Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) педагогикалық іс-тәжірибелерді зерделеу, негізгі мектептегі мемлекеттік емтихан және мемлекеттік бақылау нәтижелерін, планиметрия курсын оқытудың қазіргі жағдайын талдау арқылы оқушылардың математикалық біліміндегі олқылықтардың себептері анықталды.
Екінші кезеңде (2002-2004 жж.) ақпараттық технология дидактикалық бірліктерді ірілендіру мен ақыл-ой іс-әрекетін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориялары және алгоритмдік әдіс тұрғысынан қарастырылып, оның планиметрия курсын оқытуды жетілдіру мүмкіндіктері анықталды. Оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін тексеруге қатысты тест сұрақтарының жүйелері, компьютерлік бағдарлама құрылды.
Үшінші кезеңде (2004—2007 жж.) 7-9-сыныптарда геометрия сабақтары ақпараттық технологияны пайдалана отырып өткізіліп, нәтижелері талданды. Зерттеу барысында тұжырымдалған негізгі қағидалар нақтыланып, түзетілді. Алынған нәтижелерді жалпылап талдау жұмыстың қорытындысында келтірілген тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік берді.
Зерттеу базасы. Зерттеу Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында орындалды. Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы «Жаңа дала» орта мектебінде, Шымкент қаласындағы №75 көпсалалы мектеп-гимназиясында, №60 орта мектебінде, М.О. Әуезов атындағы №32 орта мектебінде жүргізіліп, нәтижелері оқу үдерісіне енгізілген. Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігінзерттеу тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын, оқыту әдістерін, жан жақты талдау; талдау нәтижелерін зерттеу барысында негізге алу; тәжірибелік эксперименттік жұмысқа қатысқан оқушылар санының жеткілікті болуы, эксперимент нәтижелерінің математика-статистикалық тәсілдермен өңделуі қамтамасыз етті.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу.Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары, нәтижелері мен қорытындылары: 1. — келесі республикалық, және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жарық көрген: «Физиканы, математиканы және информатиканы инновациялық оқыту: өзекті мәселелері және болашағы» (Шымкент, 2004) «Педагог мамандарды кәсіби дайындаудағы қазіргі білім беру технологиялары» (Шымкент, 2004), «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» (Шымкент, 2007), «Wyksztalcenie I Nauka bez granic-2008>>
— М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының семинарларында, университеттің ғылыми-әдістемелік семинарларында талқыланып, ғылыми есеп түрінде баяндалды;
— отандық мерзімді басылымдарда жарияланған: «Ізденіс-Поиск» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында (No3, Алматы, 2005); «Ұлт тағылымы» журналында (No1, Алматы, 2008); Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ «Хабаршысында» (No4, Алматы, 1 2008); Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Хабаршысында» (Түркістан, 2008);
— жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында геометрия пәнін оқытуда кеңінен пайдаланылДЫ;
— оқу-әдістемелік құралда көрініс тапты.