2.2.1 Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық,лингвистикалық және психологиялық негіздеріне түсінік беріңіз.
Оқу – екі жақты процесс, оған бір жағынан – мұғалім, екніші жағынан – оқушылар
қатысады. Мұғалім оқу жұмысын ұйымдастырып, оған тікелей басшылық етеді. Ол
оқушыларға жаңа білімді түсіндіреді, танымдық қызметін жандандырады, тапсырма беріп,
оның орындалуын қадағалайды. Оқушы еңбегінің қаншалықты тиімді болып отырғанын
ескеріп, білімін бағалайды. Оқу процесінің табысты болуында мұғалімнің теориялық
дайындығы, методикалық шеберлігі, педагогикалық әдептілігі шешуші роль атқарады.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне
басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады, ал, оқушылардың үйрену методы
дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері. Оқу процесін жүргізу
жұмысында басшылық рольді мұғалім атқарады. Сол себепті мұғалімнен білімділік және
методикаға төселген шеберлік талап теіледі. Ал, оқушылар болса оқу еңбегіне саналы әрі
белсенді түрде қатысу дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет.
Осындай екі жақты белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген
педагогикалық мақсаттарға жете алады.
Оқыту әдісінің негіздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық негізі
дүниетаным теориясы болып табылады.
Оқыту әдісінің педагогикалық және психологиялық негіздері де бар. Біріншіден,
оқыту әдісіоқудың мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді. Оның өзі оқушыларды
тәрбиелеу мақсаттарынан туындайды.
Екіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі дидактика принциптерін өз табиғатына лайықтап
қолданады. Мәселен, теория мен практиканың байланыстылық принципі қазақ тілін
оқытуда кеңінен орын алады.
Үшіншіден, бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдісі психология ғылымына
сүйенеді, оның жаңалықтарын негізге алады. Осыған орай балалардың абстракциялы
ойлау қызметінің даму деңгейіне сәйкестіріліп, грамматикалық, абстракция элементтері
енгізіліп келеді. Бұл ретте оқыту методы оқушылардың жас ерекшелігіне, ақыл-ой
дамуына, қабілеті мен талғамына сәйкес қолданылады.
Төртіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі оқу мазмұнына шарттас құралыдаы. Оқу
мазмұнының өзгеруіне байланысты оқыту әдісі де өзгеріп отырады. Мысалы, сынып
сайын оқу материалының бірте- бірте күрделене түсетіндігіне сәйкес оқыту әдісі де
оқушылардың бақылау, ойлау қабілетін дамыта түсетін өздік жұмыс әдістеріне көбірек
орын беріледі.
Бесіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі тіл білімі ғылымының зерттеу әдістеріне тығыз
байланысты әрі біршама оған бағынышты келеді. Бірақ ғылыми-зерттеу әдістері мен
оқыту әдісі бірдей емес. Оқыту негізінде, ғылымда анық танылған білімді баяндау,
түсіндіру логикасын көрсетеді, оқушылар ондай білімді ұғынып меңгереді.