Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет100/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
– Мейлі, партия, партия. Әлгі болыстардың сайлауында жақ-
жақ болып таласатын қуларды партия деуші еді. Мынауың сол 
сияқты топ болды ғой. Онда Тұқымбай сорлы да партия болды 
ғой.
– Сенің айтып отырғаның тұрпайы түрі, Рысқұл. Ал біздің 
партия жеке бір жіктің, аз ғана топтың мүддесін емес, бүкіл 
халықтың қамын ойлайды.
– Ал, мұны да мейлі делік. Сонда партия: мен, сен, Тұрар. 
Енді біз үшеуімізді бастайтын біреу болу керек емес пе? Бар ма 
ондай адам?
– Бар-бар, Рысқұл! Бар! Ол – Ленин.
– Ленин, Ленин, – деп әлдекімді есіне түсіргісі келгендей 
Рысқұл мұртын ұстаған күйі тұқшиып отырып қалды.
– Ленин, – деді Тұрар да әлгі есімді қайталап. Неге екенін өзі 
де білмейді, бірақ Ленин ең жақын адам сияқты елестеді. Тегі 
Ахат атасындай да көрінеді. Басынан сипап, маңдайынан иіскеп, 
шыр етерін осының аузына тосып, құрбандық болып кетуге 
дайын тұрушы еді сол қарт.
Сонда Тұрар, әрине, енді он бес жылдан кейін Ленинмен 
жүзбе-жүз кездесіп, оның алдында отырып, үнін есітіп, дидарын 
көретінін, әрине, сезген де жоқ, білген де жоқ. Ал арада он бес 
жыл өткен соң, мың да тоғыз жүз жиырмасыншы жылдың жазғы 
тұрымында Лениннің қабылдауында отырып, Ленин деген есімді 
тұңғыш рет тас түрмеде, Александр Бронниковтен естігенін есіне 
алар.
* * *
Ертеңіне камераға сұңғақ бойлы, қара-сұр қазақ жігіт келді. 
Тас іннің ала-көбеңінде бөтен адамды жіті тани алмай қалған 
Рысқұл оның бетіне үңіліп:
– Әй, сен әлгі тілмаш бала емессің бе? – деді.
– Иә, сізбен тергеуде кездесіп жүрміз ғой. Немене, өз 
тілмашыңызды танымай қалдыңыз ба? – деп жігіт ықпай сөйледі. 
Отырар жер таппай, жан-жағына қарады. Есікті тарсылдатып, 
надзирательді шақырып, кішкентай орындық алдырды.
– Менің аты-жөнім – Боташ Шоқұлы. Округтік сотта 
тілмашпын. Мені сізге адвокат етіп бекітті. Сізде тергеу аяқталып 


205
Қызыл жебе
қалды. Енді жақында сот болады. Ал сотталатын адам адвокат 
жалдауы керек. Сіздің адвокат жалдайтын қаржыңыз жоқ. Солай 
емес пе? Әлде жасырып жүрген ақшаңыз бар ма?
– Ақша деген ақымаққа құдай құлқымды салмаған. Менен 
ақша дәмететін әдбекет болсаң – әйда, жолың ашық. Маған 
әдбекеттің керегі жоқ. Қылмысы бар адамды құдай да қорғай 
алмайды. Сен мені қорғап жарылқамай-ақ қой.
– Адвокатсыз болмайды. Заң солай. Онсыз соттың үкімін 
жоғары жақ бекітпейді. Білдіңіз бе?
– Ал сонда сен мені қайтіп қорғайсың? Саймасайды атып 
өлтіргені дұрыс болды дейсің бе?
– Ол басқа әңгіме. Әуелі келісіп алайық. Мен сіздің тергеуде 
берген жауабыңыздың бәрін білем, бәрін өзім аударып отырғам. 
Барлық жағдай маған бес саусақтай белгілі.
– Енді не керек?
– Керегі тек бірер түсініксіз түйін бар. Соны шешіп алсақ, 
іске көмегі тиюі мүмкін. Ең алдымен, сіз мені жатырқағанды 
қойыңыз. Әйтеуір әкімдердің бірі деп жауыға қарамаңыз. Екеуміз 
бір-бірімізге сенбесек, бәрі бекер.
– Бұл кісі дұрыс айтып отыр. Сен тым тұйықтала берме, 
Рысқұл, – деп қалды бағанадан бері қалыс қалып отырған 
Бронников. – Айтпақшы әңгімелеріңізге мен бөгет болмаймын 
ба? Бөгет болған күнде де шығып кетер амалым жоқ. 
– Жо-жоқ, сіз кесір емессіз, – деді Шоқұлы – Мен сізді 
де ептеп білемін. Сіз Санкт-Петербургтенсіз, жаңылмасам? 
Парадокс, әрине. РСДРП-нің саналы мүшесі империяның бір 
түкпірінде қылмыскер азиатпен бір камерада отырамын деп үш 
ұйықтасаңыз, түсіңізге кірмеген болар.
– Неге, адвокат мырза, біз бір майданның адамдарымыз. 
Екеуміздің бір камерада отыруымыз кездейсоқ жағдай емес.
– Жә, кешіріңіз, сізбен әңгімелесуге, шынын айтсам, маған 
рұқсат жоқ. Келген шаруамды бітірейін. Иә, Рысқұл ақсақал, сізді 
ғой былтыр сотталғаныңызда Софийск станицасында тұратын 
Софрон деген переселеннің атын ұрлады деп соттады. Рас 
қой? Рас. Ал сол Софронның аты кейін базарда сығандар сатып 
тұрған жерінен табылды. Дұрыс. Ал сонда сіздің үйдің артынан, 


206


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет