Әдеби KZ
Мен жауап қата алмадым. Сонан ол Тишкоға әлдене деп тіл қатты. Тишко бізге аударып
берді.
—Бұл кісі, Бауыржан орыс тілін білмейді екен. Түсінбеген соң қиын болады ғой. Өзім
болсам қазақша білмеймін. Қалай үйреніп, қалай ұғынысамыз деп тұр.
— Егер Бауыржан орыс тілін білетін болса, мұнда әкеліп әуреленіп неміз бар? — деді
көкем.
Мұғалім күліп жіберді. Әлден соң келісім берді.
— Жарайды, орысша оқытайық деп талап қылған екен, қала қойсын. Көрерміз, бәлкім
еңбегіміз жанып, үйреніп кетер. — Сөйтті де Василийге бұрылып: — Сен енді бұған
көмектес?! Әйтпесе оқи алмай жүрер, — деді.
— Көмектесем.
Көкем «әдепті бол, ұқыпты бол. Бұзықтармен дос болма. Сабағыңа көбірек көңіл бол.
Шошқаның етін жеп жүрме. Орыс құдайына табынып жүрме» деп пысықтады да, ауылға
аттанып кетті.
Көкем кеткен соң, Гончаровтың кемпірі отыратын орынды көрсетіп, жататын жерімізді
белгіледі. Василий екеуміз пеш үстінде жататын болдық. Кемпір аз ойланып тұрды да
оқыс сұрақ қойды.
— Сенің «қойың» көп шығар?Мен сұрақтың мағынасын аңғара алмай, үйіміздегі қойдың
санын айттым. Кемпір күлді де, қойнына қолын салып тырнағымен әлденені алған болды.
Сөйтіп сығып көрсетіп жатыр:
— Міне, осы сияқты «қойың» бар ма?
Не дерімді білмей, ызаға булығып, кеміткеніне шыдай алмай, көйлегімді сыпырып алып
кемпірдің қолына ұстата салдым. Кемпір көйлектің бүкіл тігісін қарап шықты да, ешнәрсе
таба алмай өзіме қайтарып берді. Сұрағына ыңғайсызданды ма, кешірім өтінгендей
232
Әдеби KZ
басымнан сипады. Арқамнан қағып, көйлегімді кигізіп жатыр. Мұндай қорлыққа шыдай
алмай жылап жібердім. Шал кемпіріне бақырып ұрыса бастады. Гончаровтардың өзге
мүшелері де шешесін жазғырып кінәлады. Бейшара кемпір сасқалақтап ақтала сөйлеп
жатыр... Мені жұбатқысы келсе керек, Василийді ұстап алды да, қыңсылағанына қарамай
көйлегін шешіп тігістерін тексерді. Мен сонда да өзіме келе алмай, өксігі тұрдым. Бәрі де
мені аймалап, осы бір өкпеден тезірек жазып алғысы келгендей құрақ ұшады. Кемпір
маған мейіріммен қарайтын болды. Біраз күннен соң мен өкпемді ұмытып кетіп едім...
Кешкі астан соң Василий сабағына отырды. Ал Тишко менің әліппемді алып әріп үйрете
бастады. Мен бұл алфавитпен таныс едім. Бірақ әкем үйреткенде Б мен В-ның, К, Г және
X әрпінің, С мен Ц-ның, Е, И, Э және Й әріптерінің айырмасы жоқ сияқты бірдей естілуші
еді. Ал Ъ, Ы, Ь әріптері дегенді естіген емеспін. Гончаровтар бәрін анықтап ұзақ үйретеді.
Амал қанша, жуығырақта басыма қонар емес.
— Ал, кәне, — Василий деп айтып көрші.
— Басиль, — деймін мен оған.
—Жоқ, Басиль емес, Василий,—дейді Тишко,—түсіндің бе, В, Ва...
— Бесиль, — деймін мен. Сөйтемін де одан — солай ма деп сұраймын.
— Жоқ, тағы да дұрыс айтпай отырсың, Бе емес, Ва, Васи-лий. Түсіндің бе?
Олар осынау қиын әріптер кездесетін орыс және қазақ сөздерін мысалға келтіреді. Бірақ
миыма кіріп жатқаны шамалы.
Орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталған еді.
233
Достарыңызбен бөлісу: |