40. Тензорезистивтік эффект. Тензосезімталдық. 1.Ж.Ө-ң немесе металды деформациялағанда дененің кедергісінің (өткізгіштігінің) өзгеруін – тензорезистивтік эффект деп атайды.
Тензокедергінің өзгеру себебі, Ж.Ө-дің энергетикалық құрылысының өзгеруінен. Тыйым салынған зона енінің өзгеруі заряд тасушылардың концентрацияларының өзгеруіне және кедергінің өзгеруіне себеп болады.
2.n-Ge немесе n-Si секілді зона құрылысы күрделі заттардың кристалдарының деформациялануы (созу,қысу) кедергінің үлкен өзгеруін тудырады. Бұл өзгерісті тек тасушылар концентрациясының өзгеруінен түсіндіруге болмайды. Түсіндіру төмендегінше: анизотропиялық деформациядан энергия экстремумдары эквивалентті болмай қалады. Электрондардың экстремумдар бойынша өзгеруі орындалады. Түбі жоғарылағаннан минимумдардан гөрі, түбі төмендеген минимумдар өткізгіштікке көп қосымша береді. Бұл жағдай, энергия беттері сфералық болған жүйелеуде ғана байқалады.
3.P-Si секілді Ж.Ө-де кедергінің көптеп өсуі анизотропиялық деформация кезінде энергетикалық зоналардың ерекшеленгені жоғалған жағдайда байқалады. Ерекшеленгендік алынғанда, әр түрлі қозғалғыштықты жеңіл және ауыр тесіктердің сандары өзгереді. Тесіктердің жалпы саны өзгергенде, олардың өткізгіштікке әсерлері әр түрлі болады да, кедергі өзгереді.
4.Тензорезистивтік эффект – тензокедергінің тензорлық коэффициентінің мәндерімен сипаттайды. Бұл 4-рангты тензор.
Егер Ж.Өткізгіштікке деформация мен қатар магнит өрісі әсер етсе, онда оның өткізгіштігі әлсіз магнит өрісіндегідей болады.
41. Шашыраудың эффективтік қимасы. Релаксация уақытының эффективті қимамен байланысы. 1.Дифференцалдық эффективті қима дегеніміз жылдамдығы бірге тең бір бөлшектің бір шашыратқыш центрмен соқтығысқандағы бір өлшем денелік бұрыш ішінде жату ықтималдығын айтамыз. Денелік бұрыш шашыратқыш центр санақ жүйесінің басында орналасқандағыдай тұрғызылған. екенін біле отырып, dx жол жүрген, түйініндегі концентрациясы n және центрде шашырау жылдамдығы υ болатын бөлшектердің денелік бұрыш -ге түскен кездегі бөлшектер санын анықтай аламыз:
Мұндағы, N-бөлшектер саны, υ-жылдамдығы, dx-шашыраған бөлшектер жолы.
2.Интегралдық эффективті қима дегеніміз (S*) бөлшектердің кез-келген бұрышта шашырау ықтималдығын айтамыз.
3.Қозғалғыштық немесе өткізгіштіктің эффективтік қимасы (транспорттық эффективтік қима) деп, барлық бұрыш арқылы функциясымен дифференциалдық эффективтік қимадан интегралдап алынған өлшемін айтамыз:
Жалпы жағдайда орташа соқтығысу санымен (q) анықталады (бұл кезде бағытталған жылдамдық болмайды)
Изотропты шашырау кезінде бір соқтығысудан кейін бағытталған жылдамдық жоғалады.
4.Бағытталған қозғалыстағы еркін жүру жол (li) мен шашыратқыш центр концентрациямен Ni байланысты