Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82

 

-

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

-



 

 

 



 

 

 



 

 

-



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 



 

 

 



-

 



 

-

 



 

 

 



 

 

 



 

-

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

-



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



-

 



 

 



 

 

 



 

 



 

Қорыта айтқанда, сынып жетекшінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қызығушылығы, 

ниеті, ұмтылысы, белгілі жүйелі білімі және біліктілігі мен құзыреттілігінің бірлігінен тұрады. 


277

Әдебиеттер тізімі

1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми-теориялық 

негізі. Алматы:2008., 60-б.

2.  Сластенин В.А.,  Мищенко А.И. Целостный  педагогический процесс  как объек профессиональной 

деятельности учителя. М., 1997., 37-б.

3. Кенжебеков Б.Т. Педагогические условия организации внеклассной и внешкольной работы учащихся 

по техническому труду: к.п.н.автореф. Алматы, 1993., 9-с.

4. Волков Б.С., Волков Н.В. Возрастная психология. Академический проек. 2008., 97-с.

5.  Педагогический  словарь:  Для  студ.  высш.  и  сред.  пед.  учеб.  заведений  /Г.М.Коджаспирова, 

А.Ю.Коджаспиров. 2-е изд., стер. Издательский центр. Академия, 2005., 176-с.

6. Урунтаева Г.А. Дошкольная психология: Учеб. пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений. – М.: 

Издательский центр Академия, 1998., 336-с.

7. Хмель Н.Д. Теоритические основы профессионального подготовки учителя. Алматы: Ғылым, 1998., 

320-с.


8.  Набуова  Р.А.  Студенттердің  бастауыш  мектептегі  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруға 

даярлығын қалыптастыру: п.ғ.к. автореферат.Алматы. 2007.,17-б.

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ 

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ

НАҒЫМЖАНОВА Қ. М.

педагогика ғылымдарының докторы,  қауымдастық профессоры

С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан  мемлекеттік  университеті

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа 

Мақалада  инновациялық  бiлiм  беретiн  ортадағы  келешек  ұстаздардың  зияткерлiк  потенциалдың 

жоғарылатуының  теориялық  және  жаттығу  негiздерi  туралы    қарастырылады.  Креативтi  қызмет, 

заңдылықтың  құрылымдық  маңызды  үлгiсiнiң  және  келешек  ұстаздардың  зияткерлiк  потенциалдың 

дамытуының қағидалары.

Аннотация

В статье рассматриваются теоретические и практические основы повышения интеллектуального 

потенциала будущих педагогов в инновационной  образовательной среде. Дана структурная содержательная 

модель креативной деятельности, закономерности и принципы развития  интеллектуального потенциала  

будущих педагогов.  

Abstract

In clause is considered theoretical and practical bases of increase of intellectual potential of the future teachers 

in an innovative educational environment. The structural substantial model of creative activity, law and principles 

of development of intellectual potential of the future teachers is given.  

Қоғам  саласындағы  өзгерістер  мен  ғаламды  бетбұрыстар  сипаты  жастардың  іс-әрекетіне,  қарым-

қатынасына жаңаша талаптар қоя бастады. Оларға ең алдымен білікті маман болуы үшін жасампаздық, 

шығармашылық әрекеттерді жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университетінің 75 жылдығына  арналған  ашық  дәрісінде: «Интеллектуалды  ұлт»  жобасының  үшінші 



278

аспектісі – бұл  инновация  жүйесін  дамыту.  Бүгінде  Қазақстанға  инновациялық  қызметтің  «жарылысы» 

қажет. Қоғамда мінез-құлықтың инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құруы тиіс», - деп атап көрсетті. 

Интеллектуалды ұлт туралы сөз ете келе: «Біздің ұлттың интеллектуалдық ядросын құру қажет, бізге 

халықаралық  деңгейде  бәсекеге  қабілетті,  эрудициялы  адамдар  керек», - деп  түйіндеді.  Қазақстанда 

білім беру жүйесін дамытудың серпінділікке ұмтылу қажеттігі айқын сезіледі. Елбасы: «Бүгін білім беру 

үдерісіне  барынша кеңірек көңіл бөлу маңызды, әр адамға жұмыс істей білу білігі, оқи білу білігі, қазіргі 

әлемде басқалармен  бірге өмір сүре білуі, қабілетті болуы» қажетті екенін ескере келе, бұлар ЮНЕСКО 

ұсынған  білім берудің негізгі төрт тірегі екенін де еске салады. Бұл бағытта «қазіргі білім беру жүйесінің ең 

басты міндеті - ол сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар және бүгінгі шексіз ақпараттар ағынында өз бағдарын 

айыру қабілеттігі бар адамдарды дайындау»,- екенін нақты белгілеп берді [1].

Инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру (В.А.Сластенин, Б.Т.Лихачев және т.б.), Б.В.Сазонов, 

В.С.Толстой және т.б.) мәселелері ғылыми еңбектерде жүйелік, әрекеттік тұғырлар арқылы инновациялық 

үдерісті басқарудың жолын көрсетеді.  

Инновациялық  білім  беру  ортасының  жаңа  типті  мектептерде 

қалыптасу жүйесі (Н.А.Әбішев, Т.А.Линчевская, Р.Р.Масырова және т.б.), педагогикалық инноватиканың 

білім беру жүйесіндегі жаңалықты ендіру туралы ғылыми білім саласы екендігін негіздеу (Н.Р.Юсуфбекова, 

Ш.Т.Таубаева және т.б.), студенттерді инновациялық іс-әрекетке даярлау. 

Интеллектуалды әлеуетті арттыру педагог креативтігін қалыптастыру мәселесімен тығыз байланысты 

Barron F. [2] Mednik S.A. [3, 469-479-б],Smith In. [4] J.A.Clausen [5] , Wollach M.A. [6, 348-369-б], Kogan 

N.A. [7, 174-б], Галич. Т.Н. [8, 194-б] , Лебедева  Н.В. [9, 256-б] т.б  ғалымдар еңбектерінде  интеллект пен 

креативтік педагогтің тұлғалық сапасының екі қыры ретінде қарастырады.

 Заманауи ғылыми әдебиеттерді талдау күні бүгінге дейін интеллектуалық әлеует құрлымына қатысты 

бірыңғай пікірдің жоқтығын көрсетеді. Біріншіден, осы мәселеге байланысты оның тек жеке элементтері 

зерттеледі, екіншіден құрылымдық бірліктерін анықтауда ғылыми қаталдық жоқ, үшіншіден құрылымдық 

бірілігі  көрсетілетін  негіздеме  жоқ.  Ұсынылып  отырған  құрылымның  негізі  түсініктеріне  тоқталсақ: 

креативтік  тұлғаның  дарындылық  сапасы  ретінде  қарастырылу  интеллектуалдық  әлеуетті  арттырудың 

негізгі шарты.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сурет 1 – Педагогикалық креативтік құрылымы

Дарындылық – бұл басқа адамдармен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде неғұрлым 

жоғары жетістікке жету мүмкіндігін анықтайтын жүйелі, өмірдің барысында дамитын психиканың сапасы 

[10, 25-б].

Келесі  тұлғалық  сапа  интеллект  (ой-өрісі) - 1) индивидтің  ақыл-ой  қабілеттерінің  салыстырмалы 

тұрақты құрылымы; 2) ойлауға тиімді танымдық қабілеттілік.


279

Ал,  дарын  мен  интеллект  креативтік  құрамында  педагогикалық  шебірлікпен,  ортадан  жоғары 

педагогикалық қабілеттермен ықпалдасуы қажет.

Педагогикалық шеберлік – педагогикалық іс-әрекетті меңгерудің жоғары деңгейі. Педагогке оқушының 

оқу іс-әрекетін тиімді басқаруға және мақсатты педагогикалық ықпал мен өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға 

мүмкіндік беретін  арнайы білім, білік пен дағды, тұлғаның кәсіби маңызды сапасының кешені.

Педагогикалық  қабілеттілік – оқытушының  педагогикалық  іс-әрекетте  жоғары  нәтижелерге  қол 

жеткізуін  қамтамасыз  ететін  жеке  дара  психологиялық    ерекшеліктері  мен  кәсіби  маңызды  сапасының 

қорытынды жиынтығы. Педагогтің креативтігінің құндылығы кәсіби мен-тұжырымдамасы. Қазіргі уақытта 

мұғалімнің  өзін  қалай  көруі  мен  бағалауынан  тұратын  мұғалім  тұлғасының    «Мен»  тұжырымдамасы 

(көкейтесті  «Мен»);  мектептегі  алғашқы  кезеңдегі  жұмысы  бойынша    мұғалімнің  өзін  бағалауы 

(ретроспективті  «Мен»);  студенттің  қандай  болғысы  келетіні  (идеалды  «Мен»);  мұғалімнің  көзқарасы 

бойынша басқа адамдар қалай қарайды -  оның әріптестері,  оқушылар және т.б. (рефлексивті  «Мен»).  

А.В.Морозов пен Д.В.Чернилевский [11,559-б] креативтікті екіге бөледі: интеллект және әлеуметтік.

Интеллектіні талдау (абстракция) мен жинақтаудан (жалпылау) тұратын когнитивті аумақ енеді. Талдау 

мен жинақтауға қабілеттілік жалпы интеллекттің құрамдастары болып табылады. 

Әлеуметтік креативке бір түрі педагогикалық креативтік болып табылатын кәсіби креативтік жатады. 

Ол  коммуникативті  және  дидактикалықтан  тұрады.  Коммуникативтік  креативтік  диалогпен  суырып 

салмалыққа сүйенеді. Дидактикалық креативтікке интеллекттік құнылықтарды қабылдау, сонымен қатар 

жаңалыққа қабілеттілік жатады. 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына және өзіміздің жинақтаған тәжірибемізге сүйене отырып, педагогикалық 

креативтікті қалыптастыру педагогтің интеллектуалдық әлеуетін арттырудың негізі шарты ретінде қарай 

отырып, келесі өзара байланысқан қағидаларына сүйену қажет деген пікірге тоқталу қажет:

1.  Студенттердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне оқыту үдерісін ұйымдастыру мазмұны 

мен  формасына  сәйкес  келу  қағидасы.  Студенттің  дүниетанымдық  негізінің  мазмұндық  сипаттамалары 

еріксіз  мектеп  кезінде-ақ  қалана  бастайды  және  дүниетанымын  саналы  қалыптастырудың  жұмысы  кең 

орын алады.  

2. Өзіндік жеке дүниетанымдық көзқарасқа ие болу қағидасы. Бұл біздіңше, педагогикалық креативтікті 

қалыптастырудың да маңызды қағидалардың бірі болып табылады. Оқытушы студентке өзінің жинақтаған 

өмірлік  тәжірибесіне  сәйкес  дүниені  түсіну  құқығын  мойындау  міндетті  болып  табылады.  Себебі,  кері 

жағдайда  басты  қағиданың  бірі - ерікті  ойлау  әрекеті  қағидасы  бұзылады,  соған  сәйкес  танымдылық 

үдерісіне де зиян келеді.

3. Белсенділік пен өзбетінділік қағидасы. Инновациялық білім беру ортасында студенттің белсенділігі 

мен өз бетінділік жұмысы  оның іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Ал қазіргі кредиттік оқыту жүйесі 

барысында  студенттердің  белсенділігі  мен  өз  бетінділік  жұмысы  тек  мақсат  емес,  нәтижелі  жұмыстың 

қажетті шарты болып табылады. Білім студентке бере салатын зат емес, оның тұлғалық қасиетіндегі сапалық 

өзгеріс екендігі және нақты мақсатқа бағыталған белсенділік пен өздігінен іздену жұмысы нәтижесінде 

жүретін  үдеріс  екендігі  дәлелді  түрде  меңгертіледі.  Сондай-ақ  өзбетінділік  жұмыс  шығармашылық 

жұмыстың негізі екенін ескеріліп, студенттің әрбір өзіндік ізденісі бағаланып отырылады.

4. «Өткір» талдау қағидасы. Бұл өмірлік тәжірибесі онша көп емес студент үшін маңызға ие ұстаным 

болып табылады. Өйткені, нысандарды, құбылыстарды үнемі жүйелі талдау, яғни олардың мәнді белгілері 

мен  қатынастарын  ажырату,  оқушыларға  шексіз  көп  құбылыстар,  деректер  жүйелер  мен  заңдылықтар 

ортасынан  студент  үшін  қиын  болып  табылатын  әлеуметтік,  табиғи  және  ғылыми  жүйелердің  өзара 

ұқсастықтарын аша білуге көмектеседі.

5.  Кіріктіру  қағидасы.  Ол  пәнаралық  компоненттер  тұтастығына  сәйкес  іргелі  білім  дамытуға 

көмектесетін оқу материалының қатаң логикалық тәртіпте реттелуін қарастырады.

6. Теорияның практикамен бірлігі қағидасы. Бұл қағиданың қазіргі  инновациялық технологиялармен 

жұмыста өзектілігі басым.

7. Ізгілендіру қағидасы. Аталған қағидаға сәйкес әрбір студентті жоғары әлеуметтік құндылық иесі деп 

танып, рухани адамгершілік, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызуды көздейді. 



280

8. Инновациялық ортада студенттерді педагогикалық креативтігінің ерекшеліктерін позитивтік қағида 

тұрғысынан  қарастыру  қажет.  Бұл  жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  мен  студенттердің  қандай  да  іс-

әрекеттің тиімді болуына, оңды жақтарына бағдарлануын білдіреді. Университетте тәрбиелеу, теориялық 

білім  беру,  педагогикалық  тренингтерді  ұйымдастырып,  жүзеге  асыру,  диагностика,  инновациялық  іс-

әрекеттері  бойынша  көп  жылдарғы  іс-тәжірибемізде  позитивтік  қағиданы  қолданудың  пәрменді  құрал 

ретінде әсері белгілі болған-ды. Осыған орай педагогика-психология пәндерін оқыту мен педагогикалық 

қолдау,  инновациялық  іс-әрекеттері  арқылы  небір  проблемалық  жағдайлардың  бетін  ашып,  талдау 

барысында  оның  позитивті  жақтары  анық талған  сәттен-ақ  студенттердің  өзін-өзі  тану,  өзіндік  жетілу, 

өзін-өзі  өзектендіру,  өзіндік  даму  үдерісінің  субъектісі  ретіндегі  алғашқы  қадамы  басталады.  Олай 

болса, позитивті сана саңылауын, қылық-әрекеттерді айқындау аса мәнді. Қандайда жаңа педагогикалық 

технология  қолданысты  бірден  жоғары  жетістікке  әкелуі  күмәнді,  сондықтан  студенттің  инновациялық 

білім  беру  ортасында  педагогикалық  креативтігін  позитивтік  қағида  тұрғысынан  қарағанда  ғана 

қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.

9. Инновациялық білім беру ортасында студенттердің педагогикалық креативтігінің қалыптастырудағы 

беріктік қағидасы педагогикалық креативтік жайлы білім студенттің жадында қалуы, олардың санасының 

бірі бөлігі болуын, мінез-құлқы мен әдеттерінің негізі болуын талап етеді. 

10.  Инновациялық  білім  беру  ортасында  педагогикалық  креативтікті  қалыптастыру  бағытындағы 

нәтижесін  сапалық  және  сандық  бағалау  қағидасы  аталмыш  үдерістің  аралық  сатыларында  да,  соңғы 

сатысында да іске асырылады. Мұнда бақылау жоспарлы, сенімді болуы қажет.

Қарастырылған  әдіснамалық  қағидалар  студенттерді  инновациялық  білім  беру  ортасында 

интеллектуалды  жүйенің  ең  алдымен,  нақты  мәселелерін  ашуға  және  оларды  шешудің  стратегиясы 

мен  негізгі  амал-тәсілдерін  анықтауға;  екіншіден,  педагогикалық  креативтік  негіздегі  бағыт-бағдарын 

тағайындауға  мүмкіндік  береді.  Инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық 

креативтігін қалыптастырудың негізгі беталысы тұлғаның өз стратегиялары мен тактикаларын анықтаудағы 

инновациялық  іс-әрекеті,  оның  педагогикалық  іс-әрекетте  креативтік  көмегімен  өзін-өзі  жүзеге  асыра 

алуының  нәтижесі.  Дегенмен,  бұл  жағдайда  педагогикалық  креативтік  тек  инновациялық  іс-әрекет 

нәтижесі емес, оның алғышарты. Кесте 1.

Кесте 1 - Инновациялық білім беру ортасында студенттердің педагогикалық креативтігін қалыптастыру 

бағыттары мен заңдылықтары

Креативтікті қалыптастыру 

бағыттары

Креативтікті қалыптастыру заңдылықтары

 Еліміздегі білім беру жүйесінің 

ғылымилығы, техникалық және 

мәдени даму беталысы

- университеттің инновациялық білім беру ортасында 

педагогикалық креативтікті қалыптастырудың жоғары 

мектептегі кәсіби білімге сәйкес болу қағидасы;

- университеттің инновациялық білім беру ортасында 

педагогикалық креативтікті қалыптастыруда ғылыми 

дәлелдігі қағидасы.

Білім  беру  аймағында  халықаралық 

серіктестіктің тереңдетілу бағыты

-  инновациялық  ортада  студенттердің  педагогикалық 

креативтігін қалыптастырудың беріктік қағидасы;

-  инновациялық  ортада  студенттердің  педагогикалық 

креативтігінің  қалыптасуда  позитивтік  тұрғыда  қабылдау 

қағидасы.


281

Жоғары  оқу  орындарындағы  білім 

берудегі  ізгіліктілік  құрамдастың 

артуы бағыты

-  мәдениет,  ғылым  жетістіктерін,  әрекет  тәжірибесін 

меңгерудегі  жүйелілік  және  бірізділік,  тұлғалық-әрекеттік, 

тұғырлардың бірлігі қағидасы;

-  инновациялық  білім  беру  ортасында  педагогикалық 

креативтікті қалыптастыру бағытындағы нәтижені сапалық 

және сандық бағалау қағидасы;

- өзін-өзі жетілдіру қағидасы.

Ал,  педагог  креативтікті  қалыптастырушы  ретінде  мәдениетті  игереді.  Студент  мәдениетін  тек 

креативтікке негіздеп анықтауға болады. Богоявленская Д.Б [12, 182-195-б] айтқандай, әсер ету нысаны 

ретіндегі  немесе  «ақыл-парасаты  толыса  қоймаған  студенттің»  мәдениеті  «организм  инстинктінде 

жазылған»  шамада  ғана,  және  оқытушыға  бағыныштылық  сияқты  таптаурынды  мінез-құлық,  жүріс-

тұрыспен  тұтыну  мәдениетін  ғана  танытады.  Іс-әрекет  субъектісі  ретіндегі,  яғни  «парасатты  студент» 

абыройлы  мәдениетпен  өмір  сүреді.  Олай  болса,  мәдениетті  игеруші  студент – еркін  студент.  Оның 

әрекеттері  білімді,  адамзат  жинақтаған  тәжірибені  пайдаланудағы  еркіндігімен,  тәуелсіздігімен, 

бастамашылығымен сипатталады. 

Әдебиеттер тізімі

1. «Жоғары білім беру – интеллектуалдық ұлт қалыптастырудың стратегиялық ресурстары» әл 

– Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы профессорлар құрамының XXXX ғылыми-әдіснамалық 

конференциясының материалдары. 2010.,  қаңтар −15. 1-т.

2. Barron F., Harrington D. Creativity, intelligence and personality // Ann. Rev. of Psychol. 1981., V. 32. −P. 

439476. 


3. Дж.Гильфорд Три стороны интеллекта // Психология мышления: под ред. А.М. Матюшкина. – М., 

1965.,469-479-с.

4. Mednik S.A. The associative basis of the  creative process// PsihoLRev. N.Y. 1962., Vol. 6.

5. Smith, M.B. Competence and socialization. In J.A.Clausen (Ed.), Socialization and society. −New York: 

Little, Brown and Co, 1968. 

6. Wollach M.A., Kogan N.A. A new look at the creativity – intelligence distinction // Journal of Personality. 

№ 33.1965., 348-369-р.

7. Галич. Т.Н.  Развитие креативности в условиях инновационного обучения: дисс. кандидата пс. наук. 

Казань, 1999., 174-с.

8. Лебедева Л.Д., Бибикова Н.В. Креативность младших школьников: контекст «развитие».  Ульяновск: 

УлГПУ, 2004., 194-с.  

9. Морозов А.В. Формирование креативности преподавателя высшей школы в системе непрерывного 

образования: дис. доктора пед. наук. М., 2004., 256-с.

10. Шестернинов Е.Е. Креатизация образования как фактор развития инновационного поенциала 

муниципальной образовательной системы: автореф. канд.пед.наук./Тверской гос.университет, 2000., 25-с.

11. Морозов А.В., Чернилевский Д.В. Креативная педагогика и психология: учебн.пособие для вузов. – 

М.: Акад.проект, 2004., 559-с.

12. Богоявленская Д.Б.  Интеллектуальная активность  как психологический аспект изучения творчества. 

М., 1983., 182-195-с


282

ЗАМАНАУИ ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖЕТІЛУ ҮЛГІСІ

Найманбаева К. Қ.

п.ғ.к., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ профессор м.а.

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа 

В статье дается характеристика модели педагога новой формации с компетентностной позиции.

Аннотация

Мақалада жаңа білім беру жүйесінде құзырлық тұрғысынан ұстаздың рөлі мен үлгісіне сипаттама 

беріледі.

Abstract

The characteristics of the new formation teacher model from the competent position is given in the article.

                                          «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ол оқуды, 

ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»

                                                                                                                К.Д.Ушинский.

Еліміз  тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, дамыған мемлекеттердің  білім саласындағы жаңа 

үрдістерін қолдай отырып, ұлттық білім беру үлгісінде бейімдеуді көздеді. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті,  жалпы 

адамзаттық  құндылықтарды,  ғылым  мен  тәжірибе    жетістіктері  негізінде    тұлғаны    қалыптастыруға, 

дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру  мен  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 

желілерге шығуды,  білім беру жүйесін одан ары дамытудың міндеттері көзделген. [жаңа тұрпатты ұстаз 

ретінде өз мүмкіндігін әділ бағалау, өз мамандығы үшін маңызды өзінің әлсіз және күшті сапаларын (өзі-

өзін реттеудің, өзі-өзін бағалаудың ерекшеліктерін, көңіл-күйдің байқалуын, қатынастық, дидактикалық  

қабілеттер және т.б. ерекшеліктерін) білу;

интеллектуалдық ақыл-ой әрекетіндегі жалпы мәдениетті педагогикалық игеру (ойлау, ес, қабылдау, 

ойын, назар), тәртіп мәдениеті, қатынас және педагогикалық қатынас;

заманауи білімнің көпмәдениеттілігі мен жүріп жатқан кірігу үрдісінде, әлемдік білім кеңістігінің даму 

тенденциясына ұстаздың бағдарлана білуі.

Еліміздегі өзге халықтардың және бүкіл адамзат мәдениетімен, тарихымен өзара байланыста ұлттық 

рухани  мәдениетті  қайта  өркендету  негізінде  ұстаз  тұлғасының  шығармашылық  потенциялының  артуы 

мен өсуі білім мазмұнының жаңалануының басты бағытының бірі болып табылады.

Жоғарыда аталған мазмұндық негіздер 12 жылдық мектепке өту мен білім берудің жаңғыру жағдайында 

ұстаздарды  жұмыс  істеуге  даярлауға  бағытталған  кәсіби  білімдік  бағдарламаларды  жетілдіруді, 

педагогтарды даярлаудың біртұтас кеңейтілген жүйесін талап етеді. 

Қазақстан  Республикасында  ұстаздарды  мақсатты  бағытта  кәсіби  жетілдіру  мен  кәсібилікті 

қалыптастыру арқылы педагогикалық шығармашылық іс-әрекетке даярланады. 

Сонымен, кәсіби педагогикалық білім мазмұнын жасау мен  құрылымын реформалауға негіз болатындар:

•  

тұлғалы - бағдарлы сипаттағы кәсіби  педагогикалық дайындықтың үздіксіздігі;



• 

кәсіби әрекет нысаны теориясының басымдығы;



• 

теория мен тәжірибенің бірлігі;



• 

теориялық білімдерді біртіндеп арттыру;



• 

ұстаздың  теориялық  білімдерін  тәжірибелік  әрекетке  ауыстыруға  үйрету,  педагогикалық 

технологияларды меңгеру;


283

• 

ұстазды стандартты және стандартты емес яғни шығармашыл кәсіби тапсырмаларды шешу тәсілдеріне 

үйрету;

• 

педагогикалық үрдістің жағдайын диагностикалық зерттеуге және бұл нәтижелерді алмасып отыратын 

– оқу - өндірістік және әлеуметтік жағдайларда пайдалануға үйрету;

• 

білім  берудің  дамушылық  сипаты – тұлғаның  рухани  сұранысын  және  оның  шығармашылық  өсу 

қажеттілігін қанағаттандыру;

• 

демократияландыру – әрбір ұстаз үшін үздіксіз білім алуға жолдың ашықтығы;



• 

дәстүрлі және жаңа типті формальды, формальды емес білім беру құрылымдарын кіріктіру;



• 

жалпыға бірдейлік – барлық ұрпақтар мен әлеуметтік топтардың білім берудің түрлі құрылымдары 

мен деңгейлеріне қосылуы.

Білімді  ізгілендіруде  адамның  бірегейлігі  жайында  пікірдің  ұстазда    қалыптасуын  болжайды; 

оқушылардың нақты қажеттілігіне бағдарлану, ғылым мен мәдениет, қоғам және адам арасындағы терең 

байланысты көрсету; объективті білім әлемі мен адам әлемін жақындатуға мүмкіндік беретін білім беру 

мен тәрбиелік міндеттерді кіріктіру деп ұғамыз. Білімді ізгілендіру тұрғысында білім беру үрдісін түсінуде 

адамгершілік педагогикасының кейбір идеяларына қосыла отырып білім мақсаты тұжырымдалады.

Білімнің мақсаты - әрбір адамның өмір бойы оқуға қабілетті, білікті, тәуелсіз зерттеуші болуына көмек 

көрсету.


 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жаңа тұрпатты мұғалімінің иерархиясы

Ұстаздың атқаратын қызметі – үрдістің ашықтығы мен таңдалуына мүмкіндік жасау. Оның құндылығы 

өмірдің барлық саласында өзінің жеке шығармашылық деңгейін дамыту болып табылады. Оқытуда жеке 

өзіндік айырмашылықтардың құндылығын танып біле отырып, топта жұмыс істей алу, шығармашылықпен 

ойлау, сөйлей білу мен есту, қарым-қатынас біліктерін дамытуды ерекше назарда ұстау керек. 

Ұстаздың  падагогикалық  білімді  мсеңгеруге  деген  қажетсінуі,  инновациялық  ізденісі  кәсіптік 

шеберлікке жеткізеді. Шеберлік негіздерін білген жағдайда баланың өз еркімен дамуына, педагогикалық 

ынтымақтастыққа  жол  ашылады.  Кәсіби  шеберлік  деңгейінің  жетілуі  педагогтық  жан-жақты  іскерлігін 

қалыптастырады, идеал үлгідегі құзыреттілікке дейін көтеріледі. 1 сызба



284


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет