қуырылған пістені алақаныма үйе салды. 
Өзі де пістені лыпылдата шағып, қауызын түкіріп тастайды. 
Мен бұрын пістені аузыма алған емес едім. Досым берген пістені аузыма құя салдым да 
шайнай бердім. Әбден аузым көпіріп кеткен соң түкіріп жіберіп едім, Василий орнынан 
атып тұрды. Маған аңтарылып қарап қапты. Сонан соң ішек-сілесі қатып күле берді. 
Арасында әлденені орысшалап та, қазақшалап та айтқан болады. Бірақ құр міңгір мен 
күлкіден басқа ешнәрсе аңғара алмадым. Осылайша ол қарқылдап ұзақ күлді. Көзінен жас 
парлап кетті. Әлден соң барып күлкісін тыйды да, пістені біртіндеп таңдайына салып, 
қалай шағуды үйрете бастады. Қауыз бен дәнді араластыра жұтып жатып, Василий берген 
пістені тауыстым-ау. Ол тағы бір уыс пістені ұсынып еді, азар да безер болып алмадым. 
Өйткені тілімнің ұшы ойылып зар қақсап тұр еді. 
— Василь! Василь! Қайдасың? 
Кузьма шалдың оқыс даусынан екеуміз де ұшып тұрдық. 
— А-а-у! Мен мұндамын. 


194 
Әдеби KZ 
Шал ұлына дүрсе қоя берді. Сөйтсек көліктер көк шөпке тойып алып, енді шабындықты 
жапырып аунай бастаған екен. 
Екеуміз ұшқан құстай жүгіре жөнелдік. Шал артымыздан жұдырығын түйіп, ашуын тарқата 
алмай қала берді. 
Шабындықтың тең жарымы орылып болған екен. Айнала жал-жал болып сұлап жатқан 
шалғын тоқтап қалған толқынға ұқсайды. 
Арба маңында әйелдер түстік әзірлеп жүр. Көлеңкеде әкем әлі орақ шыңдап отыр. Кузьма 
шал қайтып барып орақшыларды іске жұмылдырып кетті. Түске қарай көкем әбден 
жаттығып, Гончаровтармен теңесіп алған еді. 
— Қарашы, — деді Василий жеңімнен тартып, — Момынқұл жақсы шабатын болыпты. 
Шынында да, көкем енді ғана көсіле бастаған жүйріктей үдеп келеді екен. Әлгінде ғана 
Кузьма шалдың оны «ақымақ!» дегені есіме түсіп, күліп жібердім. 
— Ха, менің әкемнің жұрттың бәрін «ақымақ» деп сөйлейтін әдеті, — деді Василий қолын 
сілтеп. 
— Сені ұра ма? — деп сұрадым одан, жаңа ғана әкесінің жұдырық түйгенін еске алып. 
— Аямай ұратын шығар. 
— Ұрады! — деді ол миығынан күліп, менсінбей. — Ұрады. Бірақ мен зытып берем де, 
қашан ашуы басылғанша көзіне көрінбеймін. Содан ол ұмытып кетеді.— Онда сен қазір 
жақындама. Әйтпесе соғып жүрер. 
— Жоқ, — деді Василий сенімді дауыспен. — Әкем біздің аттардан көз жазып 
қалғанымызды әлдеқашан ұмытқан. Ал сенің әкең ұра ма? — деп сұрады ол енді менен. 
— Менің әкем балаға қол көтеріп көрген емес, — дедім мен мақтанышпен. 
— Әкеңнен көбірек қорқасың ба, жоқ әлде көкеңнен бе? 


195 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет