Байланысты: Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология
Білімді ақпараттандырудың проблемалары мен оларды шешу жолдарын, дамытудың түрлі деңгейлерін И.В. Роберт, В.И., Гриценко, Ю.С., Завальский, Б.Г. Киселев, С.С. Ландо, В.В. Рубцов, т.б. талқылаған.
Оқытудың техникалық құралдарын орта мектепте пайдалана отырып оқу үдерісін жетілдіру, оқушылардың білім-білік, дағдыларын қалыптастыру мәселелерімен А.И. Маркушевич, Н.Ф. Талызина, Н.И. Тихонов, М.Ә. Құдайкулов, Н.В.Кузьмина, К.К. Платонов, т.б. ғалымдар айналысқан.
О.П. Таркаев, А.В. Иващенко, В.К. Цонева, В.П. Пустовойтовтардың зерттеулерінде компьютерді оқу үдерісінде пайдаланудың жалпыпедагогикалық аспектілері қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологиялардың оқыту үдерісіне тигізер әсерінің психология-педагогикалық негізі Н.Ф. Талызина, Б.С. Гершунский, В.А. Новиков, В.М. Монахов, А.Я. Савельев, О.К. Тихомиров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінген.
Орта мектепте математика пәнін оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану E. Баранова, Р.Б. Бекмолдаева, С.С. Дайырбеков, В.С. Свиридовтар, диссертацияларының зерттеу пәніне енген.
Соңғы кезде электрондық оқулық басылымдармен жұмыс мәселелері зерттелініп, (Г.К. Нургалиева, Ж. Қайдасов, В.В. Гриншкун т.б.) тура және кері байланысты іске асыратын автоматтандырылған кешен түріндегі жүйелер ұсынылуда.
Компьютер арқылы оқу материалдарын көрнекі ұсынып оқытатын «Живая геометрия» бағдарламасы Ресейде қолданысқа еніп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға тиімді пайдаланылуда.
Келтірілген қысқаша шолу қазіргі білім саласында жаңа, ақпараттық парадигманың қалыптаса бастағанын көрсетеді.
Алайда геометрия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстарын талдау біз қарастырып отырған мәселелердің толық қамтылмағанын көрсетті. Негізгі мектепте планиметрия курсын оқыту барысында оқушылардың іс-әрекеттерін ақпараттық технология арқылы ұйымдастыру мен басқару, теоремаларды дәлелдеу мен есептер шығару кезінде ұғымдар арасындағы байланыстарды бекітетін іс-әрекеттерді ақпараттық технология қолдауымен жүргізу, бағдарламалық кұрал-жабдықтың көмегімен оқушылардың білім-білік, дағдыларын тиянақтау мен бекіту, есте сақтау ерекшеліктері мен табиғаты психология-дидактикалық және әдістемелік зерттеулерде тиісті аспектілер тұрғысынан талқыға салынған.
Негізгі мектептегі планиметрия курсын оқытуда оқушылардың тиісті ұғымды нәтижелі қалыптастыру, есептер шығару мен теоремаларды дәлелдеу біліктерін игерту қызметін ақпараттық технология мүмкін, қажеттілігі мен оның іс жүзінде әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі арасында қарама-қайшылық туындайды. Осыған орай, мектепте планиметрия курсын оқыту сапасын жетілдіру үшін ақпараттық технологияны пайдалану жолдарын анықтау осы курсты оқыту әдістемесіндегі көкейкесті мәселе болып табылады.
Мәселенің ауқымдылығы, оның жеткіліксіз зерттелінуі, ғылыми практикалық мәнділігі ескеріле келе, диссертациялық жұмыстың атауы «Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдаланып жетілдіру әдістемесі» болып таңдалды.
Зерттеу мақсатын негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдаланып жетілдірудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу, эксперименттік жолмен тексеру.