Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет83/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144
Әдеби KZ 
Әкем соның бәріне алыстан қарап тұрып, көзіне жас алды. Үбиан болса сыңсуын үдетіп 
барады. 
Біз Әлиман екеуміз әкеміздің жанында тұрғанбыз. Өкіріп жіберуге сәл-ақ қалып тістене 
берем. 
Бұл кезде жасау артылып, жұрттың алды атқа қона бастаған екен. Үбианның да сәйгүлігін 
әкелді. Сол кезде әпкемнің даусы бұрынғыдан да зарлы шығып еді. Ауыл әйелдері бәрі 
құшақтап көрісіп, жақсы тілегін жаудырып жүр. 
Елдің ең соңында әкем келді. Ол қызын бауырына басып тұрып иіскеді. Даусы қалтырап 
батасын берді де, көз жасын көрсеткісі келмей, тез бұрылып кетті.Сол-ақ екен, Аюбайға 
еріп келген жетеудің ішінен екі күйеу жолдасы әпкемнің қолтығынан лып еткізіп көтерді 
де, атқа қондыра қойды. Ер үстінде ауытқып отырған әпкемді бірі сүйемелдеп, бірі ат 
тізгінін жетелей жөнелді. 
Сол сәтте Әлиман да сыңсып жіберді. Әлдебір келіншек әпкемнің басына көлдей ақ 
сәлкешті бүркей қойды. Құдды қара күрең толқын үстіндегі ақ желкендей теңселіп әпкем 
ұзай берді. 
Әжем, мен және сыңсыған әпкем үшеуміз жеті жігіттің жетегінде Аюбайдың ауылына 
қарай бет алдық. 
Біраз жол жүрген соң Үбиан жасын тыйды. 
Жарым жолға келгенде бір ауылдың тұсынан өттік. Бұл ауылдың қыз-келіншектері 
алдымыздан шығып, жігіттері арқан керді. Сый-сияпатын алған соң, енді ауыл 
келіншектері жол шетіне дастарқан жайып сусын берді. Өздері жасау-жабдықтарды 
қызықтасып жатыр. Көп кідірмей бұл жерден де жүріп кеттік. 
Күйеудің ауылына жақындағанымызда, бір топ қыз - келіншектер алаөкпе боп жүгіріп 
алдымыздан шықты. Үбиан аттан түсіп, иіліп ізет көрсетті. Біз әжем екеуміз отырған күйме 
тікелей ауылға тартты. Бізді ауыл шетінде елдің игі жақсылары күтіп тұр екен. 


127 
Әдеби KZ 
Орталарында елтіріден тымақ киген, түйе жүн шекпенді желбегей жамылған қарт кісі бар. 
Таяққа сүйеніп, еңкіш денесін әзер игеріп тұр. Мұрты қияқтанып, аппақ сақалы 
желбірейді. Әбден тарамыстанған салалы саусақтарымен сақалын дамылсыз тараштайды 
екен. Сөйлегенде иегі дірілдейді. 
Осыншама кәрілігіне қарамай, тістері әлі бүтін көрінеді. Денесінің сіріңке қаралығын 
аппақ сақал ерекше айқындап тұр. Айналасындағының бәрі «ата-аталап!» елпілдеп жүр. 
Бұл біздің бас құдамыз — Аюбайдың әкесі Майлыбай ақсақал екен. 
Бізді үлкен үйге Майлыбайдың өзі бастап кірді. Әжем екеуі қатарласа жайғасып, маған 
әжемнің сол жағынан орын берді. Өзге ағайындары жасына қарай, құрметіне қарай 
қатарласып отырды. Үйде бір сәтке тыныштық орнап, бәрі де бір-біріне жылы шыраймен 
қарасады. Әлден соң Майлыбай әжеме бұрылып амандық сұрады. Мен шалдан көз алар 
емеспін. Ол сөйлеген кезде, тамағы бейне бір қымыз толы сабаның бүлкіліндей тербеледі 
екен. Әжем де амандық-есендік сұрасып жатыр. 
Мұнан кейін Майлыбай бізді үйде отырған құдалармен таныстыра бастады. Үлкен ұлының 
сақалына да ақ кіріп қалған кісі екен. Ортаншысы қою қара сақалды, толық кісі көрінді. 
Одан кейінгі екеуі де жігіт ағасы боп қалғандар. Кенжесі Аюбай жездем боп шықты. 
Үбиандар бөлек отауда отыр. Тап қазір ол жақта не боп жатқанынан хабарсызбын. 
Қасындағы әр қыз «жеңешелеп» сәлкешінің шашағын тартқылап отырған шығар. 
Біз отырған үйге енді елдің қадірменді аналары, қарт кемпірлер келе бастады. Бәрі де 
әжеммен емірене амандасады. Майлыбай ол кісілердің жақындық жағын айтып 
таныстырып отыр. 
— Ал, қара жігіт, — деді бір аппақ кемпір жас кезіндегі әдетімен, — кемсеңдеген шағында 
кенжеңе де отау тігіп, көңілің орнықты ма. Ақ түйенің қарынын ақтаратын кезің енді келді. 


128 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет