Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет97/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
винтовкасынан атылған оқ дауысы аспан қақыратқан найзағай 
гүріліндей алапат шықты.
* * *
Дүниедегі әдемі әуен – күзгі жаңбырдың әуені. Олар Шақпақтан 
асқанда жып-жылы жаңбыр жауды. Көптен бері жердің тандыры 
қатып, таңдайы кеуіп, тамбай тұрған жаңбыр. Осыдан үш-төрт 
күн бұрын жауса, мүмкін су үшін сойқан соғыс болмас па еді. 
Бердіқұл сойылға жығылмас па еді.
Жоқ. Дауылбай алсайларды Қарақойыннан қалай да қуып 
шығар еді. Ол үшін айла көп. Су сөз емес. Су жетеді. Алатаудан 
ағып жатқан судың молдығында есеп жоқ. Әлдеқалай Алатаудан 
құлаған өзендер тоқтап қалса, ылдидың ындыны құрып, құм 
жамылар еді. Құм жаулаған жерлердің реңі қашып, жасыл 
жапырақ атаулы жоғалар еді. Жасыл жапырақсыз өмір не?!
Атыңнан айналайын, Асқар тау! Басындағы ақ қар – ақ сүттей 
бар. Ел емеді, жер емеді.
Тау болмаса – Ақсу қайдан шығар еді? Арыс қайдан шығар 
еді? Теріс қайдан шығар еді. Талас пен Аса қайдан шығар еді?
Шу мен Іле қайдан шығар еді...
* * *
Ел аман, жұрт тынышта шұбаған көш Шақпақ асуынан ары 
аунап түскен кезде туып-өскен Түлкібас көзден таса болды. 
Өзінен биік тау жоқ сияқты көрінетін Дәу-Баба да көрінбей қалды. 
Шақпақтың қақпасы арттарынан тарс жабылғандай болды. Енді 
қашан ол қақпа қайта ашылмақ? Енді қашан туған жер құшағын 
жаймақ? Шалдар күрсініп, әйелдер анда-санда дауыстап, аңырап-
аңырап алады. Етек-жең түрулі. Бұрынғыдай кимешектері 
шұбатылып жер сызбайды, көйлектің етегі ышқырда. Алыс 
сапарға ықшамдалған, айбынды жүріс. Тек оқтын-оқтын оқыс 
ойбай естіліп қалады. Ондайда шалдар:
– Тек! Жағың қарысып, өз басыңа көрінгір. Жылама! – дейді.
Шақпақтан құлай бере алдарынан айналасын тағы да тау 
қоршаған жасыл-сары алқап жатты.
Алатау бұ жақта бұрынғыдан да биіктей түсті. Қаратау 
керілген керегедей ұзара берді. Шақпақтан аунап түстік дегені 


199
Қызыл жебе
болмаса Түлкібастан айырмасы аз. Аспан сол аспан, таулар сол 
таулар. Шөбі де сол, суы да сол, тек келе жатқан күз сүмбіле лебі 
ерте білінеді.
– О, жарықтық Жуалы! – деді Ахат.
– Түгін тартсаң топырағынан май шығады. Әсіл топырақ. 
Нағыз егіншінің қолы ғой, жарықтық Асан қайғы айтыпты дейді: 
«Әттең, атымның сауырына сыймайсың, Жуалы, әйтпесе артып 
әкетер едім», – деп. 
– Ой, әулие-ай, а, – деді бір шал есегін тебініп қойып Ахатпен 
қатарласа беріп. – Бұл жерге де келген екен ғой әулие.
– Е, келгенде қандай. Ол кісі жүрмеген, көрмеген жер бар ма. 
Ел қамын жеген адам да. Шөбі шүйгін, суы бал, өрісі мол жер 
іздепті ғой мал баққан қазаққа.
Балапан ұшырған қарлығаштар алсайлардың көшіне ілесіп 
біраз жерге дейін ұшып барады да аң-таң қалып, аңтарылып, 
қалып қояды. Адамдардың құс құсап күзде оңтүстікке қарай 
көшпей, тура шығысқа тартқанына таң қалатын сияқты. Бұл 
қарлығаштар да бүгін-ертең көтеріліп ұшып, туған жерін қиып 
тастап оңтүстік асып кетеді. Туған жерін қимасына амалы жоқ, 
қаһарлы қыс қылышын сүйретіп әлі-ақ келеді.
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем шығар, 
құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? Бұл 
дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің?! Бәрі өтеді, 
Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, 
байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес 
еді. О да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір 
байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар... Ал Дауылбай кім 
Ескендірдің қасында. Иә, Дауылбай кетсе болыстыққа таласып 
жалаңдап отырған балалары бар емес пе? Алсай білетін 
Дауылбай балалары қазіргі болыстан қаһарлырақ болмаса, кем 
емес. Дауылбайдан бұрын оның әкесі Тәйтелі өткен. Қоқан 
ханының датқасы еді. Тәйтелінің әкесі Оңғар о да датқа болған. 
Әлде Алла тағаланың адамның пешенесіне жазу жазып қоятыны 
рас болды ма екен? Дауылбай тұқымына құдай бай болуды, әкім 
болуды, Алсай тұқымына кедей болуды, құл болуды жазып қойды 
ма екен?! Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ұрық қуалай келе 


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет