Список литературы
1. Эмоциональное развитие дошкольника. Подред. Кошелевой А.Д.
М.,1995.стр94-97
2. Фесюкова Л.Б. Воспитание сказкой. Харьков, 1997
3. Теоретические основы обучения иностранного языка в средней школе.
Подред. Климентенко А.Д. М., 1981
4. Творческая направленность деятельности педагогов. Сб.наун.труд. под
ред.Ю.Н. Кулюткина, К.С. Суховской. Л., 1978
5. Сквозь волшебное кольцо. (Британские легенды и сказки).М., 1987. Стр467,472-
474, 477-479
6. ПолтавскаяЛ.Ю English for everybody M., 1992,стр 150-151
7. ВерещагинаИ.Н., АфанасьеваО.В. English 4 М., 1999.стр 44, 207,226-228, 235-
238, 244-246.
Түйіндеме
Ертегі материалдарын мектеп оқулығының пәнге қолдану анализі.
Summary
In this article say about analysis of school textbooks on a subject use of a material of
fairy tales in them.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
267
~
ӘОК 002:81
Н.Б. Қарабаева
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТІ ШЕТ ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Мақалада ғылыми – техникалық әдебиетті шет тілінде оқытудың жолдары
көрсетілген. Арнайы әдебиетті оқытудың студенттің оқу жылдамдығының артуына
ықпал ететін кейбір ерекшеліктері қарастытылған.
Негізгі сөздер: Мәтін, әдебиет, аударма.
Ғылыми техникалық әдебиетті оқып,үйренуін жоғары оқу орындарында
арнайы пәндердің шет тілінде өткізілуі болашақ мамандарына ұсынады. Оқу тілдік
іс-әрекет түрлерінің бірі болғандықтан, оқудың түрлерін жікке бөліп оқыту неғұрлым
тиімдірек болмақ.. Іс жүзінде болашақ маманға шет тіліндегі әдебиетпен жұмыс істеу
барысында кем дегенде оқудың негізі деген төрт түрін қолдану қажет болады.
1.
Мәтіннің жалпылама мазмұнын түсіну.
2.
Шолып оқу немесе іздене оқу
3.
Мәтіндегі хабарламамен танысып шығу үшін мәтінді жылдам оқып үйрену.
4.
Мәтіндегі негізгі ой мен тұжырымды дөп басып анықтауға дағдылану.
Арнайы әдебиет негізінен осы жолмен оқытылады.
Жаңа мәтінге кіріспес бұрын оқытушы студенттерге дұрыс бағыт-бағдар
сілтеуі керек. Сдуденттерді арнайы әдебиетті тек сөздіктің көмегімен ғана емес,
сонымен қоса сөздіксіз түсінетін деңгейге жеткізуге тырысуы керек.
Студентке арнайы әдебиетті оқытуды қандай жолмен ұйымдастырса болады?
Мәтіннің түп нұсқасын оқу барысында студент оқытушының басқаруымен
жинақтау әдісін (синтетикалық) меңгеруі керек. Оқытудың бірінші күнінен бастап
студенттің бойында тілді сезіну,тілдік болжам,оқып отырған мәтіннің жалпы
мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтай алу сияқты қасиеттерді дамыту керек. Егер
студент жоғары оқу орнына келген алғашқы күннен бастап таныс емес мәтінді оқу
барысында аса көп қиындықтарға ұшырай қоймайды.
Оқудың бұл түрі мәтінді оқу барысында студенттің уақытын үнемдеп қана
қоймай, сонымен қоса уақыт өте келе әбден дағдыланған студент шет тіліндегі
мәтінді өз ана тіліндегідей оқып,түсінуге қол жеткізеді. Осы ретте арнайы әдебиетті
оқудың әдебиеттің оқу жылдамдығының артыуына ықпал ететін кейбір
ерекшеліктеріне кеңінен қолдануда.
1.
Халықаралық сөздерді танып білу.
2.
Сөз тудыратын модельдерді анықтай білу.
3.
Сөздерді,сөз тіркестерін,микро-мәтіндерді контекстен түсіне алу.
1.
Халықаралық сөздерді тани білу. а) Берілген халықаралық сөздерді
сөздіктің көмегінсіз аудару
b) Сөздіктен берілген сөздердің мағынасын анықтау.
2. Сөз тудыратын модельдерді анықтау
а) Туынды сөздер қай сөз табына жататынын анықтау
b) Берілген туынды сөздерді үлгіге қарап аудару
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
268
~
c) Сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің контекстегі мазмұнын түсіну.
Сөйлемдердегі, сөз тіркестеріндегі, сөздердегі префикстары бар сөздерді анықтап
аудару.
Оқытудың келесі сатысы арнайы іріктеленіп алынған мәтіндерді оқуды
ұсынады. Енді арнайы мәтіндер қандай белгілері арқылы іріктеленіп алатынына
тоқтала кетейік. Модельденген мәтін күрделі грамматикалық құбылыстармен белгісіз
сөздерді шектен тыс мөлшерде қамтымауы керек. Зерттеуші әдіскерлердің
айтуынша осы типтес мәтінде таныс емес лексиканың көлемі 25% тен аспауы
керек. Грамматикалық тұрғыдан қарағанда мәтін грамматикалық құбылыстардын
мүлде алда бола аламайды,өйткені студентке мәтіннің негізгі ойын, грамматикалық
лексикалық моделін анықтауға ықпал жасайтын, мәтіннің құрылымы мен оның
шығармашылық ерекшеліктерімен танысу алдыңғы орынға қойылады. Сонымен
шығармашылық тұрғыдан дұрыс құрылған мәтінде ой бірінші абзацта қамтылады да,
ары қарай осы ойдың дамуы, қосымша мәліметтер және қорытынды жүреді.
Арнаулы мәтіндегі грамматикалық материалға келетін болсақ, кейбір грамматикалық
құбылыстар өте сирек кездесетін болғандықтан олардың мәтіндегі орны байқалмай
қалады. Ғылыми техникалық мәтіндерді аудару бағдарламасы анықтауларды қажет
еткендіктен кейбір структураларды қысқарту арқылы іске асырылады. Арнаулы
әдебиетте синтетикалық оқытудың барысындағы тексерудің басты мақсаты мәтінді
сөзбе аудару емес, сөздікті неғұрлым аз мөлшерде қолдана отырып, мәтіннің жалпы
мазмұнын жеткізу болып табылады. Бейімдендірілген мәтіннің аз ғана мөлшерін
сөздіктің көмегімен жазбаша аудару тек қана аударма техникасына арналған
жаттығу түрінде ғана қолданылады. Ғылыми техникалық әдебиетті оқу үшін
студентке қажетті лексикологиялық бірліктердің көлемі қандай болуы тиіс. Аударма
барысында сөздікті қолдану шет тілінде ойлауға, сөз қорын молайтуға немесе тілдің
ерекшеліктерін түсіну барысында ешқандай септігін тигізбейді. Студенттуң
контексте кездесетін белгісіз сөзге жеке бірлік ретінде қарауы аударма барысында
көптеген қиындықтарға кездестіріп , бұрыс аударма жасап,уақытты за кетіруіне
акеліп соғады. Осындай қиындықтар туындаған кезде мәтіннің жалпы мазмұнынын
түсіндіруге арналған бейімдендірілген оқудың берері мол. Бейімдендірілген мәтінді
оқу барысында студентке таныс лексикалық грамматикалық құбылыстарға сүйене
отырып, таныс емес лексикалық бірліктерді анықтап, олардың мағынасын ашуға
мүмкіндік туады. Арнайы әдебиетке қажетті лексика қоры бірлікті құрайды. Арнаулы
әдебиетке оқуды іске асыру үшін жиі қолданылатын сөз тудыратн элементтер мен
минимум құрау қажет. Осындай жиі қолданылатын сөздерді бекіту үшін
төмендегідей жұмыс түрі ұсынылады. Студентке карта жасау ұсынылады. Картаның
бір жағына шет тілінде термин беріліп, келесі жағына оның анықтасамы мен
контекстен алынған мысал келтіріледі. Келесі саты оқытушының көмегімен немесе
студенттің өз қалауы бойынша таңдалып алынған арнайы мәтін мен өзіндік жұмыс
жасау ұсынылады. Өзіндік жұмыстың студентке берері мол болмақ, өйткені ол
шығармашылықпен айналысу мен қоса өзінің жинақтаған базалық білім қорын да
қолдана алады. Жиі қолданылатын сөздерді меңгеру барысында студенттің өз
қолымен жасалған және әрқашан толықтырылып отырылатын терминологиялық
глоссаридің жасалуы керек. Бұл жағдайда оқытушы студенттің меңгерген лексикасы
мен терминдерін бақылап отыруға мүмкіндік алады. Оқу түрлерін дұрыс
ұйымдастыру студенттің шет тілін үйрену барысында көптеген жетістіктерге қол
жеткізуіне ықпал жасайды. Студент көлемді мәтіннің ішінен негізгі информацияны
дөп басып айта алуымен қатар көпшіліктің алдына өзінің жобаларымен шығып, оны
қорғай алатын деңгейге қол жеткізеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
269
~
Әдебиеттер тізімі
1.Владимирова Л.П Интернет на уроках иностранного языка ИЯШ 3 2002
2.Петрова Л.П Использование компьютеров на уроках инострнного языка-
потребность языка.2005.
3. «Inotherwords»Алга-фонд Санкт-Петербург,1994
Резюме
В статье рассматривается использование научно - технической литературы
в обучении иностранного языка.
Summary
This article deals with the usage of scientific – technical literature in foreign language
educating.
ӘОК 37.013
Ж.Н. Сабирова, А. Сиғуатова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҰЛЫ АҚЫН, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДОГОГИКА» ЕҢБЕГІНДЕГІ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа
М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі психикалық құбылыстардың тұлға
дамуындағы рөлі мен өзара байланысы туралы.
Негізгі сөздер: ақыл көріністері, ішкі сезім, қайрат көріністері.
Ұлы ақын, ағартушы педагог-психолог М.Жұмабаев педагогика мен
психологияны бірімен-бірін тығыз байланыстыра отырып, бұл пәндердің жас
ұрпақты тәрбиелеу, оларға білім беру беру жөніндегі мақсаттарын айқын белгілеп,
осы тұрғыдан жекелеген еңбектер жазған.
1922 жылға дейін Қазақстанда психология пәні бойынша арнаулы жазылған,
немесе орыс тілінен аударылған көрнекті оқулық жоқ болатын. М.Жұмабаевтың
«Педагогика» (Баланы тәрбие қылу туралы) атты әрі оқулық, әрі әдістемелік
сипатты кітабы (бірінші рет 1922 жылы Орынборда, екінші рет 1923 жылы Ташкент
қаласында) басылып шықты. Сол кездегі Алаш қайраткерлеріне берілген
тапсырманы, яғни тәлім-тәрбие бағытындағы еңбектер жазу мақсатында
жазылғанмен, оның
бер жағында
ұлттық
педагогика және психология
ғылымдарының дамуына үлкен әсерін тигізді. Бұл еңбектер психологияны оқыту мен
тәрбиелік мақсаттар үшін пайдалану жолын шешуге жол ашып, психологгтар мен
педагогтарға құнды нұсқау болды. Бүгінгідей психологиялық ғылымның жоғары
дамыған деңгейі тұсында да бұл еңбек өзінің бағалығын кеміткен жоқ.
М.Жұмабаев өз еңбегін, тәрбие пәні «Педагогика» деп атап, адамның денесін
және жан көріністерін дұрыс тәрбие қылу жолдарын қарастырады. Адамды дұрыс
тәрбиелеу үшін адамның денесімен жан көріністерін жақсы білетін пәндермен таныс
болу керектігін айтты, олар дене туралы пәндер: анатомия, физиология, гигиена
және жан туралы пәндер: психология, логика, этика – деп атап көрсетеді.
Мағжанның бұл пікірлері орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинскийдің «Педагогика
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
270
~
ғылымы тәрбие жұмысын дұрыс талдап баяндау үшін адамды барлық жағынан
жақсы білуі керек, бірақ педагогика ғылымы мұны психологияның көмегінсіз толық
шеше алмайды» - деген ғылыми теориясымен сабақтастық тапты.
М.Жұмабаев өмір сүрген кезеңде психология ғылымының негізі жаңа ғана
құрылып, әлі жөнді қалыптаса қоймаған еді. Психологиялық мәліметтер көпшілікке
жеткілікті таралмағанмен жанның не екендігін біле алмай, бірақ оның көріністерін
психология ғылымы зерттейтіндігінен хабардар еді.
М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде «Психология – жан туралы ғылым ғана
емес, ол жанның істерін, көріністерін зерттейтін ғылым – деп, баланың жанын
жақсы тәрбие қылу үшін, жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін,
көріністерін тексеру жетеді»- деп анықтама береді.
Мағжан өзінің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін психологиялық міндеттерінен
негіздейді. Сондықтан да оның «Педагогика» еңбегінің 15 тарауының 3-уі
педагогикалық мәселелерге, 12 тарауы психологиялық құбылыстарды сипаттауы,
бұл еңбектің психологиялық тұрғыда құндылығын көрсетеді.
М.Жұмабаев бұл еңбегінде өзі сипаттап көрсеткеніндей, жан көріністерін
сипаттап жазу үшін әуелі физиологиялық құбылыстарды, яғни жүйке жүйесін
сипаттап, осыдан кейін адам баласына ғана тән ішкі жан дүниесінің құбылыстарын
талдайды.
М. Жұмабаев жан және дене мүшелерінің қимылын жүзеге асыратын, жан мен
денені бір-біріне байлайтын байлам адамның жүйке жүйесі барлық тірі организмнің
негізгі құралы, сол арқылы тіршіліктегі қозғалысы, өсіп дамуы жүзеге асады деп
атап көрсетіп, жүйке жүйесінің негізі ми арқылы адам сыртқы дүниеде және өз
денесінде не болып жатқанын біледі” - дейді. Бұдан М. Жұмабаевтың орыс
физиологі И.М. Сеченовтың 1863 жылы шыққан «Ми рефлекстері» деген еңбегімен
таныс болғандығын және адамның барлық психикалық әрекеттерін мидың
рефлекстік жүйесімен түсіндіргенін байқаймыз. Психикалық құбылыстардың дамып
қалыптасуында ми мен жүйке жүйесінің маңызын және оның негізгі заңдылықтарын
білмей, психикалық құбылыстардың психофизиологиялық заңдылығын білу мүмкін
еместігі, сол кездегі көптеген психологиялық зерттеулермен үндестік табады. Бұл
айтқандарынан, оның психикалық құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан
түсіндіргенін көреміз.
Мағжан да жан мен тән тәрбиесін тығыз бірлікте қарап, алғашқы дүниеге
келген кезеңмен сәбилік шақтағы жан көрінісінен гөрі денеге басты назарды
аудартады. “Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылынса
болады, дененің қанша қажеті бар”, - деп ойлау дұрыс емес. Дене – жанның қабы.
Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның құралы. Құрал мықты
болса, иесі де мықты-деп тұжырымдайды.
Ғалым психология ғылымы пайдалы және тәжірибелі ғылым, егерде ол тек
жалаң теориялар жинағы болудың орнына адамның жан көріністерін нақты үйрену,
зерттеу нәтижесінде тәжірибеге негізделген ғылым болуы тиіс деп ұйғарды. М.
Жұмабаев өз еңбектерінде жан көріністерін анықтауда нақты фактілердің көп
болуын негізге алып, психология мәселелерін шешуде тәжірибеге сүйену керектігін
жақтайды. Ол - біз егер өзін-өзі бақылау жолы мен өзіміздің жан көріністерімізді
ғана бақылап, мына бақылау жолымен басқа адамдардың да жан көріністерін
бақыламасақ, біздің жан көріністеріміз туралы біліміміз толық болмас еді, - дей
отырып, тәжірибелік зерттеуде қате азырақ болмақ деген дұрыс пікірге келеді.
Сөйтіп, М. Жұмабаев психологияның маңыздылығын “табиғаттың барлық
заңдылықтарын зерттеп білу сияқты, адамның жан көріністерін үйрену жолы өзін-өзі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
271
~
бақылау”- дей отырып, психологияны адамға аса қажетті ғылымдардың қатарына
қосып, тәжірибелі әдістің дамуына, сондай-ақ өзін-өзі бақылау әдісіне, бұлардың
кісінің жан дүниесін танып, білуге ерекше маңыздылығына тоқталады. Басқа
адамның жан көріністерін бақылай отырып, оның нақтылығын, дәлділігін айқындау
үшін, өзімізді-өзіміз бақылауымыз керек. Тек «өзін-өзі бақылау» арқылы жан
көріністерін бақылау қиын, сондықтан теория мен болжамға сүйене отырып, оны
дәл анықтап, олардың арасындағы байланысты аша білу қажет. Зерттеу
нәтижесінде, адамның ішкі жан дүниесінің жекелеген түрлерін талдап, зерттеп
барып, адамның рухани әрекеттерінің неғұрлым жалпы және күрделі түрлерін
талдап сипаттауға болады.
Психология мәселелерін қарастырғанда Мағжан Жұмабаев жан көріністерін
үшке бөле отырып, яғни ақыл көріністері, ішкі сезім және қайрат көріністерін
сипаттап, әрқайсысын қалай тәрбиелеу керек екендігіне тоқталады. Біз бір заттың
сынын белгілеп, заттармен әр түрлі көріністер арасындағы айырманы тапсақ, бұл –
ақыл ісі-дейді. Біз қайғырамыз, қуанамыз, бұл – ішкі сезім ісі, біз бір істі істеп,
мақсатқа жетпек болсақ, бұл – қайрат ісі-дейді. Мағжан жоғарғы психикалық
құбылыстарды тек адамға ғана тән рухани құбылыс ретінде түсіндіруде
антропологиялық принципті басшылыққа алды деп есептейміз.
Адамның мақсаты осы әрекеттерін игеріп, қоғамдағы өз орнын табу. Адам
қандай да істі орындауда қайрат күшін жұмсайды, ол талапқа сай болу үшін, жан-
тәнімен, яғни оған деген сезімін білдіруі, істің нәтижелі болуына жағдай жасалса, ал
осы әрекет ақыл-оймен басқарылады.
Ақыл көріністері яғни жанның білуі деп, оған әсерлену мен зейін, (абай),
суреттеу, ес, қиял, ойлау, тілге байланысты зерттеулерін жатқызады.
Кезінде М. Жұмабаев қолданған “әсерлену” ұғымы қазіргі кезде “түйсіну мен
қабылдау” атауларымен беріледі. Әсерлену көріністерінің пайда болу шарттары
мынадай: біріншіден, ол берілетін әсердің күшіне, екіншіден белгілі бір уақытқа,
мерзіміне, үшіншіден, әсердің бас миға жеткізілуіне байланысты.
М. Жұмабаев сыртқы әсерленулерді мынадай түрлерге бөледі: көру, есту,
иіскеу, тату (дәм сезу), сипау, ет сезімі т.б. Автор заттардың түрін, түсін, дәмін, иісін
және басқа қасиеттерімен адам жанына білімді осы сезім түрлері береді - дейді.
Сыртқы сезімдер адамның дүниені танып білуде жан қызметі үшін аса қажетті
танудың көзі болып табылады - деу арқылы әрқайсысына өзінше анықтама беріп,
бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйенудің қажеттілігін айтады.
Мағжан сыртқы сезімдердің ішінде жан үшін ең қымбаты - адамның көзі деп,
көру түйсігіне ерекше мән береді: “әдемі түс, әдемі түр, жаратылыстың сұлу
заттары, сұлу көріністері, адамның әдемілігінен ләззат” алуға мүмкіндік
туғызатындығын дұрыс түсінді. Адамның есту сезімі болмаса “жанның терең
түкпірінде жатқан ыстық сырларды ашып, шешіп беретін адам сөзінен, әдемі ән,
сұлу күйден денені балқытып, ләззат алуға” болмайтындығын, сол сияқты адамның
иіскеу сезімінің адамның басқа сезімдерін оятуға және одан адамның ләззат алуға
мүмкіндік жасайтындығын айтады. Сыртқы сезім адамның жан көріністері үшін аса
мәнді болғандықтан, баланың бұл сезімдерін жақсы тәрбие қылу керек дейді.
Біріншіден, бұл сезімдердің сау, берік болуы, екіншіден олардың өткір, терең, дұрыс
болуы және бұл сезімдерді тең тәрбиелеу қажеттілігіне тоқталады.
Өмір сүру жағдайларына және дұрыс тәрбиеге байланысты, адам сыртқы
дүниені сезім мүшелері арқылы бейнелендіріп, ақиқат шындықты танып біледі.
Сондықтан да автор, әрбір сыртқы сезімнің кісінің жан дүниесіндегі маңызын
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
272
~
көрсетіп ғана қоймай, олардың баланың туғаннан бастап, дамып қалыптасуын және
оның тәрбие қылу жолдарын да көрсетеді.
Мағжан Жұмабаевтың еңбегі “Педагогика” деп аталғанымен, онда негізінен
жалпы психология мәселелері тұжырымдалғанымен ең басты мақсаты пен міндеті -
тәрбиешіге баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ақылдың басқыштап өркендеу жолын
ұқтыру, меңгерту, соны тәрбие саласында пайдалануға үйрету, бағыттау. Ғалым
жүйелеуінше адам ақыл-ойының басқыштап өркендеуі былайша өрбиді:
Біріншіден, біз сыртқы сезім арқылы сыртқы заттардың сындарын әсерлену
(қабылдау) арқылы танып білеміз.
Екіншіден, сол заттардың түрлі сындарынан алған әсерленулерімізбен қоса
жанымызда барлық сын мен заттың суреттеулері (елестетулері) пайда болады.
Үшіншіден, сол заттардан қашықтасақ та, біз оның суретін бұрынғы
қалпында еске түсіре аламыз. Және сол есте қалған суреттерден (елестерден) жаңа
бір сурет жасаймыз, яғни, қиял қыламыз.
Төртіншіден: суреттеулердің сындарын оймен тексеріп, олардан ұғым
жасаймыз, ұғымдардан хүкім жасап, хүкімдерден жаңа бір ой шығарамыз. Демек,
ақыл ісі: 1) әсерленуден басталып, 2) суреттеу, 3) ес, 4) қиялға өтіп, 5) ойға жетеді-
деп тұжырымдайды. Ғалым-педагог өзінің барлық еңбектерінде осы психологиялық
жүйені басшылыққа алған.
М. Жұмабаев “Абай” (қазіргі кезеңде “Зейін”) түрлерінің ішінен ерікті абайды
ерекше бөліп көрсетіп, оның адамның терең, толық білім алуындағы маңызын баса
көрсетеді. Мағжан зейіннің ерікті, еріксіз, табанды, табансыз түрлерін талдап әр
баланың ерекшелігіне қарай олардың қалыптасу жолдарын айқындайды. Бала
өміріндегі зейіннің рөлі жан-жақты талданып, оны тәрбиелеудің мынадай жолдарын
ұсынады: 1) зейіннің күшті болу керектігі; 2) сыртқы сезімдердің қатынасын қамту;
3) әсер алуға жағдай туғызу (мәселен, денеге қолайсыз әсер етпеу); 4) әсердің жеке
болу керектігі; 5) әсердің жаңа болу шарты; 6) жаңа біліммен ескі білімнің ара
қатынасына көңіл бөлу; 7) болашақ әсерге даярлану. Ақын зейінді болу өмір сүру
барысында қалыптасады деп түйіндейді.
М. Жұмабаев адамның есте сақтауы неғұрлым мол, бай болса, оның ойы да
терең болады - деді. Ол үшін адам өзінің есті болуына көп күш жұмсауы керек дей
отырып, есті өркендету жолдарына былайша тоқталады: сыртқы әсер күшті болса,
соғұрлым есте ұзақ сақталады; бір затпен танысқанда сыртқы сезімдердің көбі
қатынасса, ол зат ұмытылмайды; бір нәрсенің тез еске алынуы үшін, баланың
бұрынғы таныс білімдерімен байлануы шарт; бала жаңа білімді неғұрлым көп
пысықтаса, есінде сонша берік болып қаланады.
Ақын қиялдың көркем шығармалардағы, образ жасаудағы маңызды рөлін
ашып көрсетеді. Сондай-ақ, қиял бейнелерін жасаудағы әдістерді де (анализ,
синтез, агглютинация, жүйелеу, типтеу) біршама толық баяндай алған. Бала
қиялының дамуында қоршаған ортамен табиғат құбылыстары елеулі орын алады.
Мәселен, кең далада көшпелі өмір кешкен халықтардың табиғат, дүние туралы ой-
танымдары талай-талай ғаламат қиялдарды туғызған деп, бұған нақты фактілерді
келтіреді.
Қиял адамның барлық ақыл ой-әрекетімен байланысты. Қиял терең, бай
болу үшін жанды суреттеулер көп болу керек. Қиялдың жасөспірім үшін, жалпы
адамзаттың ақыл-ойының, өмірдің алға басуы үшін маңызы зор екендігін, оның бала
өміріне қажеттілігіне, әсіресе мұнда ертегілермен ойыншықтардың рөлін аса үлкен
ілтипатпен жазады. Ол жайында: “Біздің балаларымыз математикаға ғана емес,
әдебиет, тарих, жаратылыс, жағрапия сықылды ғылымдарға зерек болуға тиісті,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
273
~
өйткені қазақ баласының жаратылысы осыны тілейді. Ол әдебиет, тарих сықылды
қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті. Адам жүрегінің сыры
табиғатпен жалғасса, қиялы күшейіп, мінезі көркейіп, сезімі нәзіктене бермек дей
келе -қазақ баласының ой-санасын әлі де тәрбиелеу керектігін армандайды.
Бала қиялының өркендеуінде ойынның маңызына ол ерекше мән береді.
Ойын арқылы бала қажеттілігін қанағаттандырмасақ, онда оның дамуына тиісті
қорек бере алмағанымыз. Ойындағы қимыл-қозғалыстар арқылы баланың дене
дамуы жетілсе, айнала қоршаған ортамен танысуы нәтижесінде ақыл-ойы, қабілеті
дамиды, ерік-жігері қалыптасып, тәртібі бекиді. Ойында қазақ тұрмысы мен ой-
танымына байланысты ерекшеліктері қатты ескерілген.
Ақынның пікірінше, қиял мен ойлау арасындағы айырмашылық мынада: қиял
суреттеулерден жасалса, ойлау ұғымдардан құрылады. Қиял-суретті, жанды көрініс;
ойлау-белгілі бір тірі суретсіз жалаңаш көрініс. Психикалық әрекетте суреттеулер
мен ұғым бір-бірімен байланысып жатады, олай болса, ойлау мен қиял арасында
тығыз байланыс бар. Қиялсыз ойлау болмайды, ойлаусыз қиял жүзеге аспайды.
«Адам ойлау арқылы ғана заттармен көріністердің аралығындағы өзара
байланысты белгілеп, олардың себептерін, келешекте не болатынын бөлектейді.
Бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол
табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге
үйрену керек»,-дейді.
Мағжан жан тәрбиесіне, ішкі сезім көріністерін былайша топтастырады: ішкі
сезімдер, сұлулық сезімдер, құлық сезімдері және ішкі сезімдердің сыртқа шығуын,
жағымды,жағымсыз болып бөлінуін, жан күйінің сипатына қарай түрлерін, жас
ерекшелігіне қарай өзгерісін ашып көрсетіп, ішкі сезімді тәрбие қылу жолдарын
көрсетеді.
Сезім адамның іс-әрекетінде, өмір тіршілігінде үлкен орын алады.
Мағжанның сипаттауында, ішкі сезім - таза жан көрінісі. Ішкі сезім арқылы біз
заттарға, көріністерге баға береміз. Әрбір адамның ішкі сезімі сол адамның жанының
қандай күйде болуына, оның біліміне, өмір тәжірибесіне және денесінің қандай
күйде болуына байланысты. Сезімде сол адамның дүниетанымы, өмір позициясы,
ұстанымы жақсы аңғарылады. Алға қойған мақсат жолында, өмір үшін күресте
күшті, жігерлі сезімдерсіз табысқа жету қиын. Мағжан еңбегінде баланың ішкі
сезімдерінің ерекшелігі мен оны оң бағытқа тәрбиелеу жолдары, терең ғылыми
тұжырымдармен пайымдалған. Ең алдымен бала алынған әсерлердің жағымды,
жағымсыздығына мән береді дей отырып, балаға тән ішкі сезімдер сипатын былайша
жіктейді: 1) Баланың ішкі сезімдері ұшқыр болады, жылдам оянады (мысалы,
жылдам жылап, тез жұбануы); 2) Баланың ішкі сезімдері күшті, құйындай екпінді
болады (мәселен ойыншығын алсаң қатты ашулануы); 3) Баланың ішкі сезімдері
тұрақсыз, құбылымпаз, құйындай тез басылады.
Ішкі сезімдерді тәрбиелеудің басты мақсаттарын белгілейді. Олар: тек жақсы
пайдалы нәрседен ләззат алуға үйрету, жақсыны көрсетіп, жақсыны естірту,
айналасына қайырымды қаратып, қаталдықтан, күншілдіктен сақтандыру. Бұл талап
ең алдымен ата-анаға, одан соң тәрбиешіге қойылатын қатал талап. Өйткені
баланың ең алғашқы еліктейтіні осылар.
Мағжан Жұмабаевтың«Педагогика» кітабында ішкі сезімдердің адам үшін ең
қымбаттысы - сұлулық және құлық сезімдері делінген. Сұлулық сезімдері адамның
дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне,
жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
274
~
Мағжанның айтуынша, әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен
оянымпаз болады, біреуі жаратылыстан, біреуі музыкадан, біреуі сұлу суреттен,
біреуі поэзиядан. Сондықтан да балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін
тауып, сол ынтасын туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету керек. Бұлар
шындықтағы нағыз сұлулықты сезіне білуден байқалады. М. Жұмабаев “Сұлулық
сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз
нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көмек
көрсетеді” деп көрсетіп, оны тәрбиелеу жолдарында табиғаттың, ән мен күйдің
адамдар мінезіне әсерін көрсетеді.
Мағжан ұғымынша сұлулық сезімдерге тәрбиелеуде адамның қызығушылық
ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Демек, қызыққанда ғана сұлу суреттен де, поэзиядан,
табиғаттан да әсер ала алады. Бірақ ол білім дәрежесі, тәжірибесі, ортасы, даралық
ерекшеліктеріне қарай өзгешеленеді.
Мағжан сұлулыққа тәрбиелеу көзі ретінде - жаратылысты алады, яғни, “бала
сұлу жаратылыстың құшағында болса, сұлулық сезімдері ерекше оянады. Тәрбиеші
жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың абайын аудара білуі керек”. Бұл пікірде
сұлулыққа тәрбиелеушінің ішкі жан дүниесінің дәрежесіне (ауқымдылығы,
белсенділігі, жан-жақтылығы) мән беріледі. Себебі, тәрбиелеуші де сұлулық сезімінің
қалыптасуында маңызды рөль атқарады.
Мағжан құлық сезімдері деп - ойдың, яғни істің ізгі не жауыз болуына қарап,
адамда болатын жағымды, жағымсыз сезімдерді атайды. Ізгі іс, ізгі ой адамда
жағымды сезім туғызады. Адамның өзін сүюі, туысқандарын сүюі, өз елін сүюі,
басқаларға зиян келтірмей, адамзатты дос, бауыр көруі жауыздық тілемей, ізгілік
тілеу жаратылысында бар нәрсе. Адам шын ізгі адам болам десе, жалпы адамзатты
сүйіп, халық ісі, халық пайдасы жолында еңбектенуі қажет.
Баланың құлық сезімдерін өркендету үшін қажет шарттарды былайша
тұжырымдайды: 1) Баланың ізгі құлықты болып қалыптасуында ең алдымен ата-
ананың, туған-туыстың рөлі зор. Сондықтан отбасындағы тәрбиеге басты көңіл
бөлінуі керек; 2) Баланың бірге ойнайтын жолдастарының дұрыс, ізгі құлықты
болуына ата-ана, тәрбиеші өте мұқиятты болу керек; 3) Баланың құлық сезімдерінің
бекуі, тереңдеуі үшін әдебиеттен, тарихтан ізгі құлыққа өрнек болатын әңгімелер
таңдалып алынып, дұрыс пайдалана білуі керек. Қорытынды нәтижені баланың өзіне
шығартып дағдыландыру қажет; 4) Үйде де, мектепте де ізгі құлық тәрбиесі тұрақты
болуы керек. Егер ол құбылмалы болса, балада сенім жоғалады. Және қандай да бір
тәртіп пен талап бала жаратылысына қайшы келмеуі тиіс. Бала мен тәрбиеші арасы
берік сенім мен сыйластыққа құрылғаны жөн. “Бала тәрбиешіні мұңын тарқата
алатындай, қуанышына ортақтаса алатындай досым деп білсе одан ешбір ойын, ісін
жасырмайтын болады”. Сондықтан өтірік айту, алдау сықылды орынсыз
құлықтардың алдын алуға болады.
Адам өміріндегі аса маңызды орынды – ерік яки қайрат иеленеді.
Адамның барлық ісін жолға салатын, қиын-қыстау істер болғанда қажытпай алып
шығатын, ойлаған ойға жеткізетін - осы қайрат. Қайрат адамның мақсатқа жету,
өнер-білімді меңгеру жолындағы адамның қажетті қасиеті. Ерік, қайрат адамды
қияға алып шығады, өткінші әуестік, жеңіл олжа сияқтыларға адамды
ұрындырмайды; қайрат адамды өмірдің дұрыс жолына, еңбек, өнер жолына
бағыттайды.
Мағжан қайраттың рөлін жоғары бағалап, оны тәрбиелеу жолдарын
саралайды. Нәресте шақта бала денесі қайрат қатыспай өз бетімен қозғалса, ес
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
275
~
кірген соң қайрат жұмсап қозғалады. Қайраттың адам өскен сайын ішкі, сыртқы
сезімдерге ықпалы арта бастайды.
Мағжан Жұмабаев қайратты өркендету үшін жақсы істерге әдеттендірудің
маңызын баса көрсетеді. Өйткені: әдет арқылы іс тиянақты істеледі, іс көп күш
жұмсалмай тез, жеңіл істеледі.
Мағжанның пікірінше - бір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен,
айыратын сипаттар мінез деп аталады. Мінез қайраттың адамда көріну
ерекшеліктеріне қарай күшті мінез және жұмсақ мінез болады. Күшті мінезге тән
белгілер: өзінің көзқарасы, принципі, мінез-құлық нормасы болады, басқалардың
ырқында кетпейді, қауіп-қатерден бой тасаламайды, қажет кезінде белсенділік
көрсетеді. Бұндай мінезді адамдарға белсенділік, адалдық пен шыншылдық,
еңбексүйгіштік тән қасиеттер. Ал жұмсақ мінезге тән белгілер: сөз бен істің
қабыспауы, әртүрлі жағдайда өзін түрліше ұстауы. Адам үшін мінездің тұрақты
қасиеттерінің мәні зор, бірақ ол өзгермелі. Ойы бір дәрежеде, сезімдері бір қалыпты
адамдардың мінезі әр түрлі болуы мүмкін, яки жауыз һәм мейірімді адам құлықты
һәм құлықсыз адамдар мінездес болуы мүмкін. Сондықтан, мінез ақылға яки сезімге
байлаулы нәрсе емес, қайратқа байлаулы.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік тіршілікпен
(мектеп, оқу, өндіріс ұжымдары, қоғамдық ұйымдар т.б.) тығыз байланысты. Мінез
өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Балада берік және дұрыс
мінез пайда болу үшін, төмендегі шарттарды орындау керек. Біріншіден, баланың өз
қолынан келетін іске толық ерік беру. Екіншіден, баланы құбылмайтын, ұсақтықпен
қажытпайтын тәртіпке бағындыру керек. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке,
батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа
үйретеді. Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді,
өзінің белгілі көзқарасы, принципі, мінез-құлық нормасы болады. Ол қауіп-қатерден
бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Бастамашылдық пен
белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді
адамға ғана тән қасиеттер.
Баланың тұрақты мінезін тәрбиелеу үшін Мағжан тәрбиеші алдына мынандай
талаптар қояды:
1) Балаға үйрету барысында тәрбиешінің өзі табанды болу керек. Себебі,
тәрбиешінің табансыздығын сезсе, бала оны сыйлаудан қалады, тілін алудан
қалады, тәрбиеші тиянақты болса, тиянағына еліктейді.
2) Тәрбиеші балаға ерінбей, жалықпай әрбір істің себебін ұқтыруы керек.
“Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын”.
М.
Жұмабаевтың«Педагогика»
еңбегінде
адамның
жүйке
жүйесінің
заңдылықтарынан, психикалық процестердің пайда болуы және оның адамға ғана
тән “рухани құбылыстардың” адамгершілік тәрбиесіндегі маңызын қарастырғаны
өткен ғасырдың 20 жылдарындағы психология ғылымының даму деңгейін жақсы
байқатады.
Мағжан нені айтса да жеріне жеткізе айтып, жан-жақты саралайды. Ғажайып
сыршыл ақын, қоғам қайраткері бола тұра педагогика, психология ғылымының
теориясын жетік білгендігі таң қалдырады.
Сөйтіп, М. Жұмабаев: “Баланы тәрбие қылу - дегеніміз, тұрмыс майданында
ақылмен, әдіспен күресе білетін, адалдық жолында құрбан бола білетін, адамзат
дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын - адам шығару” - деп ой түйіндейді.
М. Жұмабаевтың жалпы психология саласындағы ой-пікірлерінің, күні бүгінге
дейін маңызын жоймағандығын көруге болады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
276
~
Достарыңызбен бөлісу: |