Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің 2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің №____ хаттамасымен бекітілген
«6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012 Бағдарлама «6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ.к., доцент Әлқожаева Н.С., п.ғ.к., доцент Касен Г.А., аға оқытушы Жұмабекова Қ.Б.
Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі__________________ А.Қ. Мынбаева
Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова
Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген
2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама
Ғылыми кеңес төрағасы,
Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова
Ғалым хатшы __________________ З.Н. Исмагамбетова
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.
Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін педагогикалық теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану қабілетін игерту болып табылады.
Магистратураға түсу емтиханы - жазбаша. Емтихан тапсырушы сұрақтарға өз жауаптарын емтихан парағына жазады, оны шифрленген түрінде емтихан комиссия мүшелері тексереді.