144
Қызыл жебе
Аламан-тасыр ашумен келген бойда тоғанды тас-талқанын
шығарып бұзып, суды жығып алмақшы болды. Бірақ түн
жамылып ұрлық қылған кісі құсамай бұл иттерге мен көрсетіп
тұрып істейін істейтінімді деген оймен:
– Қайсың бар-ай! Суды байлаған қайсың? Шық бері! – деп
айқай салды.
Өз дауысының жаңғырығы басылып болған соң тұра қалып,
төңірекке құлақ тосты. Әуелі өзі жүрегінің
шапқан аттай
тарсылын есітті. Сылдырап, құлақ-құлаққа түсіп, топыраққа
сіңіп жатқан су сыбдырын есітті. Дәу-Бабаның арғы қойнауынан
құлама судың сарқырамасын есітті. Тағы да байғыз сұңқ ете
қалды. Содан
кейін барып дәл табан астынан, қара жердің
қойнынан ыңырсыған адам дауысы естілгендей болды. Әлде
адам емес, қара жердің өзі ыңырсып жатқандай да еді-ау. Кейде
ойлап тұрсаңыз, жердің де жаны бар сияқты.
Болар-болмас ыңырсыған, өлімші дауыс тағы шықты.
Қарсы алдындағы қарат отаннан шыққандай болды. Жүгіріп
барып,
еңкейіп қарап еді, жүрегі тас төбесінен шыға жаздады,
шымдардың арасынан адамның басы шығып жатыр екен. Рысқұл
ә дегенде шалқасынан түсе жаздап, үрейі ұшып кетті де, өзін-өзі
билеп, жүрегі дауалап, әлгі басқа қайта үңілді.
– О, соры қайнап, сорпасы төгілген бейшара Бердіқұл!
– Өлтірді ғой мені мына иттер, – деп сыбырлады Бердіқұл.
Рысқұл жан дәрменде қос қолымен шымды қопарып, кісінің
белінен келетін биік тоғанды әрең бұзып, астынан ағасын суырып
алды. Ағасы қатты ыңырсып, қозғалуға шамасы келмеді. Рысқұл
оны арықтың
жағасына жатқызып салып, үсті-басын сипалап
көріп жатыр. Тоғаны бұзылған таудың суы шымдарды сеңдей
қақпақылдап, Сәліктер жаққа қан аралас ойқастап ала жөнелген.
Рысқұл ағасының аузы-басын қарауыта тұтып қалған иә қан
екенін, иә балшық екенін ажырата алмай, жеңімен әрі-бері сүрте
берді.
– Құдай-ау, кім сені мұндай халге ұшыратқан? Кім, ойбай,
қолында өлейін, әуелі жамбасыма ала жығылайын. Кім,
айтсаңшы?