Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет43/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

ЗАР ЗАМАН
Зар, зар заман, зар заман,
Зарлап өткен тар заман.
Төрт аяқты хайуан –
Бұл дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір Алладан басқаның
Көп-ті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондағы зорлар қор болды.
Әуелгі барлар жоқ болды,
Соңдағы жоқтар тоқ болды.
Жан білмейтін жамандар,
Жөн білмейтін надаңдар
Ел билеген бек болды.
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды.
Ниетіне қазақтың
Тым-ақ тәуір еп болды.
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді – жаз аз боп,
Бай таусылды – мал аз боп.
Ағайынын көре алмай,
Атаға бала араз боп,
Қорлықпен өткен күніміз.
Кетер ме деп дініміз,
Сол себептен қорқамын!
Келе жатыр жақындап
Ай мен күннің арасы.
Таңда махшар болғанда,
Таразыны аударар
Залымның қылған күнәсы.
Тәуба, таупық келтірмес
Азған елдің молдасы.
Жаһаннам деген дозақта
Шайтан болар жолдасы.
Құбыласын білмей құл,
Сонда тартар жазасын.
Кешірмейді Құдайым
Бес намаздың қазасын.
Құрт-құмырсқа жиналып,
Кетірер оның мазасын.
Сақта, Құдай, сонан деп,
Сол себептен қорқамын!
Сүйінбай Аронұлы
(1815–1898)
Туған жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ деген жер.
Қызметі: белгілі қазақ ақындарының бірі.
Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен.
Ол 14-15 жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген.
Cүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей сынайды.
Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін аралаған. Өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезек төре, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген.
М. Әуезов Сүйінбайды «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған.

Өлеңдері:



«Төрелерге»
«Үмбетәліге»

Төрелердің парақорлығы, арсыздығы жайлы

«Әділеттік орнаса»

Шындықты, ақиқатты тануға шақырады.

«Бөрілі менің байрағым»

қазақтың қаһармандық бейнесі жайлы

«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері жайлы

БӨРІЛІ МЕНІҢ БАЙРАҒЫМ


Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен.
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен.
Жау тисе жапан далада,
Бөрілі найза атамыз
Қарасайлап шабамыз,
Қызыл қанға батамыз.
Бөрілі байрақ астында
Ту түсіріп, жау алған
Қазыбек, Қастек атамыз.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Жоқты жонып табамыз,
Бөрілі байрақ астында
Ту түсіріп, жау алған
Шапырашты батыр бабамыз.
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет