Зерттеу нысаны – 7-9-сыныптарда геометрия пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны қолдану негізінде жетілдіру әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер планиметрия ұғымдарын қалыптастыруда, теоремаларды дәлелдеуде, есеп шығаруда ақпараттық технологияны қолдану мүмкіндіктері айқындалып, оның негізінде оқыту әдістемесі жасалынса, онда Планиметрия курсын оқыту және оқушылардың оқып-үйрену жүмыстары жетілдіріле түседі, өйткені олар өздеріне қажетті ақпаратты іздеуге, тауып алып, дұрыс пайдалануға дағдыланады.
Зерттеудің мақсаты, ұсынылған болжамды жүзеге асыру төмендегідей міндеттерді шешуді талап етеді:
- негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың дидактика-әдістемелік негіздерін айқындау;
– негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың әдістемесін жасау;
– негізгі мектепте Планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту жөніндегі тәжірибелік-экспериментін жұмысы ұйымдастыру, нәтижелерін талдау
Зерттеудің жетекші идеясы — Планиметрия курсы ақпараттық технологияны пайдалану негізінде оқытылса, онда оқудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарында қарастырылған нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік берілетіндіктен, оқу үдерісінің тиімділігі артады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін оқытудағы іс әрекеттік көзқарас, ақыл-ой іс-әрекетін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясы, білім берудегі технологияық көзқарас, оқытудың философиялық, педагогикалық, психологиялық және дидактикалық тұжырымдамалары құрайды.
Зерттеудің көздері: ҚР Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, математика пәнінің оқу бағдарламасы білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, шетелдік және отандық философтар, психологтар, педагогтар және математика мұғалімдері мен әдіскерлердің еңбектері.
Достарыңызбен бөлісу: |