116
Әдеби KZ
сөземес, — әуезді ән салғандай, жай ғана қаражаяу жүріспен емес — толқын үстінде жүзіп
келе жатқандай сезілді.
Әйелдер жағы алдымен қалыңдықтың отауына бас сұғады.
— Бақытты бол, бағың ашылсын!
— Әр күнің бүгінгідей ашық болсын!
— Басыңнан жақсылық кетпесін!
— Босағаң берік болсын!
— Үйің қуанышқа толсын!
Әпкем бәрінің де ықыласына риза болып, шын жүректен алғыс айтады: «Жақсы сөз жан
семіртеді, құлақ құрышын қандырады, үмітіңді үдетеді, жүрекке қанат бітіреді...
Сендердің жарқын жүздеріңе көз тойдырар емеспін.
Жақсы сөз жарым ырыс дегендей,
айтқандарың келсін. Өмір бойы ұмытпаспын сендерді».
Сонан соң әйелдер жасау көруге кіріседі.
Ерлер жағы алыстан-ақ аттан түсіп, күтуші жігіттерге тізгіндерін ұстатады.
Мен таныс жүз кездестірем бе деп топ жігітке көз тастап едім,
бәрі де бір-біріне ұқсас
сияқты көрінді.
Жігіттер жағы дабырласып асыға бастады.
— Аққұл келеді! Аққұл келеді.
Аққұл құндыздай жылтыраған, қысқа жал, келте құйрық боз айғырмен келеді екен.
Кәдімгі «ор текедей орғыған жүйрік» деп атайтын әйгілі сәйгүлігі. Қасына отыздағы үлкен
ұлы Асылбай мен Тінәлі нағашым еріпті.