Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет48/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
келді. Күні бойы міз бақпай отырған Рысқұл тықырши бастады. 
Құлыны үйде байлаулы қалған, желіні сыздаған биедей бей-
жай. Көзге көрінбес арқаннан босаса-ақ, Тұрарына алып-ұшып 
жетпекшідей.
Қыршынның жасындай қысқа күн күңгірттене берді. Кенет 
долана ағаштың басында отырған сауысқан шық-шық ете қалды. 
Рысқұл шошып кетіп, орнынан атып тұрды. Сауысқан қалбаң 
етіп, ұша жөнелді де, қарсы беттегі қарағайлы бөктерге қарай 
парылдап бара жатты.
Ақ буалдыр арасынан, түкпірдегі тұмсық айналымнан қара 
шұбартоп бұлдырап көрінді. Рысқұлдың жүрегі дүрсілдей 
жөнелді. Мылтық ұстаған қолының селкілдегенін сезіп: «Ой, 
жігерсіз!» – деп өзіне-өзі кіжінді. Бұқпалай түсіп, сәл жүріңкіреп 
бір шоқ итмұрынның түбіне барып паналады. Қолының дірілі 
басылды. Жолаушы топтың жақындай түсуін тосты.
Маяның жылы қуысынан шыққан бетте жұқа шекпеннен суық 
өткен сияқты еді, енді тұла бойы ысып бара жатты. Қара шұбар 
топ шоғырланып таяп қалды. Мая тұсынан өткен соң жол шолтаң 
етіп, келесі тұмсықтың тасасына кіріп кетеді. Ол тұмсықтағы 
қара жартас қазір қаһарланған адам кейпіне келгендей екен. 
Бетіне қар жұқпай еріп кете берген соң, суланып, көзінен сорасы 
ағып, әжімі айғыздалып, наладан жаны күйзелген, әлденеге 
тас түйілген қалпы бар. Ол да зауал заматын тағатсыз күтіп, 
қозғалсам жауымды шошытып аламын-ау деп, тапжылмай, қалт 
қарап қалғандай.
– «Бұл менің кием шығар, – Рысқұл. – Бұл менің кием, пірім, 
қаратас...»
Қара шұбар топ жүріп емес, мұхитта жүзіп келе жатқандай 
ырғатылады. Дүние шіркін дүлей мұхит. Адамды туа салысымен 
сол мұхитқа лақтырып жібереді. Батып кетпейін десең, 
тырбануың керек.
Рысқұл айналасына барлап тұрып тағы бір қарады. Өкпеңді 
қысып, тыныс тарылтар таулар қазір көрінбейді. Дүние бозала 
шексіз кеңістік. Адамдар сыйыспайтын жөні жоқ сияқты. Орын 
көп. Аспан асты кеуек. «Аяғыңды етік қысса, дүниенің кеңдігінен 
не пайда?» – деді Рысқұл мырс етіп.


98
Қызыл жебе 
Қара шұбар топ тіптен таяп қалды: Енді бір сәттен соң мұның 
тұсына келеді. Сампылдап, қауқылдап сөйлескендеріне дейін
қарқылдап күлгендеріне дейін естілді.
Рысқұлдың тілеуі болды. Қалдықызыл ат арқан бойы алда 
келеді екен. Үстіндегі адам ұйықтап қалғандай, басы омырауына 
салбырап, ұнжырғасы түсіңкіреп кеткен. «Болыс неге пәс? – деді 
Рысқұл. – Абайсызда атқаным болмас. Кімнің қолынан өлгенін 
біліп кетсін. Қарақшы құсап қапылыста атып, қаша жөнелмеймін. 
Олар мені қазір бәрібір ұстай алмайды. Жардан шыға алмайды».
Рысқұл итмұрын бұтасының түбінен тік түрегелді. Мылтықты 
созып керді.
Қара шұбар топ тақала бергенде:
– Саймасай! – деген дауыс санқ ете қалды.
Қара шұбар топ тұмсығы тасқа тірелген кемедей кейін 
шегіншектеп барып тоқтағандай болды.
Болыс басын жұлып алып, жоғары қарады. Мая тұсында 
тұрған адам әуелі қалбайып, қарауытып көрінді де, кенет 
көзінің алды тағы қызғылтым тартып, жар қабақта Қызыл Жебе 
тұяғымен жер тарпып тұрғандай елестеді. Кенет Қызыл Жебенің 
тамағынан қан шашырап, бетіне шапшып кеткендей, Саймасай 
көзін жұмып, қолымен бет-аузын ұстай алды. Жоқ, қан жұкпаған 
екен. Бірақ жұмулы көзін ашуға қорықты. Қызыл Жебе елесін 
көрмеуге тырысты. Жалғанды жалпағынан басып келе жатқан 
айбатты адам енді мына дүниеге көзін ашып қарауға жасқанғаны 
жақсылық емес еді. Оның жанын алуға әзірейіл Қызыл Жебе 
бейнесінде келгендей көрінеді. Әлгі үрейлі үн тағы да саңқ ете 
қалды.
– Саймасай! Мен Рысқұлмын. Көкірегіме запыран сыймай 
кетті. Соның бір түйірін сенің кеудеңе түкірсем деймін. Сен 
көзінен сорасын ағызған сорлылар үшін! Сен сөлін сорған 
жарлылар үшін! Қызыл Жебенің қаны үшін!
Мылтық дауысы гүрс еткенде, әуелі қою түтіннен түк 
көрінбеді. Дәрінің исі бұрқ етті. Сәлден соң шалқалай құлаған 
болыстың бір аяғы үзеңгіден шықпай, үріккен Қалдықызылдың 
сүйреткісінде үйдей дене үлпек қарды сыпыра, артында қап-қара 
жолақ сызық қалдырып бара жатқанын көрді.


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет