Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет41/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Соған өкпелеген ортаншысы Суан күншығысты бетке алып 
көше жөнеліпті дейді. Суанды көндіріп, кері қайтармақ болып 
артынан ағасы Албан шығады. Суан көнбейді. Албан қиналады. 
Ата жұртында қалып бара жатқан кіші інісі Дулатты да қимайды, 
беймәлім сапарға кетіп бара жатқан ортаншы інісі Суанды да 
қимайды. Екеуіне де жалтақ-жалтақ қарайлайды. Суан Ілеге 
жетіп, енді суды жалдап өте бергенде, Албан айқай салды дейді:
– Суан! Суан! Артыңа бір бұрылып қарашы. Анау Дулаттың 
үстіне нұр жауып тұр, қарашы!
Суан артына бұрылып қарамай, Іленің арғы бетіне өте 
шыққан...
Содан сөйтіп, екі інінің арасында Албан қоныс тепкен. Арқасы 
– Қырғыз, алды – Арғын, Найман, шығысы – Қытай, батысы 
–Шапырашты, Дулатпен тұйықталып, Нарын, Шарын деген 
өзендері бар, көк аспанмен тілдескен заңғар-заңғар таулары бар, 
Мыңжылқы мен Қарқарадай жайлауы бар, бидайығына атты 
адам жасырынған асыл мекенді нелер ұрпақтың бесігі еткен 
албандардың бір ауылы бүгін Дулаттың Жанысынан шыққан ақ 
патшаның адал ұлы – Саймасай болысты құрметтеп күтіп жатқан.
Қарашаның суық күзі. Бірақ мұнда шөп сарғаймас, көк қурамас. 
Сондықтан да әлі жаз сияқты сезімді әлдилейді. Саймасай қар 
жауып, жол бітеліп қалады-ау деген күдіктен арылғандай, қайтуға 
асығар емес. Жап-жасыл дүние. Қар басса да сол жасыл күйінде 
кетеді. Бұл жердің өсімдігі де Нүкетай тағдырлас. Қар астында 
жап-жас күйінде қалмақ.
Нүкетай сұлу құрбыларымен қол ұстасып, Сатыны өрлеп, 
Көлсайға көтеріліп, алмас алқалы ардақты бесігімен қоштасады. 
Көлсайдың бетінен көгілдір аспан, зүмірет шыршалар, зүбәржат 
есіл дүние түгел көрінеді – болмыстан болжаусыз көрікті көрінеді.
– Қош, көріктім Көлсай! – дейді Нүкетай. – Енді сендей көл 
көре алмаспын.
– Қойшы, Нүкеш, – дейді құрбылары. – Не болды сонша?! Ол 
жақта да осындай Есік көл деген әдемі көл бар дейді ғой.
– Көлсайдай қайдан болсын, – деп күрсінеді. Нүкетай суға 
құлаған қарағай бөренесімен қалт-құлт етіп жүріп отырып, 
айдынға қарап ғажайып айнадан өз суретін көреді. Су түбінен 


84
Қызыл жебе 
балықтың төресі – ханбалық шоршып шығып, құйрығын 
бір бұлқып қалып, су бетіндегі қыз суретін қисық-қыңыр, 
ұсқынсыздандырып жібереді. Нүкетай шошиды.
Қайт кейін, құлап кетесің, – деп қыздар шуылдасады.
Төбеден шаңқ етіп қыран қалқып бара жатады. Аспан аясында, 
көл түбінде ақторғын бұлттар жүзіп жүреді. Жат жерге кетіп бара 
жатқан жас келінге әлемде жоқ ақ жаулық сыйлағысы келгендей 
аспан мен көл бір-біріне мөлдірей қарасады.
Әлдеқайдан, астыңғы тұстан әлдекімдер айқайлайды:
– Қайт, қайт! – дейді. – Болыс асығып, аттанғалы жатыр. 
Қайтыңдар.
– Табан астында не болып қалды. Әлі екі-үш күн жата 
тұратыны қайда әлгі? – деп қыздар состиысады.
Бәрі Нүкетайды ортаға алып, мұңайысып, етекке түсіп бара 
жатады...
* * *
Түнде қызыл-шымқай басқұрлар тартылған жұмыртқадай ақ 
отаудың ішінде құс мамықтың үстінде ұйықтап жатып Саймасай 
түс көрді. Түсінде Бесағаштағы Тау-Шілмембет ауылына барған 
екен. Алдынан Қызыл Жебеге мінген қаршадай бала шығып, міз 
бақпай тұрады. Саймасай қолын созады, бала мұның сәлемін 
алмайды. Кенет Қызыл Жебенің тамағынан қып-қызыл шоқ 
шашырап, болыстың бетін шыжғыра күйдіріп бара жатады. 
Өртеніп бара жатады. Өртеніп бара жатып оянып кетеді.
Көзін ашып алып, бетінен көрпені серпіп тастап, «уһ» деп 
демін алады. Сөйтсе, таудың түні салқын, «күйеу бала» жаурап 
қалмасын деп, жеңгелері түскір мұның үстіне қабат-қабат қалың 
көрпелер жауып тастапты.
Әйтсе де, болыс көңіліне күдік алып қалды. Әлгі бала Рысқұл 
иттің күшігі болды-ау, – деді, ана жолы Бесағашқа барған сапарын 
егжей-тегжей еске алып. Әсіресе Қызыл Жебені түсінде көргені 
шошытты. «Ашу үстінде ақыл тұманданып, сол дию жылқыны 
бекер қиғызып жібердім бе? Киелі неме ме?» – деп секемденді. 
«Рысқұлдың өзі емес, баласы кіргені несі түсіме?» – деп тағы 
таңданды:
Таң атқанша көзі ілінбей шықты.


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет