Ежелгі шығыс елдерінің құқықтық мұралары



бет6/16
Дата06.01.2022
өлшемі205,26 Kb.
#16262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

6.Сот процесі

  • 6.Сот процесі
  • Цинь империясы кезеңінде арнайы сот ведомствосы қалыптасты. Бұл фактінің өзі сот функциясының жалпы әкімшілік басқару органдарынан бөлектенгенін айғақтайды. Жоғары сот инстанциясының басында императордың өзі тұрды және ол кез келген соттың ісін қайта қарап шешім шығаруға құқылы болды. Сонымен бірге сот әкімшілігі қылмыстық заңдардың қолданылуы қадағаланды. Барлық ауыр қылмыстар жөніндегі істер, әсіресе, шенеуніктердің өз лауазымдарын асыра пайдаланғаны туралы істер соттардың тікелей қолынан өтті. Провинциялық судьялар бір мезгілде түрме бастықтары болып саналды. Сот және жазалау істерімен арнайы судьялық лауазымға ие болған тинвэй айналысты. Тинвэйге әлеуметтік топтастыру қызметін жүргізу де тапсырылды. Империяда жоғарғы абыз басқаратын арнайы салттар мен дәстүрлер әкімшілігі болды. Бір ізге салынып, біріңғайланған салт жоралары халықты мемлекетте қалыптасқан барлық тәртіптің мызғымастығы мен олардың мүлтіксіз орындалу рухында тәрбиеледі. Жоғары абыз б.д.д. 124 ж. құрылған мәртебелі әкімдер дайындайтын императорлық академияның жұмысын қадағалап, білім беру министрі рөлін де атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет