Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет42/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Ертеңіне сәске түсте суыт жүріп, хабаршы келіп жетті.
Саймасайды оңаша шығарып алып, үй сыртында жеке 
сөйлесті.
Саймасай еңсегей бойлы, кесек пішінді, қара сақалына 
сәл-пәл ғана қылау түскен, нұрлы жүзді, сымбатты кісі еді. 
Қазір сол қызылшырайлы бетінен қан қашып, қуқыл тартып, 
бойы шөгіңкіреп қалғандай, үйге қаяулы оралды. Ауыл иелері 
үрпиісіңкіреп:
– Жайшылық па, мырза? – деп сабырсыздана жан-жақтан 
сұрақ қойды.
Саймасай сыр бермеген болып:
– Жәй, құдай-ау, әшейін... Біздің елде бір Рысқұл дейтін 
кірме неме орыстың атын ұрлап, түрмеге түсіп еді, сол абақтыны 
тесіп қашып кетіпті. Біздің болысқа қарасты адам болған соң ояз 
мырза маған хабарлатып жатқаны ғой.
– Ей, тәйір-ай, соны да сөз деп... Ауыл-аймақ, бала-шаға 
аман болса, не қылар дейсің, – қайыната Мұқыш бай тұқшыңдап 
қойды.
– Қай Рысқұл? Тау-Шілмембеттің Рысқұлы ма? – деп 
Мұқыштың Дәулен деген жамағайыны сампылдап сұрап қалды. 
Аңқылдақ, абайламай айта салатын, аңқау кісі еді.
– Ой, бөрім-ай, патшаның түрмесін тесіп шығады, ә?! Ер ғой, 
сорлы. Ер, ер, – деп өзін-өзі құптап басын изеді.
«Рысқұлды бұлар да біледі, – деді ішінен Саймасай бетіне 
шыбын қонған адамдай тыжырынып. – Иттің әйгілісі-ай. 
Қашқанда қайда барып сияды? Өкіметтің құрығы ұзын. Қайда 
кетер дейсің».
Өзін-өзі осылай жұбатқанмен, көңіліне көлеңке түсіп, қабағы 
ашылмай қойды. Түндегі түс пен мына жайсыз хабардың 
арасынан бір байланыс іздеді. «Сол жығылғырды құрбандыққа 
бекер шалып жібердім бе», – деп бір сұңқылдақ сұрақ берекесін 
алды. Өз елінен аулақта отырып, өз тірлігін бір сәт сын көзбен 
шолып еді, айналып келіп, күнәлі өзі сияқтана берді. Осыдан елге 
барған соң Рысқұлдың ісін жаптырып, жақсылық жасамақшы да 
болды. Тау-Шілмембет ауылын көзіне көк шыбын үймелеген 
өгіздейін жауыр жарасына істік ағаш шанши бермей, біршама 


86
Қызыл жебе 
жеңілдік те жасамақ болды. «Бірақ Рысқұл оңбаған үрерге 
иті, сығарға биті жоқ, тақыр кедейлігіне қарамай, жалғанның 
тәкаппары ғой. Оның басынан гөрі, Талғардың басын ию оңай. 
Өзінен де бәле бар. Әйтпесе, әмпейлесіп, тәп-тәуір болып жүрсе, 
еті тірі ебі бар, қоңданып-ақ кетер еді... Ит мінезді болса да, аты 
шулы. Бұрынғыдай илей бермей, икемге келтіріп, мал беріп, жер 
беріп көрейін қызылкөз бәлеге».
Алпыстан асқан алпауыт болысты құдай қайырымды етемін 
десе, он жетідегі сұлу қызды айттырып, қайын жұртына жиірек 
жіберіп тұрғай. Кеудесіндегі бір кесек беріш емес, жүрек екенін 
олар сонда еске алар...
Сырттай сыр бермегенмен, Саймасай қайтуға ниет білдірді. 
Ақ патша қызметіндегі адам екенін айтты. Бұл сияқты жері сұлу, 
елі дарқан ауылда айлап жатса да лазым. Бірақ алда қызмет күтіп 
тұрғанын алға тартты.
Қайын жұрты құрметті күйеуді жөндеп күте алмай, бабын 
білмей, ренжітіп алдық па деп алаңдады.
– Тәйірі, ел аман, жұрт тыныштық, бейбіт заманда ауыл-
үйден от ала келгендей болмай, жата-жастанып, қызық көріп 
құмардан шығып қайтыңыз, мырза. Ат бәйге, көкпар, күресті 
ертеңге қаратып отырмыз. Арғы күні аттанасыздар. Асықпаңыз, 
– деп жатыр албандар. – Қалың Дулат елімен бұрын бауыр 
ажырамас туысқан едік, енді мыңжылдық құда боламыз. Ондағы 
Дулат ойлап қалар: «Албан ағамыз бізден барған құдаларын тым 
болмаса екі-үш күн күте алмағаны несі?» – деп.
Саймасай илікпеді. Ояздың оспағынан сескенді. «Елінен 
бүлікшіл шығып, әскерімізді әлекке салып, қашып жүргенде, 
болыс жас қыз айттырып жігітшілігі ұстағаны несі?» – депті. 
Қалжыңы болса да, қаһарлы сөз. Әрі десе Нүкетай сынды 
сұлуды мына қауқылдасқан көптің арасынан емес, тезірек оңаша 
отаудың, шәйі шымылдықтың ішінен көруге бек ынтызар. Нәпсі 
сезім жеңгенде, ақыл адасады.
«Толмаған он жетіге жасым, әке,
Жүруші ем күліп-ойнап, тасып, әке.
Баланың қыз да болсам, тұңғышы едім,
Сыймады-ау өз үйіме басым, әке.


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет