Әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. «Қазақстан -2030». Сайт: www.akorda.kz
2.Халықова К, Тұңғышбаева Г. Информатиканы оқыту процесіндегі оқушы
шығармашылығының алатын орны. ӘОЖ ӘОЖ 37.016. 02:004
3.Тоғызбаева Н. Инновациялық білім кеңістігінде шағын жинақы мектеп
оқушыларының креативтілігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Түркістан,
2010. 12б\
4.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі, «Педагогика және
психология» бөлімі. А., «Мектеп» 2002.
5. Философиялық сөздік.
6.Омарова Р.С. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру технологиясы.
Ақтөбе, 2007. 183 б
7.Омарова Р., Елеупаева Ж. Мектеп оқушыларының шығармашылық
дарындылығын қалыптастырудың теориясы және практикасы.Ақтөбе, 2009.175б
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
302
~
8.Тойбазарова Н. Инновациялық білім кеңістігінде шағын жинақы мектеп
оқушыларының креативтілігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Түркістан,
2010. 85б
9.Халықова К, Тұңғышбаева Г. Информатиканы оқыту процесіндегі оқушы
шығармашылығының алатын орны. ӘОЖ ӘОЖ 37.016. 02:004, 175б
10.Нағымжанова Қ.М. Креативтілік феноменінің педагогика мен психологияда
дамуы. Білім, №5, 2006.
11.Гнатко Н.М. Проблема креативности и явление подражания. – М., 1994.
12.Гилфорд Дж. Три стороны интеллекта // Психология мышления / Под ред. А.М.
Матюшкина. – М., 1965. – С.433-456.
13. Нұрғазиева Н.М. Креативтілік психологиясының әдіснамалық негіздері мен
заңдылықтары. Вестник КАСУ №1 - 2007
14. Морозов А.В. Креативная педагогика и психология. – М., 2001.
15. Асылов Ұ.Ә. Педагогика және психология: қазақ тілі терминдерінің салалы
ғылыми түсіндірме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 2002. – 45-46 бет.
16. Богоявленская Д. Психология усвоения знаний в школе. М.,1989.244 с
17. Гартунг Т. Развитие креативности подростков средствами дисциплин
гуманитарного цикла. Автореф. Дис.к.п.н. Тюмень, 2008 – 23 c\.
18. Богоявленская Д.Б. Основные современные концепции творчества и
одаренности. -М., Мол.Гвардия, 1977. -155c.
Резюме
В данной статье автор рассматривает значение термина «креативность» на
основе анализа определении этого термина другими учеными, педагогами,
психологами.
Summary
This article is considered about the meaning of term “Creative” on the basis of
analyze definition of the term by other scientists, pedagogies, physiologists.
Ө. Қажымгалиев.
Атырау облысы Құрманғазы ауданы
НАРЫНДЫҚ ДВОРЯНДАР
«Жақсыдан жаман тусада,
Жаманнан жақсы тусада
Тартпай қоймас тегіне».
Халық мәтелі.
ХІХ-ХХ ғасырларда Еділ Жайық екі өзен арасының тұрғындары және
Астрахань губерниясының халқы түгел дерлік іс - әрекетімен ерекшеленіп, ірілік
танытқан адамдарға қазағы «Сен кімсің, Мақашсыңба» десе орыстары «Ты кто,
Махаш что ли» деген сөз тіркесі қолданылатын.
Ол кісі шалт қимылды, күрмеуі қиын мәселеге көпшіліктің өресі жете бермейтін
шешім алатын, терең білімділігімен танылған Мұхамбетжан Шолтыр ұлы
Бекмуханбетов, Мақаш әкім болатын.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
303
~
Арғы бергі тегін таратсақ, біз білетін төртінші атасы қойыс шеркештің
Дербісінен тарайтын Пұсырманұлы (Мұсылман) Тұрманбеттен бастау алады.
Тұрманбет би 1773 – 1775 жылғы Е.И.Пугачев басқарған шаруалар көтерілісі кезінде
қазақ жасақтарын басқарған старшиндердің қатарында болған. 1785 жылы 21
қыркүйекте Жайық өзенінің ар жағындағы Елек қорғанынан жүз шақырым Жіңішке
өзені бойында өткен старишиндардың жиналысында бай ұлы руларына бас старшин
болып сайланған.
Нұралы хан қайтыс болуына байланысты «Хан сайлау» мәселесіне белсене
араласып, Есімнің хан тағына көтерілуін қолдады.
Кіші жүздің саяси кеңістігінде 1797 жылдан бастап Тұрманбет ұлы
Бекмұхамбет көрінеді. Қаратайды хандыққа беркіту жөніндегі кіші жүз руларының
старшиндарының жазған өтінішіне қол қойғандардың бірі. Ол кісінің белсенділігі
Бөкей сұлтанның Нарын құмына өткен, 1801 жылдан бастап көрінеді. 1802 жылы
қол астындағы шеркеш руының шаңырақтарын Жайықтың оң жақ бетіне шығарады.
1811 жылы 13 қыркүйекте Бөкейді хан сайлау кезінде Бекмұхамбет қолдаған. Өз
кезегінде Бөкей хан 5 адамнан сайланатын хан кеңесінің заседательдігінің басшысы
етіп Бекмұхамбет биді ұсынған.
Бөкейұлы Жаңгірдің хан тағына сайлануына белсенді қолдау жасаған
Бекмұхамбет Тұрманбетұлы. Орынбор губернаторы П.К.Эссеннің Хан сайлануына
орай Жаңгір ханға Орал қаласында берілген салтанатты түскі асқа қатысқан.
Бекмұхамбет шеркеш руының белді старшины болды. Оның 1795 жылы
туылған ұлы Шолтырда шеркеш руынан сайланған кеңесшілік мансапта ұзақ жыл
болған. Енотаевск уезінде 1855 жылдан 1860 жылға дейін депутат, кейін ІІ теңіз
маңы округінің 3-ші шеркеш бөлімінің старшины болған.
Қаспағы жұқармаған, бай шонжар ауылының, іргелі шаңырағынан текті
тұқымнан 1830 жылы дүниеге келген Мұқамбетжан 1841 жылы ашылған Жәңгір
мектебіне алғашқы оқушылардың бірі. Шомбалдың Жүсібі, Қарауыл қожаның
Салығы, Жәңгірдің Әділі болып білім алған. Екі жылдық оқуды ойдағыдай тәмамдап,
1944 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусының курсанттығына қабылданады.
Оны ойдағыдай Зауряд сотник шенінде аяқтайды.
Мақаш әкім - елге сіңірген еңбегімен, халық жадында сақталған басшы.
Бізге шұрайлы жер беріп кетті. Қарамағындағы елді ексітпеу үшін жерлерін кеңітіп,
өзен жағалап қоныстандырған. Жаңа жерлер иеленген. Жайылымды жердің
құнарлығын сақтау үшін құм тоқтатуға шара алған. Мақаш билік жасаған ішкі
орданың бірінші және екінші округтердегі халықтың тұрмысы біршама жақсарды.
Егер 1801 жылы алғаш қоныстанған кезде әр шаңырақта 19 бас мал болса, 1888
жылғы санақта ол 36 басқа жеткен. Егер салыстырмалы есепке жүгінсек, Ақмола
тұрғындарында 32, Оралдықтардың бір шаңырағында 30 бас, Торғайлықтарда 32
бас, Семейліктерде 26 бастан болған.
Астрахань мұрағаты 1094 қор, 1 тізімдеме, 472 іс.
Халықты отырықшылыққа, балық кәсібін игеруге үйретті.
Ол кезде Мақаштың әкімшілік басқаруында
№ 1 округте 16 старшин 7353 шаңырақ шамамен 36765 адам.
№ 2 округте 14 старшин 8619 шаңырақ шамамен 43095 адам.
Барлығы : 15971 шаңырақ 79810 адам болды.
Астрахань мұрағаты 375 қор, 1 тізімдеме, 2307 іс.
Елге білім беру, әсіресе, жастарды көзі ашық, жан-жақты хабары бар білімді
азамат етіп тәрбиелеуге күш салды.
а) Мектеп ашты.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
304
~
б) Тәрбиелеген, қамқорлық жасаған шәкіттері Бақтыгерей Құлманов, Сейтқали
Меңдешов, Қажығали Мамеков (1883-1973). Денсаулық сақтау саласында белсенді
жұмыс жасап, Гурьев облысының дамуына үлес қосқан Ахмет Сүндетов.
Халықтың діні мен ділін сақтауға көп күш салған.
Қазақ халқының арын арлап, жырын жырлап, оны кемсітушілерге сөзімен, жазба
еңбектерімен қарсы шығып, жергілікті халықтың жақсы әдет – ғұрыптарын
жариялап, «Астраханские ведомостиді газетінде мақалалар жазған. Ол кісінің
қазақтың тұрмысы жайлы «Ішкі Бөкей Ордасы қазақтарының тұрмысы және халық
ағарту» жөнінде мақаласы құндылығын жойған жоқ. 1908 жылы Қазан қаласынан
шыққан «Жақсы үгіт» кітабы- Мақаш мұрасының көрінісі.
Ешкімге озбырлық жасамаған, кемтарға, жарлы – жақыбайға көмектескен. Олар :
Құрманғазы, Соқыр Түсіп, Соқыр Есжан, Досжан Қожбан ұлы, Шынияз Шанайұлы,
Нұрым жырау тағы басқалары.
Өнерді сүйген, өзі де өнерлі болған.
Күйі : «Көк жорға» «Салық өлген» «Байжұма»
Мақаш күйлерін орындаушылардан 1902 жылы туған Бану Ниязғалиева және ол
кісінің шәкірті, кейін Атырау қаласының тұрғыны көп балалы ана Әсима Ізмұхамбет
келінін атайды.
(Атырау облысының кәзіргі әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің анасы).
Қазір Мақаштың күйін орындайтындар кездеспей жүр.
Көркем шығармаларынан «Шандоз қыз» дастаны сияқты өнер туындылары
сақталған.
Мақаш әкім болашақтың қарлығаштары балаларды, сәби кезінен
тәрбиелеп қастерлеген. Жастайынан бетін қақпай, емін – еркін өсуін ойлаған
ұлағатты ұстаз.
Өмірлік тәжірибесін зерделей отырып, бала тәрбиесіне өзіндік ұстанымы болған.
Қазіргі педагогика саласын зерттеп, талайлардың ғылыми атақ қорғаған ілімін
Мақаш әкім өзінің түйсігімен игерген.
- «Ұрпақ – біздің болашағымыз. Бала кезден қақпай көрсе, өскенде бұйығы болады,
елін қорғайтын намысшыл азамат болуы екі талай. Болашақ басшымыз бен
қорғаушымыз осылар, сондықтан еркін жүруге бала кезінен дағдылансын. Қазақты
құлдықтан арылту басты міндетіміз», - деген сөзі осы күні де маңызын жойған жоқ.
Халқына да, ханға да жаққан Мақаш әкімнің еңбек жолын тұжырымдамалық
бетшедегі жазба арқылы жеткізгек :
Мұрағат деректеріне сай 1852 жылдың 1 қаңтарынан Ішкі Қырғыз Ордасын
басқаратын уақытша кеңестің тілмаштық қызметінде.
1854 жылы декабрь айында Ноғай руының басқарушысы.
1855 жылдың тамыз айының екінші жұлдызында 2-теңіз маңы округінің әкімдігіне
тағайындалады.
1864 жылы 1-теңіз маңы округінің басқарушысы.
1868 жылы 2-теңіз маңы округінің басқарушысы, сол жылы №1 және №2 теңіз маңы
екі округтің де басқаруға әкімі болып тағайындалады.
1885 жылы сәуірде 2-теңіз маңы округінің әкімі.
1890 жылы өзінің арызына сай отставкаға шығып, жұмысын тапсырады. Сол жылғы
15 маусымдағы Астрахань генерал-губернаторды Жарлығымен губернатордың
қызмет бөлімінің басқарушылығына тағайындалады.
1894 жылдан Ішкі Орданы басқарушы Уақытша Кеңестің кеңесшілігіне беркітіліп,
штатқа алынады. Қажетіне қарай мезгіл -мезгіл уақтылы кеңесшілік жұмысын
атқарады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
305
~
1897 жылдың 31 наурызынан 18 сәуірге дейін Уақытша Кеңестің төрағасының
жанындағы жауапты шенеуіктік лауазымды болып, саулық пен жасқа байланысты
үкімет жұмысын атқаруды доғарады. Елдің ақыл айтар ақсақалдық дәрежесінде
1904 жылы дүние салады.
Әскери шендері :
1852 жылы Зауряд сотник
1854 жылы Хорунжий
1859 жылы Сотник
1864 жылы 2 наурыз Есауыл.
(Астрахань архиві 13 қор, 1 тізімдеме, 32 іс).
Мақаш әкім императордың қабылдауында екі мәрте болған. Ол жөнінде «Мақашпен
қауышу» кітабымда толық жазылғандықтан қайталамадық. Жылдары мен
күндерінің деректерін келтірумен шектемекпін.
ІІІ Александрдың 1881 жылы 14 наурызда таққа отыру салтанатына қатысқан.
Патша ағзамға сыйға алтыннан жасалған киіз үйдің макетін апарған.
Екіншісі 1894 жылы 14 желтоқсанды 26 жасар ІІ Николай императордың Алиса
Гессен – Дармштадтский (Александра, Федоровна) мен үйлену тойына құрамында
ноғай руынан Мұхамбетқали Зұлқаров пен Қалмақ бөлімінің сұлтаны Мұрат Бажанов
бар делегацияны бастап барған. Сыйға күміс табақ үстіне ішіне алтын жалатқан
леген, ожау және стакан апарған.
Империя тарапынан берілген марапаттар :
1866 жылы 3 дәрежелі «Әулие Станислав» ордені берілген.
1868 жылы август 3 дәрежелі «Әулие Анна» ордені
1870 жылы январь екінші дәрежелі «Әулие Станислав» ордені.
1873 жылы 27 июньде Императорлық тәжі бар 2-ші дәрежелі «Әулие
Станислав» ордені.
1881 жылы 26 маусымда, Астрахань губернаторы мырзаның 12 июнь 1881
жылғы ұсынысымен 4 дәрежелі «Әулие Владимир» ордені.
1854 – 1855 жылы Түрік соғысында Севастопольді қорғауға көрсеткен көмегі
үшін қола медаль.
1897 жылы 1 жалпыға ортақ Халық санағын өткізудегі еңбегі үшін қара
қошқыл медалі.
«Әулие Владимир» орденімен марапаттанушылар дворяндар қатарына
алыну құқына ие болатын ерекшелігі болған.
Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмухамбетов 25 қыркүйекте 1897 жылы Ұлы
билеуші император Николай Александровичтің атына жазған өтінішінде, 4 дәрежелі
«Әулие Владимир» ордені мен марапатталуына байланысты. Қолданыстағы заңның
негізінде ұрпаққа жалғасатын дворяндық қатарына қосылуға құқылы болуына орай
Астрахань губерния дворяндарының шежірелік кітабына кірістіруді және орденнің
грамотасының түп нұсқасымен, екі көшірмесін беруді сұраған.
2 октябрь 1897 жылы Империя канцеляриясы қабылдап алып, Капитулу*
мүшелері : Тайный советник және Давыдов, Ожарскийлар қол қойып 4 дәрежелі
«Әулие Владимир» орденінің тиісті құжаттарын тапсыруды талап еткен.
Аталған құжаттардың 18 декабрь 1895 жылы табыс етілгені жөнінде Ішкі
Қырғыз Ордасын басқаратын уақытша Кеңес анықтама берген.
Дворяндық тізімге алу қағидасына сай Мақаш әкім орденінің белгісін және оның
грамотасын
алғаннан
кейін
Астрахань
губерниясындағы
«Дворяндардың
депутаттарының жиналысына» тілегін білдірген. Олар 1897 жылдың 10 қазанында
қарап Есауыл Мухамбетжан Шолтырұлы Бекмуханбетовті дворяндық шежірелік
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
306
~
кітаптың 3-бөліміне тіркелуге қаулы қабылдаған.Оны беркіту жөнінде 1897 жылдың
29 қазанында 325 санды қатынас қағазымен империяның билікші сенатына рапорт
жолдаған. Сенат қолданыстағы заңдылықтың баптарына сай келуіне байланысты
Астрахань «Дворяндарының Депутаттық жиналысының» қаулысын дұрыс деп тауып
шығарған бұйрығы 1898 жылғы 7 марттағы Указымен беркіген. 30 сәуір 1887 жылы 8
реттік санды «Потомственный дворяниндігі» жөнінде грамота жіберілгендігі
тіркелген.
Әкесінің дворяндық тегіне ұрпақтарын енгізуде осы ретпен жүргізілген.
Осы орайда Мақаш әкімнің жанұясы жөнінде нақты мағлұмат келтіреміз.
Ол кісі 4 мәрте некеде болған яғни. Ретімен айтсақ, бірінші Хажы
Құлмажиттің қызы - одан Қазан қаласында 1882 жылы қазаға ұшыраған Әміржан
дүниеге келген.
Екінші әйелі - Кердері Тышқанбайдың қызынан - Ғаббас 1867жылдың
маусымында, Хамза 1869 жылдың 14 қыркүйекте дүниеге келген.
Мамбеттің қызы Гүлжамиладан екі қыз 1872 жылы 25 қыркүйекте Зинет,
1874 жылы 8 қыркүйекте Зүлфат және Фазыл 1876 жылдың 9 қыркүйегінде, Жамил
1883 жылдың 15 тамызында екі ұл сүйеді.
Төртінші зайыбы Қожа Әбдрахманқызы Күлекеден үш ұл көреді. Олар
Шапхат 1890 жыл 26 ақпан, Мерпайз 1895 жыл 8 шілде, Мүбиін 1898 жылы
дүниеге келген.
Мақаш әкімнің балаларының арасында әкенің ұрпаққа берілетін лауазымын
қабылдауға ниеттеніп, дворяндар қатарына кіруге қызмет жасаған.
1876 жылы туылған ұлы Фазыл.
Ауыл мектебінде сауатын ашқан Фазыл Астрахандағы ерлер гимназиясына
түсіп, 1895 жылдың 28 сәуірінде бес классын тамамдап шығады.
Уақытша Кеңестің 1896 жылғы 3 қаңтардағы каулысына сай Кеңестің
тілмаштығына тағайындалады.
1897 жылдың 21 сәуірінде Царевскі уезінің 2-тұрағына депутаттыққа
тағайындалады.
1898 жылы 12 қазан Астрахань қаласының осы деңгейдегі жұмысқа
ауыстырылады.
1900 жылы 20 наурыздағы Уақытша Кеңестің каулысына сай ІІ разрядтағы
Кеңестің қызметкері қатарына алынады.
Сол жылдың 16 қазанында Уақытша Кеңестің № 113 санды каулысымен І разрядты
кеңсе қызметкерлігіне көтеріледі.
2- теңіз маңы округінің депутаттығына тағайындалады.
1902 жылы 20 мартта Уақытша Кеңестің ұсынысына сай Астрахань
Губернаторы «Коллежский регистратор» шенін берген.
1903 жылы 2 теңіз маңы округінің әкімінің көмекшісі.
1904, 1905 жылдары 1-теңіз маңы округінің әкімі.
1906 жылы 2 теңіз маңы округінің әкімі қызметтерін атқарған.
(Астрахань мұрағаты 13 қор, 1а тізімдеме, 31-іс.
99 – 108 беттер).
Фазыл Мүхамбетжан ұлы халқына аянбай еңбек атқарған азаматтардың
алдыңғы шоғарындағы басшылардың бірі.
Мал баққан қазаққа қыс қонысына жәйлі, үскірік борандарда паналы жерге
орналастыруға көп күш салды. Теңіз жағасынындағы қалың қамыспен, орман терек
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
307
~
арасындағы
судан
ашылған
кішкене
аралдарды,
балық
аулаған
орыс
мүшықтарыменен қатар қоныстанып игеруге жүмыс жасады.
Шұрайлы жерді ішкі бойдан келіп мекендеген шаруалар да, Каспий теңізі
жағалауындағы бос жатқан аралдарға қожалық етуші Волга Каспий басейні
басқармасы да өз еректерімен беруге келіспегенді. Олардың арасындағы дау
жанжалдарды Астрхань губернаторы арқылы әдейі мемлекеттік комисия қүратып
жер дауын шешуге шара алған. Осы орайда Фазыл Мүхамбетжан ұлының іскерлік
қаблеті көрініс береді. Қазақтардың қыс қыстап, жаз кұм бойын жайлауға келісімге
тоқтайды. Кеиінен ретін келтіріп, түрақтап өз меншіктеріне айналдырған. 1914
жылғы картаға түскен II теңіз маңы округінін, иелігіндегі 381 аралдар мен сыландар
тізімі сөзіміздің шындығын дәлелдейді. (Астрахань мұрағаты) 32 қор I тізілміше 837
іс
Сол кезнде Ішкі Қырғыз Ордасы түрғындарын қынадай қырған оба індеті үлкен
ауыртпалдық әкелді. Көптеген үйлердің жанүйясы түгел қазалы болып, түндіктері
жабылып қалды. Елге сын сағат туғанда Фазыл Мұхаметжан ұлы шет қалмай обаға
қарсы күрестің ортасында болды. Ол еңбегі ерекше ескерілді. Ұлы мәртебелі тақ
мүрагері Александр Петрович Ольденбургский обаға қарсы күрсе жөнінде шығыс –
түстік
губернияларын
аралаған
сапарында
Фазыл
Мухаметжан
ұлы
Бекмүхамбетовтің ыждағатты қызметін жоғары бағалап 1901 жылдын 30 тамызында
Анна лентасындағы күміс медалімен марапаттаған. Халқын оба ауыры қасіретінен
қүтқаруға қоян қолтық белсене араласқан. Өзіде сол ауыруды жүқтырып қайтыс
болды – ау деген болжамда айтылады.
Ұрпаққа жалғасатын дворяниннің баласы Астрахань қаласы және оның уезінің
депутаты Қырғыз Фазыл Мухамбетжанұлы Бекмұхамедовтің 1900 жылдың 7
қыркүйегінде Астраханның Дворяндарының депутаттық жиналысына жолдаған
өтінішінде
Астрахань губерниясының Дворяндарының тектік кітабының 3 бөлімінде
жазылған, әкесі Есауыл Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамедовтің тектік әулетіне
жазып, дворяндыққа қабылданғандығы жөнінде анықтама беруді сұраған.
Өтінішке Ішкі Қырғыз Ордасын басқаратын Уақытша Кеңестен берілген екі
құжат қоса тапсырылған.
Олар : 1897 жылдың 14 тамызында 7598 санды туу туралы куәлігі, екіншісі оның
қызмет бабындағы өзгерістер көрсетілген, 1900 жылғы 27 мамырдағы 596 санды
тұжырымдамалық бетшенің (формулярный список) көшірмесі.
Дворяндардың қорына 10 сом ақша төленген.
Туу туралы куәлік мәтінінде 2 округтің 3 тұрағындағы Қырғыз Фазыл
Мұхамбетжанұлы Бекмухамедовтің, 2 теңіз маңы округінің №3 старшинасының
тұрғыны Мұхамбетжан Шолтыр ұлы Бекмухамбетовтың әйелі Гүлжамила Мамбет
қызынан 1976 жылы 9 қыркүйекте туған баласы екендігін тексеру қорытындысымен
анықталғандығы баяндалған.
Берілген өтініш қанағаттандырылған.
Билікші сенаттың Указымен беркітілген Герольді** департаментінің 7 март 1898
жылғы № 798 санды каулысы негізінде Астрахань губерниялық дворяндардың
депутаттық жиналысының анықтауына сай дворян деп тауып, 21 сентябрь 1900 жыл
№ 14 санды тиісті тектік кітапқа тіркелген.
Астрахань мұрағаты 13 қор, 1а тізімдеме, 32 іс, 102 бет.
Нарындағы дворяндық лауазымға ие болған адамдардың бірі Мақаш әкім
1904 жылы дүниеден өтсе, екіншісі оның баласы Фазыл Бекмуханбетовтің 1907
жылы қайтыс болғандығы жөніндегі қалыптасқан пікірімізге сызат түсірген құжатқа
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
308
~
кездестік. «1911 жылы ұрпаққа жалғасатын дворяндардың мүлкімен жанұялық
жағдайы жөніндегі жіберілген ведомоста тізімінде 11 рет санында «Бекмухамедов
Ф.М. 1251-Красный Яр управитель 2-го прим.округа Внутр.Киргизской Орды»
делінген.
Мұрағаттық деректерде ол кісі 1906 жылға дейін басшылық жұмыста көрінеді де,
1907 жылдан еш жерде атағы кездеспейді.
Екіншіден немересі Еркін Лутифоллаұлы Бекмухамедов (Лутифолла Фазылдың
баласы) атасының 1907 жылы қайтыс болғандығына күмән келтірмейді.
Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамедовтің әйелі Мәмбет қызы Гүлжамиладан 1883
жылы туған ұлы Жәмилді тектік әулетіне жаздырып, дворяндық куәлік алуына
Мақаш әкімнің өзі мүдделі болған. Астрахань губерниясының дворяндарының
депутаттық жиналысына 1901 жылдың 28 қыркүйегінде шағым жазып тілегін
білдірген. Мәселені шешуге тиісті құжаттарды талапқа сай тапсырған. Белгіленген
рәсімдерден өтіп, Жамил Мұхамбетжанұлы Бекмухамедовтың әкесі Есауыл
Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмухамедовтің дворяндық тегіне тіркеліп, Астрахань
губерниясының дворяндар депутатының жиналысының тізіміне 1901 жылдың 12
қазан күні № 15 санда жазылған. Ол жөніндегі № 15 куәлікті 1901 жылы 16 қазан
күні Дж.Бекмухамедов деп қол қойып, Жамилдің өзі алған.
Жамилдің еңбек жолы жөнінде мұрағатта басқа дерек кездестірмедік. 1902 жылы
Қазан қаласына оқып жүргенде қазалы болғандығы жөніндегі ел аузындағы
айтылып жүргендер уақиғаның растығының дәлелі бола алады.
Жазба деректермен зерттеулерге сүйенсек, өлкетанушы ғалым Өтепберген
Әлімгереевтің еңбегінде қамтылған.
Ол жөнінде Қазақстан халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Хамит
Ергалиевтің, көне көз ақын жыршы Ығылман Шөрековтің айтуынан ел арасындағы
сақталғандары және кезінде жазбаға түскен жырдың өзіне жеткен үзінділерінен
құрастырып жаздырған Досжан Кожбан ұлының «Мақашқа ұлы Жәмілжанның
қазасын естіртуі» әдеби айналысқа еніп, дерек көзіне айналған.
Қалай десекте сол маңайдағы оқиға. Теңіз жағалауын жайлаған қазақтардың
арасынан шыққан әкелі - балалы Бекмухамедовтердің ұрпақтары әулеттік тектерін
жалғап дворяндық лауазым өздерімен бірге аяқталды. Тарихи уақиғалардың
ызғарынан кейінгі ұрпақтарының аман қалғандары бас сауғалап әр қиырға тарап
кетті. Сол дәуірдің заманындағы аласапыран тегеуіріні талай барымызды жоққа
шығарған. Кеуде керіп дем алып дауысымызды анық шығарып сөйлеп, басқалармен
иығымызды теңестірген еркіндіктің келгені және өз ардақтыларымызды дәріптеуге
мүмкіндік туғанына шүкіршілік.
Ұлттық құндылықтарымызды бағалап, санамызға сәуле түсірген Елбасы
Нұрсұлтан Әбіш ұлының тарихымызды зерделеп, ұлықтауға бастаған саясатының
жемісі демекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: |