129
Әдеби KZ
Майлыбай мен әжемнің ортасында ақ сәлделі жирен молда отыр. Кірпігін сүрмелеп
алыпты. Бәрі соны «тақсыр» деп тәжім етеді. Ол ауыл адамдарының кез келгенін
«жұртым» деп кішірейтіп айтады. Оны пір санайды екен.
Бірақ дәл бүгін
елдің бәрі өзге қызықты аңдып, өзге біреуге табынғалы отырғандай
сезіледі.
Айтқандай-ақ жұрт:
— Өтеп келді, Өтеп келді, — десіп шу ете қалды. Ішке орта бойлы, тығыншықтай келбетті
кісі кірді. Жұрт жабыла қолтықтап ортадан орын ұсынып жатыр. Ол өзгелерден ерекше,
биіктеу көпшікке келіп жайғасты. Өтептің қақпақтай кең
жауырыны мені көлегейлей
берген соң, мен әжемнің иығына сүйеніп тұрып, қызыққа көз салдым.
Бір әйел қызыл шоқ салған таба әкеліп Өтептің алдына қойды. Өтеп болса, екі жеңін
түрініп, шоққа алақанын қыздырды да, қолын созды. Сол кезде оның оң қолына оқтау
ұстатты. Оқтаудың басына шеті түйілген орамал байлапты.
Өтеп иек қағып еді, үлкен үйдің есігі ашылды. Ішке екі келіншек қолтықтаған Үбиан әпкем
кіріп келеді екен. Басына төгілтіп орамал бүркепті. Әлгі екі келіншек босағадан аттай бере
иіліп сәлем берді. Әпкем соны қайталады.
— Қадамың құтты болсын, қарағым! Үлкен босағадан, киелі босағадан аттадың. Атаңа
құрмет көрсет, — деді отқа жақын отырған бір кемпір.
Әпкем иіліп сәлем салды.
Сонан соң екі қадам жасады да, Өтептің алдына келіп тұрды.
Бүркеншектің шашағы жер сызып, әпкемнің аяғына дейін көміп тұр.Кенет Өтеп даусын бір
кенеп алды да әндете жөнелді.
— Э-э-э-эй!— дегенде үйдің іші қыбыр етпей тына қалды. Өтеп тақпақтай жөнелді.
Келін-келін келіп тұр.
Келіп үйге еніп тұр