Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет99/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

қоспайды. Біз шыдап бақтық, бірақ бізді жоқшылықтың түпсіз 
шыңырауына итермелеп, еркімізден айырып, қараңғылықтың 
құдығына тастап, қылқындырып барады. Енді шыдар хал жоқ, 
патша...».


202
Қызыл жебе 
Александр Бронников Рысқұл мен Тұрарға петиция жайын 
түгел баяндап шықты. Ғапон деген поптың жәдігөйлігін 
әңгімеледі. Қарусыз халықты қойдай қырып салғанда, көшелерде 
аққан қанның сел болғанын айтты. Полиция мен солдаттар 
патша сарайының алдында бала-шаға, кемпір-шалды да аямай 
мылтықпен атып, қылышпен шапқанын айтқанда әкелі-балалы 
Рысқұл мен Тұрардың жандары түршікті.
– Біз айттық алдында, – деді Бронников. – Патшаға бармаңдар. 
Бәрібір түк өнбейді. Патша жарылқамайды. Қайта сағың сынып, 
қырылып қаласыңдар. Қарусыз халықтан патша қорықпайды. Ал 
қорықпағанын сыйламайды, – дедік. Көнбеді.
– Бізің кім сонда? – дейді Рысқұл.
– Большевиктер. Ресей социал-демократиялық жұмысшы 
партиясының мүшелері. Ресейде сондай партия бар. Кедейлерді, 
жұмысшыларды қолдайтын, солардың мүддесін жоқтайтын 
партия.
– Ол не, ол сонда әскер ме? – деп төне түсті түсінбеген 
Рысқұл. – Әскер болса, мен де қосылар едім.
Бронников зілсіз күліп қойды.
– Жоқ, Рысқұл, әскер емес. Сен, мына мен сияқты адамдар. 
Теңдікті аңсайтын, біреу бай, біреу кедей болғанын қаламайтын, 
біреуді біреудің қанауын қаламайтын, жазықсыз қан төгуді жек 
көретін, кісі баласын сен орыссың, сен қазақсың, сен татарсың 
деп бөлмейтін әділетті қоғам құруға талпынған адамдар.
Төніп тыңдап отырған Рысқұл:
– Е, ертек сияқты неме десеңші, – деп қайтадан шалқая берді.
– Әуелі тыңдасаңызшы, көке, – деп Тұрар әкесіне жалтақтай 
қарады. Баланың бұл ықыласына Бронников сүйсініп қалды.
– Молодец, Тұрарка, сен бірдеңе сезіп отырсың ғой. 
Жүрегіңе тоқи бер, балам, алтын басым әшейін. Сен Приходько 
мырзаның барчук баласын күнде гимназияға күймемен алып 
барып, алып келіп жүрсің. Со гимназияда мен де оқыр ма едім 
деп армандайсың. Ал сол гимназия мұндай білім бермейді. Онда 
қоғамды қалай өзгертіп, жақсартуды оқытпайды, Тұрар. Рас, онда 
да көзі ашық, көкірегі саналы адамдар бар шығар. Өйткені мен 
естіген Михаил Фрунзе деген бір революционер осы гимназияны 


203
Қызыл жебе
бітірген көрінеді. Демек, жасырын болса да жақсы жандар бар 
ол төңіректе. Ал, Рысқұл, – деп енді Бронников басын жағасына 
тығып алып қырын отырған жолдасына бұрылды. – Сен ертек 
дейсің. Менің айтқаным ертек-ақ болсын. Сонда сен өзің неге 
патша өкіметінің өкіліне оқ аттың? Осы сұраққа жауап берші.
– Тергеушіге бергем ол жауапты. Дәл осы сұрақты онда 
да қойған. Сен де тергеуге алайын деп пе ең? Атқым келді, 
аттым. Арқардан да оңай аттым. Арқар жарықтық оңайлықпен 
аттырмайды. Ал ана дәйісті еріккенде ата салатын жаман қарақұс 
құсатып қалбаң еткіздім, атасына нәлет.
– Неге? Себебі бар ғой. Құрдан-құр ата салмайды ғой адамды, 
– деп енді Бронников төне түсті.
– Негесі бар ма, қорлады, жала жапты, нақақтан күйдірді. 
Қанша еңбегім кетті, ақымды жеді. Аш-жалаңаш қалдық. Амал 
таусылды. Содан кейін...
– Ә, солай ма екен? Сонда сенің ақыңды ешкім жемеске, саған 
ешкім қиянат жасамасқа, қорламасқа, аш-жалаңаш болмасқа не 
істеу керек?
– Не істеу керек? Болыс атаулыны пытырлатып атып тастау 
керек, атасына нәлет.
– Болыстарды ғана емес. Рысқұл, қоғамдағы бүтін үстем 
тапты құлату керек. Сен түсініп отырсың ба, Тұрар? Әлгі Қызыл 
Жебенің иесі кім еді?
– Тұқымбай.
– Иә, Тұқымбай сияқтылар, Таубай старшын, болыстар, 
ояздар, губернаторлар, министрлер, патша – барлығы құлауы 
керек.
– Оған күшің жете ме, байғұс-ау? – деп Рысқұл әңгіменің 
дәмін ала бастады. Өзі де бір кез солай қиялдайтын. Бірақ ол 
қиял, бұлдыр сағым сияқты ұшығын ұстатпай, бұлаңдай беретін.
– Жетеді, Рысқұл, жетеді. Үстем тап – азшылық, ал халық – 
көпшілік. Көп көтерілсе, халық көтерілсе оған шыдайтын күш 
жоқ. Әне, сол халықты көтерудің амалын ойлап, пәрменді әл 
жиюшы, ұйымдастырушы, оларды бес саусақтай жұмылдырушы, 
күреске бастаушы – партия. Енді түсіндің бе?


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет