Ежелгі шығыс елдерінің құқықтық мұралары



бет4/16
Дата06.01.2022
өлшемі205,26 Kb.
#16262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ежелгі Қытай

  • 1.Заңның қайнар көзі
  • Ежелгі Қытай құқығы Хань дәуірінде мемлекеттік дінге айналған Конфуций ілімі мен легистердің құқықтық-философиялық мектебінің ықпалымен қалыптасты. Ежелгі Қытай құқығы дамуының үш кезеңін атап өтуге болады.
  • Бірінші кезең – Шан Инь дәуірінде қоғамдық қатынастарды реттеуде этикалық нормалар басты рөл атқарды. Бұл нормалар: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, ақсүйектерге бас ию, Ванға(патша) адал қызмет ету қағидаларынан тұрды.
  • Екінші кезең – Чжоу дәуірінде тұрақты жазалау жүйесі бар заңнамалардың рөлі артады. Ал Цинь дәуірінде легистердің мемлекеттегі беделі күшейді. Б.д.д. 5-4 ғ.ғ. легистер өкілі Ли Кун “Ай патшаларының заңдары" кітабын шығарды. Б.д.д. 193ж. Хань мемлекетінің заңдар жинағы қабылданды.
  • Үшінші кезең- біздің дәуіріміздің қарсаңында басталады. Бұл кезеңде мемлекеттік дінге айналған конфуцизмнің легизммен қосылуы, яғни құқықтың жаңа тұрғыдан конфуциялануы процесі жүріп, нәтижесінде ізгілік нормалары мен тыйым салатын нормаларды бұзғандығы үшін қолданылатын жазаның бірігуінен туындаған ізгілік-құқықтық нормалардың заң күші танылды.

2.Меншік құқығы

Ежелгі Қытайдағы құқықтың объектісі болып жер және құлдар саналды. Жер Шан Инь дәуірінде императордың (Ванның) меншігінде болып, оның төңірегіндегілер жерді жерді пайдаланудың сыйға алу құқығына ғана ие болды. Чжоу кезеңінде жер жеке меншік иелігіне өтті. Цинь империясы кезінде, яғни б.д.д. 1 ғ. ортасынан бастап, жерге қатысты сауда-саттық мәмілелері іске асырылып, жерге жеке меншік иелігі қарыштап дамыды. Құлдар Шан Инь кезеңінде негізінен мемлекеттік меншікте болды. Ал жеке иеліктегі құлдарды сату, сатып алу үдерісі таратылмады. Чжоу дәуірінде құлдарды айырбастауға және сатуға мүмкін болды. Б.д.д. 5-3 ғ.ғ. құлдардың негізгі

екі категориясы қалыптасты: мемлекеттік және жеке меншік құлдар.

3.Неке және отбасылық құқықтық қатынастарды реттеу

Ежелгі Қытайда некеге тұру тәртібін ата-аналары белгіледі. Отбасында әкесі мен күйеуі шексіз билікке ие болды, яғни әйел толығымен күйеуіне тәуелді болды. Ешқандай мүлікті,затты жеке меншігіне иеленбеді. Әйелдердің мұрагерлік құқығы да шектеулі болды. Қытай құқығында көп әйел алушылық заңдастырылды. Отбасында ата-баба рухына табынып, оны дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді.

4.Міндеттемелік құқық

Ежелгі Қытай құқығында келісімшарттардың төмендегідей түрлері көрсетілді:

1.Айырбас шарты;

2.Сату-сатып алу;

3.Сыйға беру;

4.Қарыз беру,қарыз алу;

5.Жерді жалға беру;

6.Жеке жалдану шарты.

Ең алғашқы айырбас шарты пайда болды. Сату-стып алу шартын жасаған кезде тараптар оны жазбаша түрде рәсімдеп, әрі салық төлеуге міндетті болды. Сондай-ақ төмендегідей сыйға тарту келісімдері кеңінен тарады: жерді, құлдарды, арбаларды, қаруды және т.б. Қарыз беру шарты Чжаньго дәуірінде борыштық қол хат арқылы рәсімделді. Оған қосымша төлемді кейінге қалдыру, кепіл қою және жазбаша міндеттеме беру қолданылды. Сонымен қатар өсімқорлық, борышкерлік құлдық та пайда болды. Б.д.д. 5-3 ғ.ғ. жерді жалға беру кеңінен таратылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет