Ежелгі шығыс елдерінің құқықтық мұралары



бет3/16
Дата06.01.2022
өлшемі205,26 Kb.
#16262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

6. Сот процесі

  • 6. Сот процесі
  • Ежелгі Мысырда сот жүйесі әкімшіліктен бөлінбеді. Мысырда Жоғарғы сот қызмет жасаған. Оның мүшелері жоғарғы лауазым иелері болған. Уәзір ондық сот кеңесінің төрағасы болған. Сот істерін жоғарыдан қадағалау қызметін перғауынның өзі немесе уәзір іске асырып, олар кез келген соттың шешімін қайта қарау құқығына ие болды. Номдардағы патша судьялары болып номархтар есептелді. Кейбір соттық функцияларды храмдар атқарды. Олардың ерекше жоғарғы деңгейдегі діни беделі болғандықтан патша шенеуніктері оның шығарған үкімімен таласа алмады. Ежелгі патшалық тұсында жергілікті сот ретінде қауымның өзін-өзін басқару органдары есептелді. Олардың негізгі өкілеттігіне жер және су жөніндегі даулар, отбасылық және мұрагерлік қатынастар туралы істер таратылды. Қылмыстық істі қозғау және оны қарау жәбірленушінің арызы бойынша басталды. Жәбірленуші өз арызында айыпкерге қандай жаза қолдану, немесе қандай мөлшерде айып төлеуді көрсетіп жазатын. Ежелгі Мысырда қылмыстық және азаматтық істер бірбірінен ажыратылмады. Сот жазбаша жүргізілді. Соттық дәлелдемелерге: 1. Куәгерлік жауаптар; 2. Куәгерлер мен жәбірленушінің анты; 3. Оқиғаның болған орнын қарау нәтижелері; 4. Азаптау (аяқ-қолын зақымдау арқылы алынған жауаптар) жататын. Мысырдағы түрмелер қылмыскерлердің әкімшілік және шаруашылық тұрақтары болып саналды. Осы тұрғыдан патшаның арнайы мекемесі құқығынан айрылған халықтың әртүрлі топтарын мәжбүрлі түрде ауыр жұмыстарға бөлумен айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет