Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет96/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
– Сонда амал не?
– Амал – ақырын бағайық. Іс қиынға айналса – көшеміз.
– Қайда?
– Әулие-Ата жаққа.
– Ата-бабаның жерін тастап па?!
– Иә. Ата-бабаның жеріне сыйыспадық емес пе? Дайын 
болыңдар.
Алсайлар күткендей Дауылбай ауылды шаппады. Ол құрығын 
басқаша сілтеді.
Алсай ауылы болыстың шабуылына дайындалып, бесіктегі 
баласы мен белі бүгілген шал-кемпірінен басқасының бәрі 
қолдарына қару алды. Солдаттардан тартып алған қос винтовка, 
бірнеше шиті мылтық, қалғаны садақ, сойыл, шоқпар, күрек, 
кетпен, айырға дейін қолдарына алды.
Маужыраған әдемі кеш келді. Мал өрістен қайтты. Дәу-
Бабаның самалы жібектей есіп, ну теректердің жапырақтары 
жамырап, енесін іздеген жетім қозы жеке маңырап, әлсін-әлсін 
әупілдеп иттер үріп қояды.
Бүгін тарыны шымшықтан әйелдер қорыды. Тарының 
тұмсығы қызарып, басы иіліп, иісіп қалған. Құдай қаласа енді 
ертең-бүрсігүні орақ саламыз деп отырған. Тары қорыған әйелдер 
де ауылға қайтты. Қарақойынның егіні батқан күннің сәулесімен 
ойнап, алтын дариясындай құлпырып, сынаптай толықсып
шалқып жатты. Жау шымшық ұясына қонақтаған. Торғайдың 
жауы адамның жауынан әлдеқайда әділ. Күн батты, ұясына 
қонады. Тарыға өш боп жаратылған сорлы о да бір. Тек серігін 
іздеген бөдене ғана кешкі тымықта бытпылдықтап, үздігіп, үзіліп 
кете жаздап қақсайды.
Мұндай кеште қыз ұзатса жарасады, келін түсірсе жарасады. 
Шілдехана шақырса жарасады. Мұндай мүлгіген кеште ертедегі 
ерлік замандар туралы қисса тыңдар ма еді! Немесе ақсүйек 
ойнап, алтыбақан тебер ме еді! Ит те ырылдасып, жаңа сойылған 
құнан қойдың сүйегіне таласып жатса ғой. Күрпілдеп саба пісілсе 
анда-санда...
Алсай ауылында оның бірі жоқ бүгін. Қатулы қабақ, қатқыл 
үн. Тіпті жас балалары да жыламайды. Бала болуды ұмытып 


197
Қызыл жебе
кеткендей. Не иттері үрмейді. Сұңқиысып, адамдарға бір қарап, 
аулаққа бір қарап, аңтарылысып қалған.
Қап-қараңғы айсыз түн түсті. Бұлттарды қызғылтым нұрға 
малған күннің ақырғы сәулесі әдемі түстей ада болды. Жан-
жақтан таулар түксиді.
Тек шеткі қара күркеден бір кезде: «Арманда кеткен асылым-
ау, кімге де барып айтамын-ау, ойбай!» – деп булыға шыққан үн 
естілді.
Бердіқұлдың жесірі. Кісісі өлген үйде бір жеті бойы от 
жағылмас, түтін түтетілмес. Ол үйдің қаралы жандарына 
жақындары, ағайын-ауылдастары ас пісіріп апарар. Ал бүгін бір 
ғана Бердіқұлдың үйінде емес, бүкіл Алсайдың жиырма түтіні 
бірдей тұтанбады. Мына тымырайған түн кең дүниені тарылтып, 
жер-жиһанды жұтып жіберіп, көгілдір көлді, қызыл маржан 
толқыған егін-жайды, тәкаппар тауларды, жасыл аймақтарды 
көзден тасалады. Қараңғы түн. Түнде жорыққа қорқаулар 
шығады. Ал, қараңғы түнде қара күркеден жас жесірдің жоқтау 
айтып жылаған үні естілгенде қанша қорқау болса да, бұл қаралы 
ауылға ешкім шаба қоймас-ау. Ауыл қамданып, қарсы алатындай, 
Дауылбай ауылды шапқан жоқ. Тек Қарақойындағы толқып пісіп 
тұрған тарыны сол түні жылқысын қаптатып, таптады да кетті. 
Жайқалған егін орнында әр жерінде масағы бар қарақошқыл 
топырақ қана қалды.
Алсайлар жазаның әр түрін күткен. Мұны күтпеп еді. Олар 
ояу-ақ болатын. Таудан құлаған тасқын тасырды да естіп, айқасқа 
әзір тұрған. Бірақ әлгі тасқын ауылға жетпей төмен құлап еді. 
Алсай халқы Дауылбайдың сұмдығын сонда білді.
– Ой-бай, ол иттер егінге жылқы қаптатты, – деді әлгі 
тасқынның кенет бұрылып кеткен сырын ұққан Рысқұл.
– Иә, сөйтті! – деді Қорған да.
– Онан да өзімізді шапсашы.
– Аттанайық әлі де болса, – деп Рысқұл жал-құйрықсыз 
торымен Қарақойынға қарай ағып жөнелді. Басқалар да аттылы-
жаяу бәрі тары жаққа жүгірген. Бір кезде түн ішін күңіренген 
мылтық дауысы кернеп кетті. Орыс солдатының қолға түскен 


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет