Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет98/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
жатқан пешене болса, құдайдың құдіреті рас та шығар. Алсай 
ауылы қыс қызылға, жаз қымызға жарымайды. Тары көженің өзі 
табылса тақыл-тұқыл тарта ішеді. Ал Дауылбай итінің басына 
іркіт төгіліп жатады.
Рысқұл басын көтеріп аспанға қарады. Әлгі бір түпсіз ойдың 
тұңғиығынан шыға алмас еді, сол ойын аспандағы шаңқ ете 
қалған бір дауыс бөліп кетті. Тау бүркітінің сол шаңқылын бұл 
көште Рысқұлдан басқа ешкім елеп естіген де жоқ. Тым зау 
биікте жалғыз ноқат ағып бара жатыр екен. Беталысы – Ақсу-
Жабағылы. Рысқұлдың жүрегі сарт-сарт ете қалып, артынша 
ақырын сыздап барып басылды. Әлгі қыран мұны асқар тауларға, 
жасыл-ала орман, сарқырама суларға шақырып кеткендей еді. 
Дауылбай жоқ, приставы жоқ, оязы жоқ. Сақан қарақшысы 
жоқ, тары екпейтін, суға таласпайтын еркін дүниеге шақырып 
кетті. Аршалар арасынан пар-пар етіп ұлар ұшқан, құздың 
құлар басында қарауыл қарап таутеке тұрған, шаңқ еткен қыран 
дауысынан тау жаңғырыққан қайран да қайран дүние!
XI
Темір есіктің құлпы салдырлады. Рысқұл елең етіп басын 
жерден көтеріп алды. Қарауыл ішке Тұрарды кіргізіп жіберіп, 
есікті қайта жапты.
Күнде осылай. Бала жұмыстан қалжырап қайтады. Оның 
келуін әкесі тықыршып күтіп жатады. Әлденеге ұшырап кете ме 
деп қауіптенеді. Баласы аман-есен оралған сайын, ол бір алыс 
сапардан, қиын-қыстау, қырғыннан аман қайтқандай, Рысқұл 
қуанып, қабағы ашылып қалады.
– А, Тұрарка, кел, кел, – дейді Бронников те көңілденіп. – 
Кәне, жарық дүниеден келдің ғой. Не болып жатыр жер бетінде?
Тұрар көрген, білгенін айтады. Баланың сараң хабарынан соң 
Рысқұл көршісіне бұрылып:
– Ей, Ескендір, осы сенің Петербордан екенің рас болса, сен 
Метрейді білесің бе? – деп сұрады.
– Қай Метрей?
– Дмитрий дегені, – деп Тұрар түсіндіреді.
– Петербургте кім көп, Дмитрий көп, қайсысы керек?


201
Қызыл жебе
– Оу, оқымысты Метрейді айтам. Менің досым ол. Алдыңғы 
жылы мына Талғар шыңына екеуміз шығып қайтқанбыз. Жақсы 
адам. Сондай да небір жақсылар бар-ау. Ай, адал адам еді. Алдыңғы 
түрмеде Ахат дейтін ағам арқылы хат жазғызып едім, жауап жоқ. 
Әлде мына атаңа нәлет нәзірәтел бергізбей, жасырып тығып 
қойды ма, қайдам. Басыңа күн туа қалса, хат жаз, көмектесемін, 
– деп еді. Хабар жоқ. Сонымен, Метрейді білмейтін қу болдың 
ғой. Әй, сен Петербордан емессің-ау, Ескендір.
– Ну вот, – деп Александр Бронников дәрменсіз адамдай қолын 
жайды. – Сенбесең, Приходькодан сұра, надзирательден сұра. 
Сен түрмеге бірінші қаңтарда түстің, мен түрмеге тоғызыншы 
қаңтарда түстім. Тоғызыншы қаңтарда Петербургте не болғанын 
білесің бе өзің?
– Е, қайдан білейін? Петербор тұрмақ, осы Алматыңның 
өзінде не болып жатқанын біле алмай тас інде жатқан жоқпын 
ба? – деп Рысқұл іргеге қарай сыздықтата түкірді.
– Ал, мен айтайын, тоғызыншы қаңтарды біліп қойған жөн. 
Тұрарка, сен тек аударып қоймай, бұл әңгімені өзің де жөндеп 
тыңда. Тоғызыншы қаңтар – халық аузында «Қанды жексенбі» 
аталып кетті...
Александр Бронников «Қанды жексенбіні» көз алдына 
келтіргісі келгендей тас қабырғаға қадала қарап, біраз отырды. 
Петербург жұмысшылары мен тұрғындарының Николай ІІ-ге 
жазған петициясын тас қабырғадан оқып отырғандай сынайы.
«Патша!
Біз, С.-Петербургтың жұмысшылары мен түрлі сословиедегі 
тұрғындары, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз, көтерем 
халдегі кемпір-шалдарымыз – баршамыз жиылып, саған келдік, 
Патша! Шындық пен қорғаныш іздеп келдік. Біздің сіңіріміз 
шықты, бізді адам айтқысыз азапқа салып, қанап жатыр. 
Бізді құлақ кесті құлдай көріп, қорлап, зорлап, адам қатарына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет