Әдебиеттер тізімі
1. (Темирханов.Д. Кочевое общество: генезис, развитие, упадок.-Алматы: Наука,
1984.-153 с).
2. айғағы (Қодар Ә. Қанағат қағанаты: Өлеңдер мен ойтолғаулар жинағы. Алматы:
Шабыт, 1994.-111 бет (б.58).
3. (Төтенайдың Базарбегі. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі (Мұғалімдерге
арналған көмекші құрал).-Алматы: Рауан, 1994.-63 бет (б.39)).
4. (Төтенайдың Базарбегі. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі (Мұғалімдерге
арналған көмекші құрал).-Алматы: Рауан, 1994.-63 бет (б.39)).
5. (Сағындықов Е. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған
әдістемелік құрал.-Алматы; Рауан, 1993.-76 бет (б.30-51))
6. (Джанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің
ғылыми негіздері. Пед. Ғыл.док.дисс.автореф. ҚР, Алматы, 2006.-42 бет (б.25)).
7. (Омаров Қ.М. Оқушылардың туристік іс-әрекеттерінде қазақ ұлттық ойындарын
пайдалану. Пед.ғыл.канд.дисс.автореф. ҚР, Алматы, 2005.-24 бет (б. 12,18)
Summary
Sport- is a major factor in forming of healthy way of the life, method of
realization of share time and rest of development and renewal of physical and moral
forces.
Резюме
Национальные виды спорта в Казахстане являются неотьемлемой частью
спорта и физического воспитания, фактором привлечения молодежи и укрепления
здоровья населения через воспитания национального патриотизма и уважения к
национальной истории и традициям.
ӘОЖ 004(075.8)
Ж.С. Қажиакпарова
Еуразия Академиясы, Орал қаласы
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КІРІКТІРУШІЛІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
Аңдатпа
Ақпараттық технологияларды қолдану кіріктіруді зерттеу әдістерінің
деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді. Мақалада ақпараттық технологияларды
қолданып кіріктіруші функцияларды жүзеге асыруға болатындығы туралы
айтылады.
Ақпараттық технологиялар білім іс-әрекетінің түрлі салаларына күн санап
ендеп кіруде. Бұған қоғамды жаппай ақпараттандырумен және тиісті мамандарды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
285
~
дайындауға қатысты сыртқы факторлармен қатар, оқу орындарында қазіргі
заманғы компьютерлік техника мен бағдарламалық қамсыздықты тарату, білімді
ақпараттандырудың
мемлекеттік
және
мемлекетаралық
бағдарламаларын
қабылдауға, көптеген педагогтардың ақпараттану тәжірибесінің молаюына қатысты
ішкі факторлар да себепші болуда. Көп жағдайларда ақпараттандыру құралдарын
пайдалану оқытушылардың еңбектерін қарқындатып, оқуды тиімді қыла түседі.
Көбінесе әртүрлі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды
түрлі салаларда, әсіресе білім саласында қолдану қажеттілігі туралы мәселе туындап
жатады. Барлық әлемнің мамандары әзірше тек бір ғана тұжырымды бетке ұстайды
– компьютердің адам іс-әрекетінде қолданылуы қиындықтарды азайтудың орнына
көбейтіп жіберді. Бұл жерде әңгіме оқу үрдісін ұйымдастыру мен жөнемелеу туралы
емес, жалпы ақпараттық технологиялардың оқытуда қолданылуына қатысты.
Осындай негізгі қиындық тудыратын мәселелер [1]:
- оқу үрдісін компьютерлендіру үшін қалай өңдеуге болады;
- оқу үрдісін компьютерді пайдаланып қалай құруға болады;
- оқу материалын қандай күйде ұсынуға және компьютерді пайдаланып
қалай іске асыруға болады;
- білімді қандай құралдар көмегімен, қалай тексеруге, дағдылар мен
біліктердің игерілгенін қалай бағалауға болады;
- алға қойылған педагогикалық және дидактикалық міндеттерді жүзеге
асыру үшін қандай ақпараттық технологияларды қолдануға болады.
Білім беру үрдісіндегі кіріктіру үрдістері студенттердің әлемді тұтастай
қабылдау түсінігін қалыптастырумен байланысты. Кіріктіру ұғымын зерттеуші-
педагогтар әртүрлі тұрғыдан қарастырады. «Кіріктіру», «ғылым мен ғылыми білімді
кіріктіру» ұғымдарының философиялық мәніне үңілетін болсақ, бұл ұғымдарды
сипаттау үшін ғалымдар жүйелер теориясынан алынған «жүйе», «байланыс»,
«тұтастық», «элементтер», «компоненттер» терминдерін қолданады. Үлкен кеңес
энциклопедиясы кіріктіруді «теориялар жүйесінің ұғымы» деп түсіндіреді.
Кіріктіру
–бұл
компоненттердің
ажырамастығының,
өзара
байланысқандығының ең биік формасы (анықтамаға негіз болған нәрсе – кіріктірудің
өзара байланыстың жоғары формасы ретінде арнайы сипаттамасы); оқушылардың
дайындық жүйесін жетілдіруге бағытталған білім берудің бірнеше бөлімдерінде
жүзеге асырылатын оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру мақсаттарының,
қағидаттарының, мазмұнының және формаларының бірлігі (анықтамаға негіз болған
нәрсе –білім мазмұны); оқушылардың дайындығының бірнеше бөлімдерінің өзара
байланысын арқау етіп, ірілетілген педагогикалық бірліктерді құру формасы
(анықтамаға негіз болған нәрсе –В.С.Безруковтың ірілетілген педагогикалық
бірліктер тұжырымдамасы.
Ақпарат ғасыры жекелеген пәндердің аясынан аттап шығып, пәнаралық
ыңғаймен оқытуды талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру арқылы жоғары оқу
орындары кіріктірудің төмендегідей технологиялары мен модельдерін қолдануға
мүмкіндік алды [2]:
- транспәндік оқыту моделі, ол әртүрлі пәндердің бірыңғай оқу курсына
біріктіруді, мемлекеттік стандарттар мен тапсырыс берушілердің талаптарын
кіріктіруді қарастырады;
- пәнаралық (мәселелік)оқыту моделі, жобамен жұмыс барысындағы оқытуды
қарастырады, бұл орындалатын функциялар, техника, жұмыс орны, кәсіби іс-әрекет
салалары бойынша практикалық бағдарлы оқыту моделі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
286
~
Ақпараттық технологиялардың кәсіби іс-әрекет саласына енуіне ақпараттық
технологиялардың бірыңғай техникалық негізіне және ортақ ақпараттық желілерді
қолдануға қатысты ортақ сипаттамалар тән. Ақпараттық технологиялар, пәнаралық
байланыстарға қызмет көрсете отырып, оқу материалын жалпылауға, міндеттерді
шешудің ортақ әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар
біртіндеп идеялар мен мазмұнға қаныға отырып, барлық дерлік оқу пәндерінің
мазмұнына еніп келеді. Ақпараттық технологиялардың мүмкіншіліктері осыған
дейінгі адамзаттың қолымен жасалған нәрсенің бәрінен озып кетті. Ақпараттану көз
ілеспес жылдамдықпен дамуының арқасында «ғылымдардың ғылымына» айналып,
бұл философиялық емес, бұлтартпас шындық [3]. Бұл дамудың іргелі
арқауларының бірі –әлемдік ортақ ақпараттық ортаның құрылуы.
Ақпараттық технологияларды қолдану кіріктіруді жалпы деңгейде жүргізуге
яғни, зерттеу әдістерінің деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық
ғылымдарының негіздерін кіріктіру нәтижесінде студенттерде бірыңғай дағдылар,
жалпы әдістер мен түсініктер туралы жалпы көзқарастар дамуы тиіс, бұл соңынан
әлемнің тұтас көрінісін қабылдауға мүмкіншілік жасайды.
Сонымен оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану келесі кіріктіруші
функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс:
- оқу пәндерінің пәнаралық байланыстарын күшейту;
- курстың пәнішілік байланыстарын дамыту;
- білімнің жүйелілігін қамтамасыз ету;
- білімдік технологиялар мен оқыту әдістерін кіріктіру;
- оқытуды ғылыми, зерттеушілік, жобалық іс-әрекетпен кіріктіру;
- барлық білім беру мақсаттарын (оқыту, тәрбиелеу, дамыту) кіріктіру.
Ақпараттық технологиялардың кіріктірушілік функцияларын жүзеге асыру
көптеген келесі факторларға байланысты: АТ қолдану шарттары, оқытушының
құзыреттілігі, педагогикалық мақсаттағы бағдарламалар сапасы. Демек, ақпараттық
технологияларды қолдану нәтижелілігінің көрсеткіші педагогикалық тиімділігі болып
табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Виштынецкий, Е.И., Кривошеев, А.О. Вопросы информационных технологий в
сфере образования и обучения // Информационные технологии. – 1998. - № 2. – С.
32-37
2. Бекренев, А.; Михелькевич, В. Многоступенчатые структуры интегрированных
систем образования // Высш. образование в России. - М., 1996. - N 3. - С. 37-50.
3. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Информационное интегрирование
и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения. -
Алматы, 2002. - 100 с.
Резюме
Использование информационных технологий дает возможность вести
исследование методов на уровне интегрирования. В статье говорится об
использовани информационных технологий и претворении интегрирующих
функций.
Summary
Using the computer science technology gives us possibility to conducting study
methods, in the level of integrations. In this article we discussed using the computer
science technology including integration functions.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
287
~
ӘОК 330. 322: 378: 681.
Салтанова Г.А., Мухамбетова М.Ж.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІЛІГІ
Аннотация
Бұл мақалада, мектеп жасына дейінгі балалардың даму сатысында танымдық
белсенділіктерінің артуы, осыған орай ақпараттық технологиялар көмегімен оқу –
тәрбие үдерісін ұйымдастыру туралы сөз болады. Сонымен бірге, орындалуға тиісті
міндеттер бағыттары ұсынылады.
Негізгі сөздер: Танымдық белсенділік, ақпараттық технология
Қоғамымыздағы саяси және экономикалық өзгерістер қоғам өміріндегі
барлық саланы түбегейлі өзгертті, әсіресе білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы
болып табылар мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге әсерін тигізді. Педагогтар
ұжымының жаңаша жұмыс істеуге ұмтылысы және ата - аналардың мектепке дейінгі
мекемелерді таңдау және талап қою құқығын ескеру шығармашылық ізденістер мен
экперименттік жұмыстарға тың серпін берді. Қазақстан Республикасының мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде де сапалық даму, сапалық өзгерістер үдерісі
белсендіріле түсті.
Бала тәрбиелейтін білім беру жүйесінің және барлық ересектердің міндеті –
әр жастың толық дамуына ықпал жасау. Егер қайсы бір жастық даму кезінде тоқтау
немесе үзіліс болса, бала дамуының қалыпты жағдайы бұзылады, келесі кезеңде
үлкендердің негізгі күш - жігерін бұл дамуды түзетуге, яғни қалпына келтіруге
жұмсалады, бұл ауытқу үлкендерге ғана ауыр түспейді, ең алдымен ол ауыртпалық
балаға түседі. Сондықтан баланың дамуына жағдай жасауға уақытылы қолайлы күш
- жігер және әдіс - тәсілдерді аянбай қолдану қажет. Осы тұста баланың тұлға
ретінде қалыптасу кезеңінде педагогтар мен ата - аналардан балалардың таным
үдерісінің дамуын бақылай отырып, оны жетілдіру мен арттыру жолдарын жүйелі
ұйымдастыруы қажет.
Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысының
бөлігі танымдық белсендiлiк – психикалық белсендiлiктiң түрi, қызығушылық, зейiн,
бiлiмге құмарлық, шығармашылық формасында көрінісiн табады екен.
Жасы кіші балалардың оқуы мен түрлі әрекет түрлерін қатар ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды
ұлтаралық және мемлекетаралық қарым - қатынастардың кешенді даму жағдайында
бір мақсатқа бағытталған этникалық сана - сезімді қалыптастыруға бағыттап
қолдану өте маңызды іс.
Кез - келген педагогикалық технология ақпараттық технология болып
табылады. Ақпараттық технологияға көшпей оқу - тәрбие үдерісінде білім беруді
меңгеру мүмкін емес. Білім берудегі ақпараттық технология – оқу мен оқу - тәрбие
материалдарын
үйретуге арналған есептегіш техника мен инструменттік
құралдардың жиынтығы, сондай-ақ ол есептегіш техника құралдарының оқу
үдерісіндегі рөлі мен орны, мұғалімдер мен балалардың еңбегін жетілдіруде оларды
пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.
Ақпараттық технология (АТ) – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен
ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, балалардың жеке қабілеттелігін
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
288
~
дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу үдерісін ұйымдастыруды
үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияның негізгі
ерекшелігі мұғалімдер мен балаларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық
жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады.
АТ жағдайындағы жалпы оқыту үдерісінің функциялары оқыту, тәрбиелеу,
дамыту, ақпараттық, болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен
анықталады.
АТ оқытудың әр кезеңінде де (жаңа тақырып түсіндіру, бекіту, қайталау, білім,
білік, дағдыны тексеру) қолданылады.
АТ – да компьютер: мұғалім мен оқулықты толықтай және ішінара
алмастыратындай
білім
алудың
ақпарат
көзі,
мультимедиа
және
телекоммуникацияның жаңа мүмкіндіктері негізіндегі көрнекі құрал, жеке
ақпараттық кеңістік, талдау және тексеру құралы ролін атқарады.
АТ жағдайында компьютер жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте
сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы; графиктік редактор;
есептегіш машина; модельдеу құралы сияқты қазметтерді атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалар қабылдайтын білімді тек түсіндіру жолымен
емес, көзбен көру арқылы меңгеретіні түсінікті жәйт. Осы тұста АТ жағдайында
қолданылатын негізгі әдіс бейнеәдісті атауға болады. Ақпараттық мәліметтерді
экран
арқылы
жеткізу көздерінің
интенсивті
(кодоскоптар,
проекторлар,
киноаппараттар, оқу телевизиясы, бейнетаспалар, мәліметтерді дисплейлік
бейнелейтін компьютерлер және тағы да басқалар) кіруі, бейнеәдісті бөліп көрсету
және оны жеке оқыту әдісі ретінде қарастыру мүмкіндігін береді. Бейнеәдіс білім
беру қызметін атқара отырып, сонымен бірге оны тексеру, бекіту, қайталау,
жинақтап қорыту, жүйеге келтіру жұмыстарын, яғни барлық дидактикалық
функцияларды табысты орындайды. Бұл әдіс көбінесе мәліметтерді көрнекілігімен
қабылдауға негізделген. Ол білімді меңгерудің индуктивті және дедуктивті
жолдарын, балалардың өз бетімен жұмыс істеуін және танымдық белсенділігін әр
түрлі дәрежеде қарастырады, танымдық үдерісті басқарудың әр түрлі әдістерін,
амалдарын анықтайды.
"Тәрбие тал бесіктен басталады" - десек, бүгінгі бөбектер, ертеңгі еліміздің
болашағы, қоғамның қозғаушы күші болар.
Шағын орталықтардағы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық
белсенділіктерін ақпараттық технологиялар көмегімен арттыруды басты мақсат деп
санап, оны іске асыруда алдымызға мынадай міндеттер қоюды жөн көрдік:
1) Шағын орталықтарда ақпараттық технология көмегімен мектеп жасына дейінгі
балаларды дайындаудың теориялық негіздерін талдау.
2) Ақпараттық технологиялар көмегімен балалардың танымдық белсенділіктерін
арттыру қажеттілігі мен оның оқу – тәрбиелеу үдерісінде алатын орны мен ролін
нақтылау.
3) Танымдық белсенділікті арттыруға арналған әдістемелер жасақтау.
4) Ақпараттық технология құралдарының тиімділігін педагогикалық эксперимент
арқылы дәлелдеу.
Ал, зерттеу үдерісіміз, осы бағыттағы көрсетілген теориялық негізді басшылыққа
ала отырып, оны іске асыру құралдарын жасақтау мен құрылымдарын нақтылау
арқылы әріқарай өз жалғасын табуда.
Әдебиеттер тізімі
1.
Қараев
Ж.А.
Оқытуда
компьютерлік
технологияны
пайдалану.\\Жур.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
289
~
«Информатика-физика-математика» -1994, №3.
2. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.
3. Нүсіпбекова М.И.«Қарлығаш» бағдарламасы, - Астана, 2007. - 4 - 5 б.
4. Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б.
Педагогика: Сөздік. Оқу құралы, - Ақтау, 2009. - 91 б.
5. Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетiн арттырудағы оқытудың
әдiстерi мен формаларының дидактикалық жүйесiн тиiмдi қолдануға мұғалiмдi
даярлаудың теориялық негiздерi /Пед.ғылымының докт.ғылыми атағын алу үшiн
ғылыми доклад түрде жаз-н дисс. – Алматы, 1996. - 70 - 71 б.
Резюме
В этой статье будет затронута тема о повышении познавательной
активности детей дошкольного возраста с применением средств информационных
технологий в организации учебно – воспитательной деятельности. вместе с тем
указываются основные направления предлогаемой задачи.
Summary
In this article is writing about increasing the cognitive activity of preschool age
kids with using of the information technologies in scholastic activity. Together with that
are indicated main trends of decisions.
ӘОЖ 371∙3;793.3
Қ.Д. Айтқалиева
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қаласы
«ХОРЕОГРАФИЯ» ӨНЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге
асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай
туғызады. Жаңа педагогикалық технологиялар студенттердің шығармашылық
қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Өз кезінде Ж.Аймауытов «...Сабақ беру –
үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту
үнемі ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-әрекет екенін айтқан еді.
Хореографияны жоғары дәрежеде әдістемелік тұрғыда оқыту мәселелерін
шешу және оны терең меңгерту туралы сұрақтардың бәрі біріңғай бағдарлама
негізінде оқытудың негізін қалады. Соның негізінде Қазақстан балетмейстерлерінің
бай мұраларын кең тұрғыда иегрудің негізі қаланған болатын. Балет өнері және
халық би саласы негізінен халық ауыз әдебиетімен, сәндік-қолданбалы өнермен,
костюмдермен, салт-дәстүрлермен тығыз байланысты екені бәрімізге мәлім.
Сондықтан да, инновация бұл да біртұтас педагогикалық жүйе арқылы алынған
сапалы идеялар, үрдістер, нәтижелер. Бұл жүйенің қалыптасу кезеңдерін
педагогикалық техника, практикалық тәжірибе (орындаушылық), оқытудағы
ақпараттық технология бағдарламасы арқылы жүзеге асыратындығынан бақылауға
болады.
Хореографиялық
педагогикадағы
практикалық
инновациялық
технологияны қолдану үшін негізгі үш мәселені атап көрсетуге болады: олар,
хореографтардың білім беру үрдісіне білім беруді жүйелендіру қажеттілігі туындап
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
290
~
отыр; студенттердің оқу-танымдық қызметтерін белсендіру қажеттілігі; педагогтар
мен
студенттердің
бірлескен
іс-әрекеттерінің
жоғары
нәтижеге
жетуін
ұйымдастырудың бірден-бір жолы.
Педагогикалық әдебиеттерде біліктілікті және тәжірибені меңгерту, білімді
дамыту технологияларын, сондай-ақ шығармашылық жолмен тәжірибеде падалана
білу, өз бетімен мақсатқа қоя білу технологиялары деп бөліп қарастырады.
Сонымен, хореография өнеріне оқыту, жалпы педагог-хореографтарды
даярлауда жеке субъективтік көзқарастары мен жеке әдістемеге құрылмай, өзіне
дейінгі бағдарламада жинақталған, соның ішінде, тәжірибеден өткен әдістемелік
жүйеде құрылуы керек. Қазақстанның би мұраларын меңгерту міндетті компонент
болу керек, себебі сабақ қазақ хореографиялық үлгілерінің негізінде өткізіледі. Ал,
жетекші балетмейстерлердің қойылымдарын көмекші көрнекті оқу құралы ретінде
пайдалану қажет. Оқу комбинациясын оқытушылар идея, мақсат, мазмұнға
құрулары керек. Қазіргі уақытта жаңа хореографиялық ағымдарды үйренуге деген
қызығушылық артып отыр. Жаңа тәжірибелерді балетмейстерлікке зерттеу саласына
енгізу маңызды. Хореографиялық шеберлікке оқыту үрдісінен берілетін білім
жүйеленіп, нақтылануы тиіс.
Сонымен қатар, хореография өнерінде көптеген видеотехникалар, DVD,
флешкалар базасын да пайдалану қазіргі білім жүйесіндегі маңызды басым
бағыттардың бірі болып саналады. Видеотехникаларды пайдалана отырып,
нәтижеге жетуді ұйымдастыру оқытудың жаңа түрлерін, әдістемесін, технологиясын
іздеуді қажет етеді. Онда белгілі бір оқу-шығармашылық үрдісте жаңа ақпараттық
технологиялардың өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, ең бастысы, осы сандық
видеотехникаларды, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сапалы
нәтижеге жету көзделеді. Бұл – Қазақстан Республикасының жоғары оқу
орындарындағы хореографиялық өнерді оқыту үшін өзекті мәселе.
Орындаушылық дярлықтың негізгі мақсаты би қимылдарын үйреніп, кәсіби
шеберліктері мәнерлілік, артистік қабілеттерін шыңдап, хореографиялық пәндерді
жүргізу методикасы, оқу үрдісінде көрнекілік принципінің маңызды рөл
атқаратындағын меңгеру болып табылады. Хореография өнерінде көрнекілік нақты
жаттығулар және олардың өз характеристикасымен түсіндіру әдістемесімен
байланысты болады.
Хореографиялық пәндер бойынша оқу бағдарламасында, оқу үрдісінде
видеоматериалдарды оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекеттері
арқылы әдістемелік тұрғыда орындаушылық жаттығуларды нәтижелі меңгеруін
талдап, оқу материалын меңгертіп отыруы үшін пайдаланып отыру қарастырылады.
Қазіргі таңдағы педагогикалық тәжірибе көрсетіп отырғандай, видеотехниканы
хореографтарды даярлау оқу үрдісінде белсенді енгізу мәселесі өзекті болып отыр.
Қазірігі уақытта ҚР ЖОО-да белгілі бір дәрежеде кино, видео түсірілім
материалдары жинақталады. Ол білім беру үрдісінде ақпараттық-көрнекілік ретінде,
сондай-ақ оқытуды басқару құралы ретінде негізгі қызмет атқару үшін қолданылуы
мүмкін. Бүгінгі күнде республикамыздағы әйгілі шеберлер мен әдіскерлердің
даярлаған «Классикалық би», «Халықтық-сахналық би» сынды практикалық-
хореография пәндері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі
ескеріп
келеді.
ҚР
қазіргі
кезеңдегі
хореографиялық
мектептер,
ЖОО
кафедраларының ПОҚ әдістемелік материалдарды даялаумен шұғылдануда,
әйткенмен бұл бағыт оқыту әдістемесін оқыту технологиясын, жоғары білікті
кадрларды даярлауды талап етеді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
291
~
Видео, DVD, флешкалар әдістерін белсенді енгізу, сандық видеотехникаларды,
компьютерлік технологияларды пайдалану, біздің көзқарасымыз бойынша, оқу
үрдісіндегі дәстүрлі үнтаспа секілді көрнекі құралдармен салыстырғанда оқу-
шығармашылық үрдісті әлде қайда кең тұрғыда ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытқа дейін оқу видео материалдарын мазмұндық құрылымдық
тұрғыдан іріктеу принциптері анықталмады, видео әдістердің пайдалану мен
қолданудың
приоритеттік
мақсаттары
көрсетілмеді,
сондай-ақ
олардың
хореографтардың оқыту үрдісінде кешенді пайдалану әдістемесі қалыптасқан жоқ.
Хореография – дененің пластикалық қозғалысының көркем феномені.
Хореографиялық педагогикада би қимылдарын көрсету оқытудың дәстүрлі негізі
ретінде пайдаланылады. Бірақ жоғары курстарда сөздік әдісі көрсетілім әдісінің
үстінде жүреді. Қазіргі педагогикада классикалық би бойынша, мысалы, кейбір
элементтердің орындалуы туралы нақты әдістемесі жасаланды. Олардың ережесі
мен орындалуы туралы талаптары барлығына бірдей қалыптасқан канон болып
табылады. Оқыту мақсаттары қатаң тәртіп бойынша құрылып, пәннің оқу
бағдарламасы негізінде жазылады.
Бірақ тәжірибе дәлелдеп отырғандай, жетекші оқулықтар бойынша би
техникасына үйрету мүмкін емес. Хореографиялық өнер қолданбалықты талап етеді.
Қазіргі күннің өзінде де оқулықтар мен әдістемелік материалдар бола тұрса да
хореографияны үйретуде педагогтың көрсетуіне, олардың орындалу әдісін
баяндауға негізделген әдістеме қалыптасқан. Сондықтан қимылдарды үйрену
теориялық білімді меңгеруден спецификалық тұрғыдан айырмашылығы болады.
Жаттығуларды орындау кезінде тек логика ғана емес, сондай-ақ образдық, өз-
өзіңнің сезіміңді бақылау да міндетті болып табылады. Осыған орай қимылдар мен
комбинацияларды көрсетудің педагогикалық ажырамас бөлігі студенттердің назарын
мақсатты басқару болып саналады. Студенттердің назарын ең алдымен кез-келген
қимылды қандай мақсатта орындалуы тиіс деген бағытқа аудару қажет. Интуитивтік
техникалық қимылдарды дамыту үшін студенттердің назарына бұлшық ет
қызметтерінің жұмыс жасауына ерекше көңіл бөлу маңызды. Сабақ барысында
студенттереге «қашан», «қалай» және қандай топтағы бұлшық еттерге екпін түсіріп,
өзін-өзі бақылап оқытуды түсіндіру аса қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |