121
Әдеби KZ
үлгерді. Аққұл сондай әр кезеңде жаны рахаттанып «әп бәрекелде, әп бәрекелде!» — деп
тұр.
Көкпар ілген шабандоз осылайша кең жазықта бұлаңдап қуғыншыларды жан-жаққа
жамыратып жіберді де, өзі зулап ағып бізге қарай беттеді.
Қас қағымда жетіп келді де
көкпарды тік көтеріп.
— Мінеки, Ақа! — деп кесекше лақтырып жіберді.Енді ғана байқадым. Әлгінде ғана көкем
атқа мініп додаға араласқан еді. Сөйтсем көптің арасын көк толқындай тілгілеп жеке
шыққан сол көкем екен. Терлеген жүзін шаң көміп қарауытып кетіпті.
... Ымырт кезі. Айналаның бәрі көкпардан дүрлігіп енді ғана басылғандай тына қалыпты.
Кешкі қоңыр самал есіп тұр.
Қалыңдық пен күйеудің отау үйлерінің іргелері түрулі еді. Кереге көздерінен бәрі көрінеді.
Үбиан өз отауымда отыр. Үстіне ең сәнді киім киінген. Айнала қоршаған құрбы қыздары.
Аюбай да өз отауында күйеу жолдастарымен бірге отыр. Оның үстіне жаңа ғана
көкпардан қайтқан ағайындары — бір топ байтаналар кірген болатын.
Жиналған халық керемет көп. Ауыл ортасында бір топ еркек әлденеге керісіп тұр. Мен
соларға жақындап келдім. Сөйтсем, біздің үсендіктер мен
байтаналар тойды кім бұрын
бастайды деп дауласып тұр екен.
— Құдалар, бұларың болмайды. Өз ауылымызда отырып, өзіміздің ерке қызымызды
ұзатып отырып, той тізгінін сендерге бере алмаспыз, — дейді біздің үсендіктер.
— О, не дегендеріңіз. Қыздың
өскен жері сендер болсаңдар, өнер жері бізбіз. Олай
бөлектегендеріңе біз де көнбейміз! —дейді байтаналықтар.
— Бұл сөздеріңіздің де уәжі бар. Бөлектейін деп тұрған біз де жоқ. Дегенмен
қалыңдықтың ауылындағы той иесі бізбіз. Өзіміз бастайық. Сендер елдеріңе барып той
жасасаңдар, сопы басқарарсыңдар.