Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет42/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168
ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ
(1807–1867)
Қызметі: халық ақыны, Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836-1837) қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі.
Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді.
Ақын азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасады: «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т.б. жырларын шығарды.
Шернияздың «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Көл қылып құдайым талай судай ағын», т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады.
«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» көркемдігі аса жоғары туынды болып саналады.
Шернияз өлеңдерінің үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшһүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар.
Атырау облысындағы Мұқыр стансасына жақын жерде жерленген.
Өлеңдері:
«Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас»
«Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай»
«Исатай ел еркесі, ел серкесі»
«Ай, Қазы би, Қазы би»
«Тостағанды қолға алып»
«Ай жігіттер»
«Сөз сөйлеймін бөлмелеп»
«Көл қылып құдайым талай судай ағын»
«Баймағамбет сұлтанға айтқаны»


ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ
(1818–1881)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Қаратау бойы. Қайтыс болған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы. Сүйегі Қарақыстақ аңғарының жоғарғы саласында шағын обаның үстіне, көне бейтке қойылған.
Қызметі: ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер, әдебиеттегі «Зар заман» деп аталатын кезеңнің ірі өкілдерінің бірі.
Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радлов, оның өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылды.
М.Әуезов Шортанбай, Мұрат, Дулат секілді ақындарды «Зар заман ақындары» деп айтқан.
Ол бүкіл өмірі мен ақындық дарынын туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның ертеңгі болашағының мән-жайын жырлауға арнады, өзі куә болып отырған заманның кесел-мерездерін өзгелерден бұрын сезініп, соны аяусыз әшкерелеуге аянбай атсалысты.
Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған», т.б. толғаулары арқылы ақиқатты ашып көрсетті.
Ең танымал туындысы – «Келер заман сипаты». Онда халықтың болашағын болжай отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсетіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді.
Шортанбай айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайысына түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі, мазмұны жағынан толымдысы – Орынбаймен айтысы.
Шортанбай мұраларын зерттеушілер: М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Мұсабаев12.

Толғаулары:


«Атамыз Адам пайғамбар»
«Шортанбайдың насихаты»
«Асан Қожаға айтқан арызы»
«Зар заман»
«Бала зары»
«Тар заман»
«Опасыз жалған»
«Келер заман сипаты»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет