4. Андрон мәдениеті: зерттелуі, кезеңделуі, ескерткіштері. ТАРИХНАМА: Қазақстанда қола дәуірін зерттелуі Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылды. 1933 жылы КСРО Ғылым Академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырған Нұра экспедициясының көрнекті мүшелері РЫКОВ; АРТАМОНОВ; ГРЯЗНОВ сияқты ғалымдар еңбек сіңірді. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының меңгерушісі Ә:МАРҒҰЛАННЫҢ еңбегі зор. Ә.Марғұлан Атасу, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай ескерткіштеріне зерттеу жүргізді. Шығыс Қазақстан жерінде қола дәуірін зерттеуде үлес қосқан С.ЧЕРНИКОВ. Одан бөлек ХХ ғасырдың елуінші жылдары қола дәуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңіргендер: К.Ақышев, А.Оразбаев, А.Максимовалар.
Қазақстан жеріндегі қола дəуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мəдениеті – ғылымда Андронов мəдениеті деп аталады. Бұл дəуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді жəне Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мəдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мəдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мəдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мəдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады.
Зерттеушілердің көпшілігі андронов мəдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. 2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сəйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды.
Қазақстанның Андроново мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті.