3-параграф. Мерзімді бағалауды жүргізу тәртібі (инспекциялық бақылау)
Кезеңдік бағалау (инспекциялық бақылау) – сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген орган жүзеге асыратын тексеру.
Инспекциялық бақылау өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілеу тәсілдерін белгілейтін сәйкестікті растау схемасына сәйкес сертификаттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде жылына кемінде 1 (бір) рет кезеңдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
Инспекциялық бақылау өнімнің үлгілерін сынауды және өткізілетін өнімнің немесе өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір берілген нәтижеге қол жеткізу жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығының техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуін растау үшін тексерулерді қамтиды.
Сертификатты берген сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган инспекциялық бақылаудың кезеңділігін айқындайды. Жоспардан тыс тексерулер тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ сертификат берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан өнім сапасына наразылықтар туралы ақпарат түскен жағдайларда жүргізіледі.
Өнімнің әлеуетті қауіптілік дәрежесі, өндірістің тұрақтылығы, шығару көлемі, менеджмент жүйесінің болуы, инспекциялық бақылауды жүргізу құны инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін айқындау үшін өлшемдер болып табылады.
Инспекциялық бақылау бағдарламасын тексеру басталғанға дейін сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органның басшысы бекітеді.
Инспекциялық бақылау, егер бұл сәйкестікті растау схемасында көзделсе, мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
сертификатталған өнім, процесс туралы келіп түсетін ақпаратты талдау;
тұрақты сапалы өнім шығару үшін қажетті шарттардың немесе қызмет көрсету процесінің тұрақтылығы үшін қажетті шарттардың сақталуын тексеру;
бақылау және шешім қабылдау нәтижелерін ресімдеу.
Инспекциялық бақылау нәтижелері актімен ресімделеді, онда үлгілерді сынау және басқа да тексерулер нәтижелеріне баға беріледі, сертификатталған өнім өндірісінің немесе процестің қандай да бір тапсырылған нәтижесіне қол жеткізу жөніндегі іс-әрекеттердің (жұмыстардың) жай-күйі және берілген сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
Акт сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органға, өтініш берушіге (дайындаушы кәсіпорынға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымға қолжетімді техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде сақталады.
Инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде берілген сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады немесе күшін жояды.
Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган инспекциялық бақылауды шарт негізінде жүргізеді.