Сәйкестікті бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар


-параграф. Сәйкестік туралы декларацияларды ресімдеу және тіркеу тәртібі



бет12/30
Дата15.12.2022
өлшемі126,66 Kb.
#57502
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
?@028;0 kz 07.04.21

2-параграф. Сәйкестік туралы декларацияларды ресімдеу және тіркеу тәртібі



  1. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізілген сәйкестікті растау жөніндегі орган жүзеге асырады.

  2. Сәйкестік туралы декларация техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес Техникалық реттеу тізілімінде тіркеледі.

  3. Сәйкестік туралы декларация электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық түрде ресімделеді.

  4. Сәйкестік туралы декларация мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

  5. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1-жол – СРО тіркеу нөмірлері (кодтық деректемелері) (ҚР СТ 7.17 «Аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізудің құрылымы мен тәртібі» (бұдан әрі – ҚР СТ 7.17) ұлттық стандартына сәйкес беріледі));
2-жол-кездейсоқ тәртіппен техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде генерацияланатын, он төрт символдан тұратын және мынадай белгілері бар QR-код түріндегі сәйкестік туралы декларацияның бірегей сәйкестендіру нөмірі:

  1. алғашқы екі символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі – KZ);

  2. үшіншіден он төртінші таңбаға дейін – бірегей әріптік-сандық код.

3-жол-тізілімге сәйкестік туралы декларацияның қабылданған және тіркелген күні (күні екі араб санымен, айы - жазумен, жылы араб санымен));
4-жол-сәйкестік декларациясының тіркеу нөмірі техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен беріледі;
5-жол-сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі. Сәйкестік туралы Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін негізге ала отырып, өтініш беруші белгілеген мерзімге, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге қабылданады. Күн 3-жолдағыдай толтырылады;
6-жол-бизнес – сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), сәйкестік туралы декларацияны тіркеген СРО-ның атауы мен орналасқан жері. СРО атауы қолданыстағы аккредиттеу аттестатында көрсетілген атаумен бірдей болуы тиіс.
6-жолда қызметтің осы түріне алынған лицензия туралы мәліметтер (бар болса) қосымша көрсетіледі.
7-жол-БСН немесе жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі-ЖСН), сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш беруші ұйымның немесе жеке кәсіпкердің атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы;
8-жол-өтініш беруші ұйым басшысының немесе оның атынан сәйкестік туралы декларация қабылданатын жеке кәсіпкердің тегі, аты-жөні және лауазымы;
9-жол-Сәйкестік туралы декларация қолданылатын өнімнің атауы, түрі, маркасы, Еуразиялық экономикалық комиссияның сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТНВЭД) коды, өнімнің сериялық шығарылымы немесе партиясы туралы мәліметтер (партияның мөлшері көрсетіледі);
10-жол-сәйкестігі сәйкестік туралы қабылданған Декларациямен расталатын өнім үшін белгіленген талаптарды қамтитын тармақтарды көрсете отырып, нормативтік құқықтық актілерді және/немесе стандарттаужәніндгі құжаттарды белгілеу;
11-жол-негізінде сәйкестік туралы декларация қабылданған құжаттың (құжаттардың) атауы;
12-жол-СРО енгізу қажет деп есептейтін басқа ақпарат келтіріледі;
13-жол-өзі дайындайтын (өткізетін) өнімге сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш беруші ұйым басшысының немесе дара кәсіпкердің аты-жөні, тегі;
14-жол-сәйкестік туралы декларацияны тіркеген СРО басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты-жөні.

  1. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу үшін өтініш беруші СРО-ға ұсынады:

  1. мынадай мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы өтінім:

заңды тұлға үшін – өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ өтініш берушінің БСН немесе ЖСН, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;
өнімді дайындаушының толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – өнімді дайындайтын заңды тұлға және оның филиалдары үшін немесе өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;
Өнімнің атауы мен белгісі және (немесе) өнімді дайындаушы берген өзге де шартты белгі (бар болса);
Өнімнің атауы (бар болса);
өнім туралы оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болса);
оған сәйкес өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгіленуі және атауы (Техникалық регламент және (немесе) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат));
ЕАЭО бірыңғай СЭҚ ТН сәйкес өнімнің коды (кодтары);
декларациялау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке бұйым). Сериялық шығарылым өнімі үшін «сериялық шығарылым» деген жазу жазылады. Өнім партиясы үшін партия мөлшері, бір бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі көрсетіледі. Өнім партиясы мен дара бұйым үшін өнім партиясын (оның ішінде оның мөлшерін) немесе дара бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;
талаптарына өнім сәйкес келетін техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі құжаттың атауы;

  1. дәлелдемелік материалдар, оның ішінде техникалық регламенттер және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттар және (немесе) сәйкестік туралы декларация қабылданатын өзге де құжаттар талаптарының сақталуын растайтын өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелері.

  1. СРО өтініш беруші ұсынған өтінім мен мәліметтерді қарастырады:

  1. осы Қағидаларда белгіленген сәйкестік туралы декларацияны ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау;

  2. Осы Қағидалардың 141-тармағында көзделген барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсыну;

  3. сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтініш берушінің Заңның 1-бабы 23) тармақшасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Осы Қағидалардың 141-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді қарау нәтижелері бойынша СРО техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді жүзеге асырады не сәйкестік туралы декларацияны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны тіркеуден бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып) өтініш берушіні хабардар етеді.
Сәйкестік туралы Декларация не сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту туралы хабарлама өтініш берушіге осы Қағидалардың 143-тармағында көзделген негіздер бойынша жіберіледі.

  1. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту үшін негіздер:

  1. осы Қағидалардың 141-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді толық көлемде ұсынбау;

  2. декларацияны қабылдаған өтініш берушінің заң талаптарына сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

  1. Тіркелген сәйкестік туралы декларацияға өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Өзгерістер енгізу қажет болған кезде өтініш беруші сәйкестік туралы жаңа декларацияны қабылдайды және оны осы Қағидаларға сәйкес тіркеуді жүзеге асырады.

Өтініш беруші сәйкестік туралы жаңа декларацияны қабылдайды және оны Техникалық реттеу тізілімінде тіркеуді осы Қағидалардың 141-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынбай мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

  1. сәйкестік туралы декларацияда және оған қосымшаларда қателерді (қате жазуларды) анықтау);

  2. өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысанын, орналасқан жерін (заңды тұлғаның мекенжайын), қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайын (егер мекенжайлары өзгеше болған жағдайда), телефон нөмірін және (немесе) электрондық пошта мекенжайын өзгерту жатады;

  3. өнімді дайындаушының ұйымдық-құқықтық нысанын, орналасқан жерін (заңды тұлғаның мекенжайын) өзгерту;

  4. ЕАЭО СЭҚ ТНВЭД кодының (кодтарының) өзгеруі;

  5. өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орындары мекенжайларының санын қысқарту.

  1. Декларацияның 4-5-жолдарында көрсетілетін ақпараттың едәуір көлемі кезінде мұндай ақпарат декларацияға қосымшада келтіріледі және декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады. Қосымшаның әрбір беті нөмірленеді, оған декларацияның тіркеу нөмірі, СРО басшысының немесе сәйкестік туралы декларацияны берген ол уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет