Мемлекеттің пайда болып, дамуымен байланысты рулық қоғам аясында қолданылған “қанға-қан” жазасы алмастырылып, оның орнын тән жазалары мен өлім жазасы басты. Қытай заңдарындағы жазаның негізгі мақсаты қылмыскерлерді қорқынышта ұстау болды. Осы тұрғыдан жазалардың төмендегідей негізгі түрлері қарастырылды:
1)алуан түрлерде қолданылатын өлім жазасы (сотқа өртеу, адамның дене мүшелерін бөлшектеу,
көзді ойып алу, тірідей жерге көму);
2)дене мүшелеріне қатысты жазалар (мұрынды, құлықты жұлу, қолды-аяқты кесу,көзді шұқу,ер адамдарды піштіру);
3)айыппұл салу;
4)түрмеге, абақтыға жабу. Сонымен бірге бетке қара бояу жағу арқылы көпшіліктің алдына масқаралау жазалары да қолданылады.