Зерттеу әдістері: — мектептердің жұмыс бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу құралдарын, психология-педагогикалық, математикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
— негізгі мектептегі оқу үдерісін ақпараттық технологияны пайдалануға қатысты елімізде және әлем елдерінде жинақталған тәжірибелерді зерттеу, жалпылау;
– математика пәнінің мұғалімдерімен пікір алмасу, мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу
– негізгі мектепте тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу және оның нәтижелерін математика-статистикалық әдістер арқылы өңдеп-талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: — негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жетілдірудің дидактика-әдістемелік тұрғыда айқындалуы.
– негізгі мектепте планиметрия курсының ерекшелігіне сәйкес ақпараттық технологияны пайдаланып окыту әдістемесі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы– планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың ғылыми негізделген әдістемесінің жасалынуында: алынған теориялық нәтижелердің бұл саладағы болашақ зерттеу жұмыстары үшін базалық негіз бола алатындығында.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы– планиметрия курсын окытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру үшін диссертацияда жасақталған компьютерлік бағдарламаны, дидактикалық құралдар жүйесін, негізгі мектеп лицейлерде, гимназияларда пайдалануға болатындығында. Планиметрия курсын оқытудың ұсынылған технологиясын педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады: — ақпараттық технологияның даму жағдайындағы мектептің оқу пәні ретінде геометрия курсының құрылымын, мазмұнын және рөлін анықтау;
— негізгі мектептің планиметрия курсын заманауи ақпараттық технологиямен интеграциялау арқылы оқытудың әдістемелік жолдары; — «Негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту» атты арнайы курс бағдарламасы;
– зерттеу жұмыстары барысында біздің қол жеткізген жетістіктер негізінде ақпараттық технологияны қолданып планиметрия курсын оқытуды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.