Байланысты: Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология
Ақпараттық технология бойынша оқытуды ұйымдастыру әртүрлі әдістермен іске асуда. Мысалы, қазіргі кезде өзін-өзі тексеруде, ағымдық және қорытынды бақылауларда компьютерлік тестілеу кеңінен қолданыс табуда. Компьютер арқылы бақылау ісін де тестілеу әдісі сияқты оқытудың ақпараттануына жатқызуға болады. Компьютерді оқыту барысында тиімді қолданудың бір жағы оқушының оқу белсенділігін басқарумен сипатталады. Оқушы компьютерден алған қажетті ақпаратты саналы түйсініп, білімге алмастырады. Оны оқу мен еңбекте қолдану оқушының іс-әрекет құралына айналады. Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті жоспарлы түрде оқушының танымдық іс-әрекеттерін жетілдіруге бағытталы. Көптеген дидакт, психолог ғалымдардың зерттеулерінде танымдық іс әрекеттерді беладсендіре отырып оқытудың артықшылықтары көрсетілген.
Диссертациялық жұмыстың 2-бөлімінде планиметрия курсын оқытуда ақпараттық технологияны қолдану мәселелері жан-жақты талданған.
Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау, келесі деңгейге өткізу сияқты жұмыстарды мұғалім орнына компьютердің басқару мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оқушылардың дайындық деңгейлерін компьютер анықтап, егерде оқушы білімі қанағаттандырса, келесі тапсырмаға өтуге рұқсат береді, яғни мұнда оқытуды тікелей компьютер басқарады. Ақпараттық технология негізінде оқушы білімді ақпараттық кеңістіктен іздеп, өз бетімен білім алып, өзін өзі дамыта алады.
Біз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негізделген оқыту және оқушының оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарында ақпараттық технологияны қолдану моделін жасадық(1-сурет).
технологияны қолданудың моделі
Осы модельдегі тәртіпті сақтау арқылы оқушының жаңа әдісті қабылдауға деген дайындығын; әрбір жаңа жағдайға байланысты іс-әрекеттерді дұрыс орындай алуын; әрбір орындалған іс-әрекеттің мақсатын айқындай отырып, орындалған іс-әрекеттер тізбегінің дұрыстығына көз жеткізуін; қоршаған ортаның геометриялық сипатын түсінуін, көзқарастар мен тұжырымдардың көпбейнелілігіне түсіністікпен қарауын; өз пікірін тұжырымдап қорғай алуын; өз қызметін өткен кезеңдердегі тәжірибелерін ескере отырып, орындалатын тапсырмаға бағдарлай алу түріндегі жалпы қасиеттерге ие болуын қамтамасыз етуге қол жеткізілуі тиіс.