Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет65/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
болар. Мұның мүрдеден бір артықшылығы көздей болса да 
терезесі бар. Аспанның бір пұшпағы көрінеді. Егер қабіріңде де 
осылайша көк аспанның көздей бір кесегі көрініп тұрар болса, 
өлгеннің өкініші өте қатты бола қоймас».
Камерадан аспан көрінеді. Күндізден гөрі түн тәуір. Түнде 
аспан бұлтсыз болса, жалқы жұлдыз дірілдеп тұрады. Рысқұлдың 
камерасына кіріп жылынғысы келгендей жалынышты кейпі 
бар. «Байғұс-ау, мұнда сонау сенің аспаныңнан да суық. Басыңа 
түспеген соң білмейсің ғой», – деп сөйлесер Рысқұл онымен. 
Ұдайы бір-ақ жұлдыз тұрады. О да түн ауа бере жасырынып 
қалады.
Қапаста аспаннан басқа не көруші еді. Рас, түрме түбіндегі 
нар еменнің бір бұтағы көлбеңдеп, жасыл жапырақ көз алдайтын. 
Надзиратель камераның темір есігіндегі көздей тесіктен сығалап, 
тұтқын не істеп отыр екен, қалай отыр екен деп аңдитын. Сонда 
Рысқұлдың ылғи түрегеп тұрып терезеден көз алмай қалғанын 
байқайды. «Е, бұл не көріп тұр екен?» – деп таң қалады. Ары 
ойлап, бері ойлап, ақыры емен бұтағынан өзге ештеңе жоғын 
білген соң, надзиратель әлгі бұтақты қырықтырып тастады. 
«Енді не істер екен?» – десе, тізесін құшақтап, қатып қалған 
екен. «Өліп қалған ба?» – деп күдіктенгенше болған жоқ, тұтқын 
орнынан барысша бір-ақ атылып есікке жетті де надзирательдің 
көзіне сұқ саусағын ұсына ұмтылды. Надзиратель шошып кетіп, 
оқыс шегінгені сонша, тар дәліздің артқы қабырғасына кегжең 
еткізіп басын ұрып алды. Шүйдесін қолымен сипалап есеңгіреп 
біраз тұрды.
Камераның төбесі де, төрт қабырғасы да, тор терезесі мен 
темір есігі де тұтқынға жауыға төніп, тынысын тарылтып тұрады. 
Бірақ, Рысқұлдың ең жек көретіні темір есіктегі көздей тесік 
еді. Рысқұл азаптың небір түріне шыдап-ақ бағар, бірақ көздей 
тесік дегбірін қашырады. Тесіктен жылт-жылт аңдушы көздер 
көрінгенде шықшыты бұлт-бұлт ойнап, тісі шықырлап, әлгі ұры 
көздерді шұқып шығарып жібергісі келіп жыны қозады-ақ.
– «Бұл нәлеттер неге қарай береді? Тамаша көре ме? Жаңа 
ғана сұғын қадап кетіп еді ғой. Әлде менің мүсәпір халде 
отырғанымды көріп қуана ма екен? Оларың бола қоймас!»


132
Қызыл жебе 
Осылай деп өзіне-өзі дәт беріп, өзін өр ұстағысы келеді. Сағы 
сынбағанын білдіргісі келеді. Кейде сумаңдаған сұқ көздерді 
байқамаған болады. Бірақ адам өзін-өзі тежей бергеннің де 
жақсылығы шамалы. Ішінен тынғанның ызасы – алманың өзегіне 
түскен құрт сияқты. Сыртың бүтін, ішің түтін.
Сол түтін ішке сыймай кеткенде, Рысқұл сұқ саусағын қадап 
тесікке тұра ұмтылады.
Артынша, мұндай қызбалыққа бой бергенім қалай? – деп 
өкініп те қалады. Дұшпанға осалдығыңды білдірме дейді.
Сөйтіп, жалғыз жасыл бұтақ та ғайып болған. Надзиратель 
оны қырықтырғаны камераға күн түсірмейді деген қамқорлықтан 
емес, әрине. Қылмыскердің көзі камераның тамұқтай тас, көрдей 
қарасұр қабырғасынан басқа бояуға алданбағаны жақсы. Ал 
тұтқынның күнде жасыл жапырақты тамашалап, көз жанарын дем 
алдырып тұрғаны, надзиратель тарапынан үлкен сый болар еді. 
Ондай мырзалықтың не керегі бар? Түрменің қожайыны шамасы 
келсе аспанның көгілдір түсін сұп-сұр бояумен баттастырып қояр 
еді, амал не, оны істей алмайды. Әзір аспанға жетер саты жоқ, рас, 
кейде бұлттар көмектеседі. Бірақ ең тұнжыр бұлттың өзі түрме 
камерасының түсінен әлдеқайда ашық. Надзиратель шамасы 
келсе түнде қалтырап тұратын жалғыз жұлдызға балшық жағып 
қояр еді. Әзір оны да істей алмай жүр. Әрине, ең қызығы, жалғыз 
көзді әйнекті тарс жапқан ғой. Бірақ ол түрменің ережесіне 
жатпайды. Бір ғана амал – тор темірді неғұрлым жуанырақ қағу.
Терезенің көзін бітегенмен, көңілдің көзін қалай бітерсің. 
Адамның айтып болмас ғажап қасиеттерінің бірі – көңіл көзі 
ғой. О, онымен мың түрлі бояу көруге болады! Ол арқылы сонау 
сағым таулардың ар жағында жатқан Түлкібасты, Кемербастау 
мен Күмісбастауды көре аласың. Дәу-Бабаның сыртындағы Иірсу 
мен Ақсуды аралайсың. Мыңжылқы мен Мақпал жайлауын, Ұлар 
тауын шарлайсың. Кісінеген жылқы, шіңгірлеген құлындар, 
үйездеген биелер, маңыраған қой, мөңіреген сиыр; зауза қоңызы 
әндеткен түндер; ақсүйек ойнап алқынған қыз-бозбала, айлы 
түндегі алтыбақан; қанталап барып батқан күн; күннің батысынан 
шығысына дейін қызғылтым бояуға малынған бұлттар; шығар 
күннің шаншыла шашыраған сәулесі, ақбас таулардың алаулаған 


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет