Хаммурапи заңдарының негізгі қайнар көздері ретінде: 1. Әдет-ғұрып құқығы; 2. Шумер тайпаларының сот ережелері; 3. Жаңа заңнамалар есептелд
2.Меншік құқығы
2.Меншік құқығы
Хаммурапи билігі кезінде жерге қатысты жеке меншік өзінің жоғарғы даму деңгейіне жетті. Осыған қарамастан Вавилон құқығында жерге байланысты меншіктің төмендегідей түрлері көрсетілді: 1. Патшалық меншік, 2. Храмдық меншік, 3. Қауымдық меншік, 4. Жеке меншік.
Патшалық және храмдық меншіктегі жерлерді патшаның өзі басқарды. Осы жердің белгілі бір бөлігі ұсақ шаруаларға жалға берілді. Ал екінші бөлігі патша қызметкерлері мен жауынгерлерге берілген. Ол “илку” деп аталған. Илку патшаға қызмет етіп жүрген уақыт бойы қызметшілер мен жауынгерлердің пайдалануында қала берді, егер олардың ұлдары патша қызметінде тұратын болса, жер мен үй және құрал-жабдықтар оларға мұрагерлікке ауысатын. Алайда, илку мүлігін сатып алуға, сатуға, әйеліне қызыға мұраға қалдыруға, жауынгерлерді тұтқыннан сатып алу, айырбастау немесе қарызын өтеу үшін пайдалануға рұқсат етілмеді. Егер біреу илку мүлігін, яғни жерді, үйді, құрал-саймандарды сатып алса, онда сатылғаны туралы құжаттың күші жойылып, төленген ақы қайтарылмай, илку мүлігі бұрынғы қожайынына қайтарылады.